Балауса өсімдіктер препараттары

 

Гомеопатиялық гален препараттары мен сұйық дәрілік қалыптарын масса көлемдік емес, тек салмақтық концентрация бойынша дайындайды. Балауса өсімдік шырыны мен 90% этил спирті қоспасын гомеопаттар эссенция деп атайды.

Эссенциялар 60% шырын беретін балауса өсімдіктерден дайындалады. Бұл мақсатта, ұсақ ұнтақталып, ботқа түріне айналдырған өсімдікті немесе олардың бөлшектерін орамалға немесе матадан істелінген қапшыққа салып пресспен сығады. Алынған шырынды оған массасы тең 90% этил спиртімен араластырып, екпінді шайқайды, содан кейін 8 тәулік бойы тұндырып сүзіп алады. Осылай дайындалған эссенция өте мөлдір болуы керек.

Егер өсімдік шайырлар, майлар және 60% кем шырын берсе, эссенцияны есептелінген шырынның 1 бөлігіне 2 бөлік 90% этил спиртін қосып дайындайды.

Тұндырмалар. Кептірілген өсімдіктер шикізатынан немесе жаңа сойылған жануарлар ұлпасынан алынады.

Перколяция әдісі.

1.Кептірілген өсімдік шикізатының ұнтақталған 1 бөлшегін құбырда этил спиртінің (5 бөлшегімен араластырып, жақсы тығындап.) жиі шайқап 2 тәулік бойы тұндырады. Содан кейін бар массаны перколяторға көшіріп, жылдамдығы 20 тамшы / мин. перколирлейді.

2.Мацерация әдісі. 1 бөлшек ұсақталынған шикізатты 10 бөлшек этил спиртімен малшындырып, күнделікті шайқап отырып, 16°С температурада 8 тәулікке қалдырады. Содан кейін сұйықты құйып алып, қалғанын пресспен сығындайды, сұйықтарды қосып 8 тәулікке қалдырып, сүзеді.

Сонымен қатар, тұндырмаларды 2 бөлшек эссенциямен 8 бөлшек 45% этил спиртін, 3 бөлшек эссенцияға 7 бөлшек 60% этил спиртін араластырып та алады.

Тұндырмалардың әртүрлі мөлшерімен 70% этил спиртін араластырып тәннің сыртына қолданылатын спиртті ерітінділер алады.

Аллопатиялық, халықтық және гомеопатиялық медицинада кең қолданылатын пияздан §1 бойынша дайындалатын эссенция технологиясы:

                   
 
Шырыны 60 % және одан көп балауса шөп
 
90% этил спиртін дайындау
 
   
Шикізатты ұсақтау
 
   
Шырынды сығындау
 
   
Шырын мен спирттің тең мөлшерін араластыру
 
   
8 тәулік тұндыру
 
   
 
   
Сапасын бақылау  
 
Тұтынуға дайындау

 

 

 


Сызба №1. Эссенция технологиясының алгоритмі

Пияз басын сырт қабығынан тазалайды, ұсақтайды (пышақ немесе пластмассалы ысқылағыш), матаға орап пресс арқылы сығады. Алынған пияз шырынын тарирленген шыны ыдысқа құйып өлшейді, үстіне 90% этил спиртінің шырын салмағына тең мөлшерін қосады. Қосындыны 16 -17°С температурада 8 тәулік бойы тұндырады, содан кейін тыңғылықты сүзеді, сапасының нормативті талаптарға сәйкестігін анықтайды. Дайын эссенцияны жапсырмамен безендіреді:

 

 

Es Allium (Ø) Күні Сериясы Талдауы Қолы

 

Жоғарыда көрсетілген әдіс бойынша эссенциялар дайындалатын шикізаттар №3 кестеде келтірілген.

 

Кесте №3

Гомеопатия тәжірибесіндегі өсімдік шикізаттары мен қолданылуы.

 

Дәрілік өсімдік шикізаты   Қолданысқа арналған өсімдік Өсімдіктің қолданылатын бөлігі (эссенциядағы шырын мөлшері) Қолдан-ыстағы сұйылту Қолданылуы
Аконит (Aconitum) Уқорғасын Өсімдіктің барлық бөлігі, жас тамыр және тамыр жемісі (1:2) Х1, Х3 және жоғары Қан айналымы- ның қызметі бұзылғанда, параличте, парезде және басқа жағдайларда -сырт денеге
Тыржақгүл (Calendula) Тыржақгүл Өсімдік гүлден-ген кезде - түгел не тек гүл шоқтары Ø және ↑ Әр түрлі тері және шырышты қабаттарының зақымдануында дене сыртына қолданады
Хамомилла (Chamomilla) Дәрілік түймедақ Барлық жаңа гүлдеген өсімдіктер (1:3) Х3, 3 Диспепсия, асқазан неврозы және т.б.
Хелидонум (Chelidonium) Чистотел Жаңа тамыры (1:3)   Бауыр ауруы
Рус токсикодендрон (Rhus toxicodendron) Улы сумах Балауса жапырағы (1:2) Х 3және жоғары Ревматизм, ревмакардит, экзема – тері созылмалы жарақаты және т. б.

 

§1 бойынша эссенциялар дайындалатын шикізаттар








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1795;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.