Рғашы-донорлардың суперовуляциясы
Суперовуляция – экзогормондардың көмегімен бір жыныс циклда ана бездің қосымша фолликулаларының өсүін және дамуын ынталандыру. Бір циклда қосымша овуляцияның саны осы жағдайда 0 – 45 болады. Ағза өзінің ішіне кірген гормонға оң және теріс реакциямен жауап береді.
Ана бездердің оң реакциясында овуляциялардың саны 3 – 45 болады. Теріс реакцияда ана бездің реакциясы келесі болады:
1. Овуляция болмайды.
2. Ана бездерде өзгерістер болады (мысалы, ісіктер пайда болады).
Фолликулалар ағзаға гонадотропин гормоны еңгізілгенде 4-5 күннен кейін пісіп жетеді. Ауылшаруашылық жануарлардан гормондарға жақсы жауап береді сиырлар, қойлар, шошқалар; жылқылардың гормондарға жауап берүі күрделі.
Малшаруашылықта суперовуляция әдісінің жетістіктері:
1. Генотиптері бағалы жануарлардың фолликулаларының қосымша сандарының өсүін және пісіп жетүін қолдану.
2. Суперовуляциялық фолликулогенездің көмегімен, біріншіден - ұрғашы-донорларды ұрықтандырғанда бағалы зиготаларды алуға болады, екіншіден, - жануарлардың бағалы генотиптерін тездетіп көбейту үшін ұрықтарды транспланттау әдістерімен қолдануға болады.
3. Жануарлардың ұрғашыларының репродуктивтық қасиеттерін фолликулогенез, оогенез, ұрықтану көмегімен ашып зерттеу.
Суперовуляция әдісінің кемшіліктері:
1. Ана бездердің реакциясы белгісіз, неге десек жануарлардың ұрғашыларына гонадотропиндердің бір кестесі және өлшемі әр түрлі әсер береді.
2. Гонадотропиндердің жиі қолдануы көбейту физиологиясына зиян әкелу мүмкін.
Суперовуляцияда қолданатын препараттар. Препараттарды үш топқа бөлүге болады:
1. Фолликула ынталандыру қасиеттері бар. Осы препараттар фолликулалардың қосымша сандарының өсүін және дамуын ынталандырады. Олар – жүкті жылқылардың сары суының гонадотропины (ГСЖК), фолликул ынталандыратын гормонның гипофизарлық препараттары (ФСГ) және адамның менопаузалық гонадотропины (аМГ).
2. Ана бездің фолликулаларының овуляциясын және эструс қоздыратын. Олар простогландиндер, прогестагендер, адамның хориондық гонадотропины, гипофизарлық лютеиндық гормон (ЛГ). Осы препараттарды қоздырылу басталмай, піскен фолликулалар болған уақытта кіргізеді.
3. Бірінші және екінші топтардың препараттарының жұмыстарын жақсартатын препараттар. Олар витаминдер, жануарлардың репродукция қасиеттерін жақсартатын.
Суперовуляция қоздыратын әдістер. Қолданылатын фармакологиялық гормоналдық препараттарға байланысты бір неше овуляцияларды қоздыратын үш әдіс айырады:
1) Сарпайдың ішіне пессарий салу (пессарий – прогестагендернің этанолдық немесе пропилен-гликольдық ерітінділері, губкаға сіңдірілген).
2) Инъекция жасау (тамырға, бұлшық етке, тері астына).
3) Пессарий және инъекциямен бірге қолдану.
Ақырғы уақытта гонадотропиндерді жатырдың ішіне инъекция жасау әдістермен қолданады. Осы инъекцияның басқа инъекциялардан айырмашылығы: бірінші, препараттың мөлшері 20-30 пайызға азаяды, екінші, ооциттердің шығу саны көбейеді.
Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2348;