А. Сұйық дәрілік заттарды сұйылту

Сұйық заттарды (жоғарыдағы 1- 9 параграфтарда көрсетілген ережелер талаптарына сәйкес дайындалған ерітінділер, эссенциялар, тинктуралар) сұйылту күн сәулесінен қорғалған бөлмелерде орындалады. Сұйылтуға арналған сауыттар көлемі дайындалатын сұйылтулар көлемдерінен 1/2, 1/3 есе артық болуы керек.

Дәрілік заттың аты мен сұйылту дәрежесі дайындауға қолданылатын сауыттың тығынына және сауытта көрсетіледі. Демек жүздік сұйылту дәрежесінің алдында «С» әрпімен немесе араб цифрімен, ал ондық сұйылту «D» немесе «X» әріптерімен көрсетіледі.

Егер сұйылтуға қажет зат көп мөлшерде алыну керек болған жағдайда оның мөлшері салмақтық өлшеммен, ал аз мөлшерде болса - тамшылар санымен алынады.

 

а) Ондық шкала бойынша:

 

Х1-ден Х30 дейінгі сұйылту зат аттары мен дәрежесі көрсетілген шынылардың Х2 бастап әрқайсысы 45% этил спиртінің 9 салмақтық бөлігімен толтырылады. Эссенциядан бірінші ондық сұйылту тиесілі параграфта көрсетілген ереже бойынша дайындалады. Әрбір келесі сұйылту жоғары-төмен 10 рет екпінді шайқау арқылы дайындалады, содан кейін осы дайындалған сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі шыныға ауыстырылады және дайындау қайталанады.

 

б) Жүздік шкала бойынша:

 

С1-ден С30 дейінгі сұйылту зат аттары мен дәрежесі көрсетілген шынылардың С2 бастап әрқайсысы 45% этил спиртінің 99 салмақтық бөлігімен толтырылады.

Эссенциядан, тұрындыдан немесе ерітіндіден бірінші жүздік сұйылту тиесілі параграфта көрсетілген ереже бойынша, жоғары-төмен 10 рет екпінді шайқау арқылы С2 шынысында дайындалады. Содан кейін осы дайындалған С2 сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі, С3 шынысына ауыстырылады және дайындау барлық шынылармен қайталанады. Сонымен әрбір алдыңғы сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі шыныға ауыстырылып, жоғары-төмен 10 рет екпінді шайқау арқылы үрдіс жалғастырыла береді.

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1386;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.