Дәрілерді өсімдіктер және жануарлар дүниесінен дайындау

Өсімдік шикізаттарынан дайындалатын дәрілер ерекшеліктері мынада:

Эссенциялар мен тинктуралар препараттар дайындауға керекті, әр кезде жиналған балауса және кептірілген өсімдік бөлшектерінен дайындалады.

1) Жемістер мен тұқымдар, егер көктей жинауға нұсқау болмаса, олар толық пісіп-жетілген кездері - жазда немесе күзде жиналады.

2) Ағаштар өзегі ерте көктемде, ағаш бүршіктері ашылмай тұрған кезде жиналады.

3) Шөптер, әрқайсысына көрсетілген уақытта, ең төменгі түбірге жақын жапырақтарының үстінен кесіп жиналады.

4) Ағаштар қабығын, бұтақтарды және жер үсті тамырларын жинау:

а) шайырлы ағаштар мен тал-шіліктерден - бүршіктері ашылғанда немесе жапырақтана бастағанда;

б) шайырлы емес ағаштар мен тал-шіліктерден – күзде, өсімдіктер тіршілігі тыныстағанда;

5) Тамырлар, құжаттарда көрсетілген уақытта қазып алынады, егер ондай нұсқау болмаса, онда:

а) біржылдық өсімдіктер тамырлары тұқымдары пісер алдында қазып алынады;

б) екі жылдық өсімдіктер тамырлары – екінші жылы көктемде;

в) көпжылдық өсімдіктер тамырлары – күзде;

6) Ағаштар мен тал-шілік жас бұтақтары бірінші жылы жиналады.

7) Өсімдік толық пайдаланған шақта, өсімдік жер үсті және жер асты бөлшектері толық жиналады.

Әрбір өсімдікті сипаттаған мәтінде өсімдіктің қай бөлшегі дәріні дайындауға қолданатындығы көрсетіледі.Егер мәтінде «барлық өсімдік» деп көрсетілсе, онда өсімдіктің жер үсті және жер асты бөлшектері толық пайдаланылады.

Өсімдіктер дүниесінен дайындалатын барлық дәрілер төменде көрсетілген, жеке параграфта көрсетілген ережелер бойынша дайындалады. Әр өсімдікті сипаттаған кезде, одан дайындалатын эссенция қай параграф ережесі бойынша дайындалатыны көрсетіледі.

Бірінші 3 параграф бойынша эссенциялар тек балауса өсімдіктерден дайындалады, бұл ретте сығылып шығарылған шырын, пайдаланылған өсімдік түріне байланысты, спирттің әршамалы мөлшерімен араластырылады.

 

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1419;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.