Күйіт синхронизациясы
Күйіт синхронизациясы – бір топ ұрғашыларға бір уақытта күйіт тұдыру үшін гормондармен әсер ету. Донорлардың және реципиенттердің арасында жыныс циклдарының синхронизациясын жасанды және табиғи жолдарымен қозыруға болады.
Табиғи синхронизацияда донордың және реципиенттердің жыныс циклдары табиғи сәйкес келеді. Осы жағдайда күйітшілермен қолданады. Олар күйтте болған донорларды және реципиенттерді табады.
Жасанды синхронизацияда жыныс циклының синхронизациясында реципиенттерге гормондармен әсер етеді. Әр бір донорға 3–5(7) реципиеттерді дайындайды.
Синхронизацияны екі әдіспен өткізүге болады:
1) сары денені алып тастау;
2) сары дененің фазасын ұзарту.
Синхронизацияны қоздыру үшін прогестерон салып сары дененің фазасын ұзартады немесе простагландиндерді (энзапрост, лютализ, прозельвин және т.б.) салып сары денені өлтіреді.
Простагландинді булшық етке 5 гр уколмен салғанда сиырлардың қанындағы прогестеронның концентрациясы 12 сағатта төмендейді, 72 сағаттан кейін күйіт басталады, 95 сағатта овуляция басталады. Гормонның ерекшелігі – биологиялық әсері сары дененің активтық фазасында (сиырларда жыныс циклының 8-13 күнінде, шошқаларда – 11-12 күнінде) жұмыс істейді. Препаратты екі рет салады. Күн аралығы сиырларда 10-12 күн. Екінші инъекция жасалып 48-96 сағат өткеннен кейін күйіт укол салынған 60-95 пайыз жануарларда басталады, жасанды күйіт басталып 24 сағаттан сон овуляция басталады. Қойларда препарат салу аралығы 8-9 күн. Лютеолиз тез өтіп күйіт жануарларда 72 сағат өткеннен кейін басталады.
Донор және реципиент арасындағы синхронизация прогестаген көмегімен бір неше әдістермен өткізіледі. Әдістердің бірі – сарпайлық пессарийлермен қолдану. Прогестегендерді губкалардың көмегімен сарпайдың ішіне кіргізеді. Осы губкаларды прогестагены бар маймен сіңдіреді (кронолон 30-45 мг қойларға, 50-70 – сиырларға), сарпайға терең кіргізіп, сонда сиырларда 18-20 күнге, қойларда 10-16 күнге қалдырады. Губканы алғаннан кейін ГСЖК инъекциясын жасайды: сиырларға - 750-1500МГ; қойларға – 350-700МГ. Күйіт белгілері сиырлармен қойларда 24-72 сағатта басталады.
Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2447;