Гаметалар in vivo ұрықтану

Гаметалар ұрықтану – сперматазоид және жұмыртқа жасұшасы қосылып, кариогамия жаратылып, зиготаның көмегімен жаңа ағза жаратылу үдіріс.

Ұрықтануда үш кезең айырады: гаметалар жақындау, белсендену және кариогамия.

1. Гаметалар жақындау. Сперматазоидтың жұмыртқаға жақындауы келесі себепкер шарттардың көмегімен өтеді: ұрықтануға дайындық, сперматазоидтердің саны ұрғашылардың жыныс жасұшаларымен салыстырғанда көп болу, жұмыртқа жасұшаның мөлшері үлкен болу. Жұмыртқа жасұшалары және сперматазоидтерұрықтануға керекті гамондарды жаратады. Гамондар – химиялық заттар, гаметалардың жақындап қатнасуына көмектесетін. Гамондардың екі түрі болады: гиногамондар – жұмыртқа жасұшаның гамондары, андрогамондар – сперматазоидтердің гамондары.

Ұрғашылардың жыныс жолдары сперматазоидтердің ұрықтандыру күштерін белсендетеді (фаллопий түтіктерінің, жатырдың, сарпайдың секреттерінің көмегімен). Осы реакцияны капацитация деп атайды.

Сперматазоидтің ұрықтандыру қабілеті оның жұмыртқа жасұшаның қабыршығынан өтіп кететін мүмкіншілігімен белгіленеді. Сперматазоид сәүлелі жүзіктің жасұшаларынан және zone pellucidтен өтіп жұмыртқа жасұшаның плазматикалық қабыршығымен қарым қатынасқа кіреді. Ұрықтандыру үшін сперматазоид акросомдық реакциядан өту керек, ал осы реакция өту үшін капацитация керек.

Капацитация кезінде сперматазоидте ақуыздың құрамындағы заттары өзгеріп, акросомалдық реакцияда ерітетін ферменттер көп шығарылады; қозғалыс белсенділік көтеріледі (гипербелсенділу).

2. Жұмыртқа жасұшаның белсенділуі. Жұмыртқа жасұшаның белсенділуі акросомдық реакцияның төртінші кезеңінен басталады. Сол кезде сперматазоид жұмыртқаның сыртына тиеді. Белсенділуден кейін басталатын өзгерістер алғашқы, екінші, үшінші түрлеріне бөлінеді.

Алғашқы өзгерістер. Сперматазоидтің қабыршығы жұмыртқа жасұшаның қабыршығына еңгізілгенде, жұмыртқа жасұшаның ішіне натрий иондары кіре бастайды. Жұмыртқа жасұшаның қабыршықты потенциалы терістен (-60 - -28 мВ) оңға (+10 - +8 мВ) ауысады. Осындай жағдай 20 минут ұсталып, қабыршық «ағынды» болып, полиспермия жағдайға қарсы кедергілер тұдырылады.

Екінші өзгерістер. Белсенділік үдіріс басталып 10 секунд өткеннен кейін жұмыртқа жасұшаның цитоплазмасында жасұша ішіндегі қордан кальций иондары босатылып шыға бастайды.

Кальций босатылу белсенділікті тездетеді. 60 секундтан кейін кальций иондарының шоғырлығы төмендеп алғашкы деңгейіне жетіп кортикалды түйіршіктердің экзоцистозы басталады.

Осы реакциялардың қортындысында 1 минут аралықта ұрықтандыру қабыршығы жаратылып цитоплазманың үстінен бөлінеді. Осы кезде жаратылған құыс суйықтығымен бірге превителлиндік кеңістік деп аталады.

Осыдан басқа жасұша ішіндегі рН 6,6 дан 7,2 дейін көтеріледі. Н иондары бөлініп шығып натрий иондары жойылады. Осы өзгерістерде екі физиологиялық үдірістер қамтамасыз етіледі: біріншіден, жұмыртқа жасұшасына басқа сперматазоидтер кіре алмайды және, екіншіден, ұрықтың дамуының бірінші кезеңдері басталады.

Үшінші өзгерістер. Жұмыртқа жасұшасынан цитостатикалық ақуыз бөлініп шығып, мейоз басталады. Жұмыртқа жасұшасында хромосомалар екі топқа айырылып, бір топ полярлы денеге өтіп, екінші топ жұмыртқада қалып, ұрғашы пронуклеус жаратады. Екінші полярлы дененің бөлініп шығуы мейоз фазасын аяқтайды.

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2697;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.