Химералық жануарлар

Химера – бір неше эмбриондардың бластомераларының қосылу үдірістерінен шыққан жануарлар. Химералар екі немесе одан да көп ұрықтануға дайын тұрған эмбриондардың бластомераларының қосылуымен алынады. Жұмыстар өткізгенде генетикалық жыныс анықталмайды, сондықтан жыныс хромосомаларына сәйкес мозаикалар жаратылады (ХХ+ХХ, ХХ+ХУ). Генетикалық мозаикалардың ішінде фенотиптік еркектер көп болады. Гонадалардың дамуы басталған кезде ХУ-хромосомалардың 30 пайыз саны гонададан тестикул дамығанға жеткілікті. ХХ және ХУ хромосомды жасұшалар бір бірімен араласқан кезде химералық гонадалар тестикул бағытында дамиды. Ал химералық эмбрионар дамығанда ХХ және ХУ бластомералар бір біріне жақын болмаса, олардың қасында ана безге сәйкес гистогенез жаратылып, гермафродиттық даму басталады. Тышқандарда бір жағында ана без, бір жағында ұрық без дамыған жағдайлар бар.

Химералық жануарлар алу жолдары З. Макзарен және Н. Доурин жұмыстарында жазылған.

Химералар жасағанда екі әдіспен қолданады: 1) агрегациялық - бір ұрыққа әр түрлі генотипті екі немесе одан да көп бластомераларды қосу; 2) инъекциялық - бластоцистаның ішіне басқа ұрықтан алынған бластомераны кіргізу.

Агрегациялық әдіс. 8-12 бластомералық кезеңдегі әр түрлі генотипті ұрықтарды алады. Әдістеме келесі процедуралардан тұрады:

2. 8-12 бластомералық кезеңдегі ұрықтарды ұрғашы-донорлардың жыныс жолдарынан алу. Әр түрлі генотипті ұрықтарды алып, оларды 1 мл М16+БСА ортасынмен жуады.

3. Бас жақта көрсетілген әдіске сәйкес пеллюцид зонасын алу.

4. М16+БСА микротамшыға салып екі ұрықты біріктіреді және 37 градуста культивирлейді. Культивирлеген күні ұрықтарды пипетка көмегімен 2-3 рет агрегация өту үшін бір біріне жақындатады. Ұрықтар 24-48 сағат агрегация аяқталу үшін (бластоциста жаратылғанға дейін) инкубацияда болады.

5. Химералық ұрықтарды ұрғашы-реципиенттердің жыныс жолдарына транспланттайды.

Инъекциялық әдіс. Бластоциста кезеңіндегі ұрықтармен қолданады. Әдістеме келесі процедуралардан тұрады:

1. Ұрғашы-донорлардың жыныс жолдарынан әр түрлі бластоциста кезеңіндегі ұрықтарды алу. Әр түрлі генотипті ұрықтарды 1 мл М16+БСА ортасымен жуады.

2. Пеллюцид зонасын проназамен алу.

3. In vitro культивирлеу (37 градуста 1 сағат).

4. Ұрық-донордан бөлініп алынған бластомераларды ұрық-реципиентке инъекциялайды.

5. Химералық ұрықты 12 сағат in vitro культивирлеу.

6. Химералық ұрықты ұрғашы-реципиенттің жыныс жолына салу.

Сонымен, химералық жануарлар алғанда жасұшалардың гибридизациясы болмайды. Химералық жануарлар ұрпақтарға генетикалық мозаика қасиеттерін бермейді.

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 4209;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.