Суперовуляциядан өткен донорлардан ұрықтарды алу
Донорлардың репродукция мүшелерінен жуылып алынған ұрықтарды биотехнологиялық материал (биоматериал) деп атайды. Биоматериалда келесі ерекшеліктер бар:
1. Биоматериалдың суйық негізі – қоректік орта.
2. Қасиеттеріне байланысты биоматериал әр-түрлі болады.
3. Биоматериалдың құрамы ұрықтарды жуып алу уақытына байланысты:
Хирургиялық әдісте ұрықтар донорлардың ұрықтануынан бір-екі күн өткеннен кейін жуылып алынады. Сол кезде биоматериалдың құрамында болады:1) биологиялық толық ұрықтар; 2) биологиялық толық емес ұрықтар; 3) ұрықтандырылмаған ооциттер; 4) сперматазоидтер.
Хирургиялық емес әдісте ұрықтарды донорлардың ұрықтануынан 5-7 күн өткеннен кейін жуып алады. Биоматериал құрамында болады: 1) биологиялық толық ұрықтар; 2) биологиялық толық емес ұрықтар.
Жуылып алынған биоматериал зерттеліп сараптаудан өтеді. Биоматериалды зерттегенде үрықтарды және ооциттерді қарастырады. Биоматериал зерттеу кезектері келесі:
1) алынған ұрықтардың және ұрықтандырылмаған ооциттердің жалпы санын анықтайды, пайызды сәйкестігін есептейді;
2) ұрықтардың жалпы санынан (100 пайыз) биологиялық толық (пайыз) және биологиялық толық емес (пайыз) ұрықтарды санайды;
3) толық және толық емес ұрықтардың даму кезеңін анықтайды;
4) алынған мәліметтерді санды биология әдістерімен сараптайды;
5) биологиялық толық емес ұрықтар алыну факторларын анықтайды;
6) суперовуляциялық ооциттердің, алынған биоматериалдың, алынған биологиялық толық ұрықтардың қарым қатынасуын зерттеу.
Биоматериалдың зерттеүіне қойылған талаптар:
1. Жуылып алынғаннан кейін биоматериал 15-20 минутта зерттелу керек. Зерттеүді кешіктірүге болмайды.
2. Оң және соң жұмыртқа түтіктерінің биоматериалы бөлек зерттеледі
Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 1886;