Экстракт (сығынды) мөлшері

 

Бастапқы тұрындыдағы экстракты, ерітіндідегі және басқалардағы құрғақ қалдықты келесі әдіспен анықтайды. Алдынала өлшенген дөңгелек шыны табақшаға (диаметры 6-7см), дәлдікпен өлшенген сұйықты көшіреді, су моншасында буландырады. Содан кейін температурасы 1050С термостатта жарты сағат кептіреді. Кейбір экстрактар ылғал тартқыштығына байланысты, бірнеше минут аралығында салмақтары таразы табақшасының үстінде ұлғаяды, сол себепті кептірілген құрғақ қалдық мүмкіндігінше жылдам өлшену керек. Сонымен қатар, кептіру жарты сағаттан артық болмауы керек, себебі 1050С ұзақ қыздыру кезінде құрамында майлы заттары бар құрғақ қалдықтардың салмағы өсіп кетеді.

 

4. Сұйық майлар (өсімдік)

Сұйық майлар мөлшерін негізгі тұндыда және ерітіндіде төмендегідей орындайды: экстракты анықтағандағы қалдық 1-2 мл сумен (кейде су моншасында қыздырылып) ылғалдандырылады, содан кейін 10 г күйдірілген гипспен біркелкі ұнтақ алынғанша ысқыланады. Алынған массаны сүзгіш қағаздан істелінген гильзаға салып, гильза аузын, қолданыстағы шыны табақшаны сүртіп алған мақта анжасымен жауып, Сокслет немесе басқа майларды экстракциялайтын аппаратқа орналастырылып 2-3 сағат бойы қатты қайнамаған петролей эфирімен экстракциялайды. Соңынан эфирді ұшырып, қалдықты 1050С температурада кептіру жәшігінде 15 минут кептіреді және өлшеп алады.

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1399;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.