Гомеопатиялық дәрілердің әсерлік механизмі

Гомоеопатия тәжірибесі 3 ұстанымға бейімделген. Бірінші ұстанымбойынша (- similia similubus curantur) – ауырмаған адамдарға жоғары мөлшерде қолданғанда, аурудың белгілерін тудыратын дәрілердің аз мөлшерімен емдеу. Екіншіұстаным – ауырмаған адамдарға дәрілік заттың жоғарғы, кейде улы мөлшерге дейін қолданып аурудың белгілерін шығару. Үшіншіұстаным – дәрілік заттың концентрациясын ерітіндіде немесе сүт қантымен езгілеп сұйылтқан кезде кейбір ерекше күштерінің арқасында дәрілік әсерінің күшеюі(динамизациялануы, потенциялануы) пайда болуы. Осыған байланысты дәрілік құралдар өте аз мөлшерде қолданылады – («төменгі доза» заңдылығы).

Гомеопатиялық дәрілер аллопатиялық медицинада қолданылатын препараттар сияқты микроорганизмдерді жоймайды, ағза кемшіліктерін толықтырмайды немесе патологиялық сырқат синдромдарын баспайды. Гомеопатиялық препараттарды аз мөлшерде қолдану ауырған мүшеге сілкініс беру арқылы ағзаның өздігінен қалыпты функциясын реттеуші қызметінің орнына келуіне көмектеседі. Яғни дәрілік құрамның негізгі әсері ағзаның қалыпты жағдайының қызметін орнына келтіру.

Сонымен қатар дәрілік құрам емдік әсер тудыру үшін, оны дайындау ретінде көп сериялы сұйылтулар мен екпінді араластырулар орындалуы қажет. Дәрілік құрам неғұрлым көп сұйылтылса, соншалықты әсерлі (потенциялау принципі) болады.

Гомеопатия тәжірибесінде дәрігер, дәрілік құрамның аурудың сипатына ұқсастығына қарап, оның патологиялық симптомын жоюы үшін емес, адам ағзасының аурумен табиғи күресуін жандандыруы үшін қолданады.

Гомеопатия дәрілік заттардың өте аз мөлшерімен емдеу тәжірибесі ретінде кейбір артықшылықтары бар:

· Нәтижелі терапевтік және профилактикалық әсер;

· Дәрілік заттың толық ағзаға әсері;

· Дәрілік заттарды қолданудың тыңғылықты ережелері мен ұстанымдарының болуы;

· Емдеу кезінде жанама әсерлерімен шиеленесулерінің болмауы;

· Жеке адамдардың дәрілік затты қабылдамауы және оған үйреніп кетпеуі.

Гомеопатиялық дәрілердің әсерлік механизмін көптеген ғалымдар – (И.С. Чекман, А.Ф. Бозианов, Н.К. Симеонова , Д.В. Попов, P. Mayntzer т.б.) зерттеген және әдебиеттерде ұқсастық заңдылығын (ұқсасты ұқсаспен емдеу) түсіндірудің бірнеше теориялары бар. С. Ганеман (1810) көз қарасы бойынша науқас адам жасушасы аз мөлшердегі дәрілік затқа өте жоғары сезімталдық көрсетеді. Д.В. Попова (1961) көз қарасы бойынша ауру тудырушы фактор мен гомеопатиялық дәрілік зат өзінің әсерін біркелкі ортада іске асырады, бірақ олардың әсер ету векторы қарама-қарсы бағытталған.

Эксперименттер және клиникадағы зерттеулер дәлелдегендей (С.В. Аничков, 1950, 1976; А.И. Черкес, 1954, 1976; М.Д. Машковский, 1960, 1989; П.В. Сергеев, И.В. Комиссаров, 1983; И.С. Чекман, 1991), дәрілік зат физиологиялық үрдістерді іске асыратын рецепторлы механизмдер арқылы биохимиялық және физико-химиялық реакциялар туғызады. Медицина тәжірибесінде қолданылатын жоғары әсерлі дәрілік препараттар жасуша рецепторлары арқылы белсенділік көрсете алады, олардың қатарына жататындар: адренергиялы (адрееналин, норадреналин, изадрин, празозин, клофелин, анаприлин, корданум), холинергиялық (ацетилхолин, атропин, платифиллин), серотонинді (серотонин, мексамин, типиндол), бензодиазеинді (диазепам, оксазепам, феназепам), пуринергиялы (аденозин, АТФ, АДФ, АМФ, метилксантины), гистаминді (гистамин, димедрол, диазолин). Дәрілік зат ретінде ежелден қолданыста жүріп келе жатқан – опий, морфин, кодеин және басқалардың да әсері арнаулы рецепторлар (опиоидты) арқылы іске асатыны белгілі болды. Сонымен қатар ағзада бір дәрілік заттың мөлшеріне (аз немесе көп дозасы) байланысты әр түрлі жауап беретін рецепторлар болуы да мүмкін.

Бұл теорияны қолдаушылар гомеопатиялық дәрілік заттың ағзаға әсер ету механизмі тек өзіне тән гомеорецептор арқылы жүреді деп түсіндіреді. Гомеорецепторлар арқылы дәрілік заттың әсерінен басқа, көптеген ішкі және сыртқы орталар ықпалдары да үрдістерге әсер етеді.

Гомеопатиялық емдеу тәжірибесі оңды іске асуы, науқасқа дәрілік затты тағайындау кезінде оның өзіндік гомеорецепциясына сәйкестік табылған жағдайда ғана болады.

Заманалы дәрілік құрамның белгілі, өзіндік ақпараты бар. Осыған орай қанттың бір түйіршігінің немесе спиртті ерітіндінің бір тамшысындағы барлық әсерлік қасиеттері олардың 100-6 сұйылтылған құрамында сақталынған. Тәжірибелер дәлелдегендей, биологиялы белсенді заты бар сұйық құрамды сұйылтқанда - екпінді араластыру, шайқалту кезінде суға биологиялық белсенді заттың барлық ақпараты, матрица сипаттас беріледі және ұзақ уақыт сақталынады. Анық арнаулы әсерлі белсенділік сақталынған құрамда биологиялы белсенді заттың бірде-бір молекуласы болмауы да мүмкін. Ал терапевтік әсер дайындалған дәрілік құрамдағы белсенді зат ақпаратының немесе молекуласының сырқатты ағзаның жүйке рецепторларын қоздырып, нерв импульстарын ми нерв жасушаларына жеткізуінен туындайды.

Ары қарай сырқат адамның нерв жүйесінде дәрілік заттың қоздыруына орай туындайтын адекватты жауап іске қосылып, сырқат емделуі басталады.

Гомеопатиялық дәрілердің әсерлік механизмінің тағы бір сыры – ол дәрілік құрамдағы дәрілік заттардың өзара физика-химиялық және т. б. әсерлер арқылы түрлі өзгерістерге ұшырауында болуы мүмкін.

 

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2685;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.