А. ГОМЕОПАТИЯЛЫҚ ФАРМАЦИЯ
Ганеман өзіне тән емдеу әдісімен қатар, науқасты емдеуге арналған дәрілерді арнаулы дайындау әдісін құрды. Ол фармацияға балауса өсімдіктер мен олардың құрамдарынан дайындалған дәрілік құралдар кіргізді. Бүгінгі гомеопатия Ганеман және оның ізбасарларының ілімін жалғастыруымен қатар, бүгінгі күннің жетістіктерін де пайдаланады.
Гомеопатиялық дәрілер өсімдіктерден, кейбір фауна өкілдерінен, минералды заттардан және химиялық қосылыстардан дайындалады. Гомеопатиялық дәріханаларда әртүрлі дәрілік заттардан эссенциялар, тұрындылар, дәрілік заттың белгілі бір мөлшері бар ерітінділер немесе сылауға арналған ерітінділер дайындалып, арнаулы ережелер бойынша сұйылтылады. Бұл іс-әрекеттер орындалуы үшін әртүрлі нұсқаулықтар талаптары сақталынады. Фармацевтің негізгі міндеті - сол нұсқаулықтар талаптарын мұқият сақтай отырып, дәрілік заттардың нәзік сұйылтуларының әсерлігін сақтау. Таза гомеопатиялық ерекшеліктері бар фармацевтикалық және химиялық препараттар үшін Д-р Вильмар Швабе-нің «Руководство по изготовлению гомеопатических лекарств» фармакопея роліндегі әдебиетте оригиналды нұсқаулар келтірілген.
Бұл әдебиетте Мемлекеттік фармакопеяға кірген химиялық және фармацевтикалық зауыт – фабрикаларда алынған химиялық препараттар үшін оларды дайындау әдістері берілмеген.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1635;