В. Гомеопатиялық дәрілік препараттарды зерттеудің ортақ әдістері.
Төменде гомеопатиялық дәрілік препараттарды сынақ әдістерінің қысқа үзінділері келтіріледі.
А. Сұйық препараттарды сынау әдістері.
Меншікті салмақ (тығыздық).
Сұйықтардың меншікті салмағы Мор-Вестфаль таразысын пайдаланып, пикнометр немесе ареометр көмегімен анықталады. Анықтауды 17,50С температурасында жүргізеді. Егер сынақ басқа температурада жүргізілсе, онда анықталған меншікті салмақ мәні дәлдігін жоғарылату үшін келесі түзетулер енгізіледі. Температура 17,50С жоғары болса,онда әрбір ауытқыған градустан 0,0007 алынады.
Егер эссенция барлық § келтірілген дайындау ережелері бойынша дайындалса, онда негізгі тұндырмалардың меншікті салмақтары-
§ 1 бойынша 0,944
§ 2 бойынша 0,944
§ 3 бойынша 0,905 тең болады.
Этил спиртінің мөлшері
Тұрындылардағы немесе этил спиртті ерітінділеріндегі, сұйылтулардағы этил спирті мөлшерін олардың тығыздығы бойынша анықтауға болады. Анықтауда жоғары дәлдікпен жүргізу мақсатында 50 мл сынақтағы препаратты арнайы колбаға көшіріп үстіне 100 мл су 50 г натрий хлоридін немесе натрий сульфатын (қайнау кезінде сұйық көбіктенбес үшін) қосып 100 мл дистиллят алады. Дистилляттың тығыздығын анықтап, спирттер кестесі (тығыздық және концентрация) арқылы таза этил спирті мөлшерін анықтайды. Қайнату кезінде мол көбік шығармайтын препараттағы спирт мөлшерін МФ келтірілген әдіс бойынша анықтайды.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1510;