Номенклатура. Гомеопатиялық номенклатура бойынша, егер дәрілік зат ретінде өсімдіктің тек бір түрі алынса
Гомеопатиялық номенклатура бойынша, егер дәрілік зат ретінде өсімдіктің тек бір түрі алынса, онда оған зерттеуші берген ат қолданылады: мысалы, «Аконитум Напеллус» орнына «Аконитум», «Атропа Белладонна» орнына «Белладонна» аты қолданылады. Егер жазбада осы тұқымдастардан тағы бір өсімдік қосылса, мысалы: «Аконитум Ликоктонум», онда сигнатураға «Аконитум Ликоктонум» аты жазылады; егер жазбада «Аконит» деп көрсетілсе, онда тек «Аконитум Напеллус» қолданылады.
Кейбір құралдардың жазбада, ботаникалық аттарына сәйкес емес, өзіндік аттары болады. Мысалы, жазбада «Кактус грандифлорус» көрсетіледі; ал оның ботаникалық аты: «Цереус грандифлорум».
Кейбір неорганикалық заттар мен химиялық препараттардың осы сияқты шартты аттары бар. Мысалы: егер дәрігер жазбада «Плумбум» деп көрсетсе, онда «Плумбум металликум» жіберіледі.
Сұйық сұйылтулар белгіленуі: dill (dilutio)
Ысқылау: Trit (trituratio)
Түйіршіктер: gran (granul), glob, globali
Жапсырмада дәрілік препарат қандай сұйылту шкаласымен дайындалғаны көрсетіледі.
Мысалы: Висмутум trit Х 2: екінші ондық ысқылау. Белладонна dill С5 - бесінші жүздік сұйылту. Жазбада немесе талап етуші сұйылту дәрежесін тек цифрмен көрсетіп, ондық немесе жүздік сұйылту керектігі көрсетілмеген жағдайда дәрі жүздік шкала бойынша дайындалады.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 995;