Гаметаларды ұрықтандыруға арналған физиологиялық жағдайлар

Жаңа ағза жаратылу үшін керекті жағдайлар – жұмыртқа жасұшасы және сперматазоид қосылып, ата-ананың нәсілдік қасиеттерін біріктіріп алу. Гаметалардың ұрықтануы ұрғашы жануарлардың жыныс мүшелерінде өтеді, фаллопий түтігінің ампуласында. Ұрықтану физиологиялық жағдайлар – олар:

1) жыныс акті – сперматазоидтер ұрғашының жыныс мүшелеріне түсу үшін;

2) сперматазоидтердің қозғалыс жігерлігі – сперматазоидтер фаллопий түтігінің ампуласына жету үшін;

3) сперматазоидтерді іріктеу – биологиялық толық төл алу үшін;

4) ұрғашының гормоналдық мүмкіншілігі – ұрықтануға жарамдығын анықтау үшін.

Гаметалардың ұрықтану жеріне жылжу.Овуляциядан өткен жұмыртқа жасұшасы іштің ішінде бос күйінде жатады. Жұмыртқа жасұшасы ұрықтанатын жеріне жылжу үшін келесі жағдайлар болу керек:

1. Фолликулярлық жасұшалармен қапталған жұмыртқа жасұшалардың фаллопий түтігінің кірпікшелерімен қарым қатнасуы. Овуляция кезінде кірпікшелердің жігерлігі стероидтық гормондармен реттеледі.

2. Фаллопий түтігінің воронкасына жылжығанда ана бездер қозғалып туру керек.

3. Жұмыртқаларды жұргізетін түтіктердің былшық етті қабыршығы иреленіп қысқартылып туру керек.

Жұмыртқа жасұшасы ұрақтанатын жерге бір неше минуттан кейін жетеді, мысалы, мысықтарда және үй қояндарда 6-15 минутта, шошқаларда – 45 минутта. Осы кезеңде жұмыртқа жасұшаның қабыршығы ыдырап жасұша ұрықтануға дайын болады.

Жануарларда жыныс актінде сперма сарпайға (үй қояндар, күйіс қайтаратындар, маймылдар) және жатырдың ішіне (шошқалар, иттер, тышқандар) түседі. Жыныс актінде еркек малдан бөлініп шығатын суйықтықты эякулят деп атайды. Эякуляция кезеңінде бөлініп шығатын сперманың құрамында сперматазоидтер, жыныс бездердің секреттері болады.

Ұрғашылардың жыныс мүшелерінен жылжығанда сперматазоидтер бір неше кедергілермен кездеседі, сондықтан олардың жылжу белснділігі төмендейді.

Бірінші кедергі – сарпайдың бактерицидтық қасиеттері бар табиғи қышқылдығы. Жыныс актінің басынан 5-10 сек. өткенде қышқылдық 4,3 бастап 7,2 дейін жетеді. 30 минутта сарпайдың түтігінен сперматазоидтер 1,5-4 мм/сек жылдамдығымен өтеді (сперматазоидтердің тез жылжу фазасы).

Ақырын жылжу фазасында сперматазоидтер малту қозғалыспен жатырдың мойын жағына өтеді. Осы жерде кілегейлі суйықтық бар, сондықтан сперматазоидтердің көбісі отырып қалады.

Үшінші кедергі – фаллопий түтікшелеріне кіретін жер. Осы жерде сперматазоидтер өздерінің белседілігі арқылы, жатыр түтігінің былшық еттерінің қысқару көмегімен, суйықтықтың ағынымен жылжиды.

Сперматазоидтердің ұрықтандыру мүмкіншілігі 24-48 сағат, қозғалуға мүмкіншілігі 4 тәүлікке дейін сақталады.

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2865;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.