Гомеопатиялық дәрілік қалыптардың жазбалары
Гомеопатиялық жазбалар толтыру үлгісі өзінше - "Rp:" деген нұсқау жоқ; препарат аты латын тілінде атау септігінде көрсетіледі; дәрілік заттың концентрациясы (сұйытылу дәрежесі), препарат көлемі (мөлшері) көрсетілмейді, дәрілік қалып көрсетіледі, бастапқы эссенция және тұндырманы ортасы сызылған шеңбермен Ø (фита) белгілейді.
Науқасқа бір жазбада бірнеше дәрілік қалып тағайындалуы көрсетілсе, әрқайсысының алдында, оларды қабылдау ретін көрсететін, араб цифрымен белгіленетін номерлері қойылады. Содан кейін дәрілік қалып немесе препарат түрі (дилюция, тритурация, гранульдер, жақпа май т.б.), жазба соңында дәрілерді қолдану әдістері көрсетіледі, дәрігердің қолы қойылады.
Мысалы:
Емдік-алдын алу мекемесі аты немесе штамп.
Кімге
Күні
Дәрігер
1. Mercurius dulcis 3 x Trit.
Таңертең және кешке қалам ұшымен
2. NuX Vomiсa 3 pil
3. Lachesis 6 pil
Кезекпен 2 сағат арасында 8 пилюладан (грануладан)
Дәрігер қолы, мөр
Емдік-алдын алу мекемесі аты немесе штамп.
Кімге
Күні
Дәрігер
1. Plumbum metallicum 6 gutt
2. Ignatia 3 gutt
3. Gelsenium 3x gutt
Кезекпен 8 тамшыдан
Дәрігер қолы, мөр
Емдік-алдын алу мекемесі аты немесе штамп.
Кімге
Күні
Дәрігер
1. Сallendula
Сыртқа.Жарты стакан қайнаған суға 20 тамшы қосып жарақатты жууға
2. Ung Belladonna
Жарақаттың айналасының терісіне жағуға
Дәрігер қолы, мөр
Сонымен гомеопатиялық жазба құрылысы:
1. Емдік-алдын алу мекемесі аты немесе штамп.
2. Науқастың аты-жөні, жасы.
3. Жазбаны толтырған күн.
4. Дәрігердің фамилиясы, аты –жөні
5. Дәрілік заттар тізімі, (препарат аты латын тілінде атау септігінде көрсетіледі), сұйылтылу дәрежесі, мөлшері, дәрілік қалып көрсетіледі:
Arnica C6 10,0 gran. немесе
Arnica C6 gran.
10,0
6. Дәрілік қалыпты қабылдау ерекшеліктері.
7. Дәрігердің қолы мен мөрі.
Егер тағайындалған дәрілік қалыпқа бірнеше препарат кіретін жағдайда, дәрілік препарат жазбада ретпен номерсіз көрсетіледі.
Мысалы:
Емдік-алдын алу мекемесі аты (штамп)
Кімге
Күні
Дәрігер
Apis 3
Arnica 3
Urtica Urens 6
10,0 gran.
Күніне 3 рет 6-8 түйіршектен тамақ ішер алдынан 30 минут бұрын қабылдау керек.
Мөр, дәрігер қолы
Спиртті құрамы бар дәрілік қалып дайындалуы керек болған жағдайда жазбада екі мөр болуы (дәрігердің және емдік-алдын алу мекемесі аты немесе штамп) және dil сөзі көрсетілуі керек.
Емдік-алдыналу мекемесі аты (штамп)
Кімге
Күні
Дәрігер
Aсonitum napel. 3 15,0 dil.
Жарты стакан суға 20 тамшы қосып күн бойына жұтымдап қабылдау керек.
Мөр, дәрігер қолы
Гомеопатиялық жақпа майлар мен оподельдоктерді жазбада толтырған кезде, сұйылту дәрежесі көрсетілмейді, тек дәрілік қалып түрі көрсетіледі.
Емдік-алдын алу мекемесі аты (штамп)
Кімге
Күні
Дәрігер
Opod. Bryonia 100,0
Cырт денеге, түнге қарай йық буынына жағып-сіңдіруге.
Мөр, дәрігер қолы
Гомеопатиялық жазбаларда тағайындалған дәрілік препараттың тұтынушыға дайындалып босатылатын мөлшері көрсетілмесе, онда оларды 10,0 мөлшерінде жібереді.
Жазбаларда дәрілік препараттардың орналасуы, ереже бойынша, көп ретте төменгі сұйылтудан жоғарғы сұйылтуларға бағытталады.
Жазбадағы дәрілік зат 3-4 препараттан артық болған жағдай дұрыс емес; Дәрілік препараттар саны аз болу керек. Бірнеше дәрілік заттарды төменгі сұйылтуда және бір ботаникалық топ өкілдерін тағайындау құпталмайды. Сонымен қатар бір мезгілде қабылданатын дәрілік заттардың бір-бірімен сыйымдылығы және әрекеттесу қабілеттіліктері ескерілуі тиіс.
Бір жазбада келтірілген екі дәрілік зат бір-бірімен сыйыспайтын жағдайда, әрбір препаратты бөлек күндері қабылдау керек. Егер екі ауруды емдеуге толтырылған екі жазбада бір-бірімен сыйспайтын ингредиенттер болғанда, оларды да әр бөлек күні қабылдау керек.
Гомеопатиялық дәрілік қалыптарды доктор Вильмар Швабе нұсқаулығы бойынша дайындау 1961 жыл 3 наурыздағы № 88 және 1962 жыл, 19 желтоқсандағы № 606 ҚСРО ДСМ бұйрықтары талаптарына сәйкес орындалады. Вильмар Швабе нұсқаулығы 1950 жылы неміс тілінен орыс тіліне аударылып В.И. Рыбак редакциясымен 1967 жылы Москвада баспадан шығарылған.
Дайындалған дәрілік қалыптар дәріханадан жіберілгенде, жапсырмада препараттар аты латын тілінде кириллица транскрипциясымен беріледі: мысалы, Тартарус Эметикус, Гепар Сульфурис, Меркуриус Солюбиле және сонысын солай. Дәріханалардың меншікті мөрі бар.
Дәріхана мамандары өз жұмысында Швабе нұсқауын басшылықа алумен қатар, мемлекеттік құзырлы фармакопея талаптарын да басшылыққа алады. Мысалы, егер Швабе нұсқаулығында этил спирті концентрациясы градуспен көрсетілсе де, күнделікті тәжірибеде фармацевт этил спиртінің %
концентрациясын қолданады. Ал дәрілік заттың меншікті салмағы – тығыздық (ρ), дистилденген су –тазартылған су, шарап спирті – этил спирті және т. б. кейбір қысқартулар және түсініктер елдегі құзырлы құжаттарда бекітілген қысқартулар немесе терминдер арқылы беріледі.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1628;