Рғашы-донорларды ұрықтандыру

Донорларды ұрықтандыру екі әдісі бар: табиғи және жасанды.

Табиғи ұрықтандыруда зерттеүші ата-ана параларын іріктеп, таңдап коитусқа (жыныс актіне) дайындайды.

Жасанды ұрықтандыруда сперманы донордың жыныс жолдарына әдейленген құралдармен кіргізеді.

Тәжірибеде ұрықтарды транспланттағанда ұсақ зертханалық және ауылшаруашылық жануарларға табиғи ұрықтандыруды, ірі жануарларға – жасанды ұрықтандыруды қолданады.

Жасанды ұрықтандыруда қолданылатын эякулятта сперматазоидтердің саны көп болады. Жасанды ұрықтандыру әдісінде келесі технологиялар болады:сперманы алу, бағалау, көлемін көбейтіп сақтау және ұрықтандыру.

Жасаушылардан ұрықты жасанды сарпайдың көмегімен алады. Алынған эякулятты зерттейді. Жасаушылардан алынған эякуляттың көлемі 4-8 мл болады. Ұрықтандыруға 0,25-1,0 мл жеткілікті, сондықтан алынған ұрықтың көлемін көбейтіп суықтықта ұрықтардың санын азайту керек. Осы операцияға глюкоза-цитрат-жұмыртқаның сарысы бар (ГЦЖ) немесе сүт-жұмыртқаның сарысы бар (МЖ) қоректік орталармен қолданады. Жұмыстарды 2-5 градуста өткізеді. Кейіннен 30-35 градус температурада мензуркада ұрықтың көлемін 10-20-50 рет және одан да көп көбейтеді. Көбейтіп ұрықты 5 градуска дейін суытады (ұрықтардың қозғалыстарын азайту үшін). Суытылған ұрық 3 күн қолдануға келеді.

Суперовуляциядан өткен ұрғашы- донорларды ұрықтандырғанда олардың ағзаларында өтетін физиологиялық өзгерістерді есепке алуға керек:

1) ана бездің фолликулаларының даму және өсу сандары өте көп;

2) фолликулалардың және ооциттердің өсу және даму темптері тездетіледі;

3) жыныс уақыты узарады.

Сондықтан осы донорларды ұрықтандырғанда керек:

бірінші, ұрықтандыруды 2-3 рет 10-12 сағат аралықпен өткізеді,

екінші, жасанды ұрықтандырумен қолданғанда, ұрықтардың мөлшердерін екіге көбейту керек.

 

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2613;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.