ЖАҚПА МАЙЛАР, МАЙЛЫ ЕРІТІНДІЛЕР, ОПОДЕЛЬДОКТАР ЖӘНЕ СЫРТ ДЕНЕГЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН СПИРТТЕР ДАЙЫНДАУ
Жақпа майлар мен майлы ерітінділер Мемлекеттік Фармакопеяның өкілетті басылымы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Гомеопатиялық жақпа майлар негіздері ретінде вазелин және ланолин қолданылады. Гомеопатиялық сұйық майлар ретінде пайдаланатындар: вазелин, өрік, алхоры, зәйтүн, күнбағыс майлары.
Жақпа майлар мен сұйық майлар ерітіндісі, егер дәрілік заттар күшті әсер етуші болмаса, концентрациясы негізінен 1: 9 (10 %) есебінен, ал күшті әсерлі заттардан 5 % дайындалады. Бұл ереже келесі дәрілерге қатысты емес:
3 % Анис жақпа және сұйық майы
2 % Ацидум бензоикум жақпа майы
3 % Ацидум салициликум жақпа майы
2 % Ацидум карболикум жақпа майы
10 % Ацидум нитрикум жақпа майы (бірінші ондық сұйылтудан дайындалады)
10 % Ацидум Арсеникозум жақпа майы (үшінші ондық сұйылтудан дайындалады)
5 % Акониттің жақпа және сұйық майы
3 % Кантаристің жақпа және сұйық майы
3 % Кротонның жақпа майы
1 % Циннабаристің жақпа майы
10 % Цимицифуги жақпа және сұйық майы
½ % Хлоретон жақпа және сұйық майы
1 % Графит жақпа майы
1 % Гепар Сульфур жақпа майы
5 % Спонтин жақпа және сұйық майы
10 % Сульфур сублиматум жақпа майы
10 % Брионий жақпа және сұйық майы
10 % Фитолакка жақпа майы
10 % Меркуриус коррозивум жақпа майы (3х-тан)
1 % Меркуриус бииодатус жақпа майы
Жақпа майлар қарапайым және күрделі құрамда да дайындалады. Кейбіреулерінің өзіндік аттары бар, мысалы:
Плазмин жақпа майы:
Календула Ө - 20,0
Фитолакка Ө - 60,0
Брионий Ө - 2,0
Ац. Борикум пульвер. - 182,,0
Ланолин сулы – 400,0
Вазелин – 1400,0
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2936;