ABSINTHIUM – АБСИНТИУМ

 

Қолданылатын өсімдік.Artemisia absinthium L. Ермен, Ащы жусан

Синонимдері. Absinthium vulgare Lam.

Тұқымдасы. Asteraceae (Compositae) – Күрделі гүлділер.

Таралуы.КСРО-ның Европалық бөлігінде, сонымен қатар Батыс Сібірде, Қазақстанда және Орта Азияда кездеседі. Арамшөп ретінде егістерде, төбелерде, шөл далаларда, жолдың шеттерінде өседі.

Қолданылатын бөлшегі.Тамырүсті жаңа жапырақтары және сабақтың төбе гүлдері. Жапырақты гүлдеудің кезінде немесе басында жинайды (мамырдың аяғы, маусымның басы), төбесін – гүлдеу кезінде (шілде-тамыз).

Өсімдіктің сипаттамасы. Көп негізді тамырсабақты, бұтағы бар, көп жылдық шөптесін өсімдік. Көп санды күмісті жиналған түктерден тұратын күміс-сұр түсті өсімдік. Сабағы қысқа жапырақты және ұзын, берік, гүлдері 1 см дейін ұзын. Төменгі сабақ жапырақтар қысқа черешоктарда орналасқан. Жоғарғы жапырақтары аздап кесілген. Гүл себеттері ұсақ, диаметрі 2-4 мм, сабақтың жоғарғы бөлігінен жиналған. Барлық гүлдері ашық сары түтікті, өте ұсақ. Жемісі жалаңаш тұқымды. Барлық өсімдіктерінде өзіндік хош иісі және ащы дәмі бар.

Дәрілік қалып дайындау. § 3 бойынша эссенция.

Дәрілік қалып сипаттамасы. Ащы дәмі бар және хош иісті жасыл-қоңыр түсті эссенция. 1-ден 3-ші ондық бойынша қалыңдығы 1 см қабатында қоңырдан сарыға дейінгі түске ие.

Эссенцияның берілген капиллярлы талдау көрсеткіштері. Температурасы 16° С және салыстырмалы ылғалдылығы 44% болғанда жоғарлау ұзындығы 1 см. Жоғарғы бөлігі: ашық сары түсті 2 см мөлдір сулы аймақ; содан кейін сары-қоңыр түсті ұзындығы 3 см томпақ түріндегі аймақ. Төменгі бөлігі: ұзындығы 0,3 см мөлдір емес кір жасыл түсті аймақ; содан кейін 0,5 см қою жасыл түсті мөлдір емес аймақ және кейін 1,5 см ден жасыл және ашық сары-жасыл түсті екі аймақ. Негізі: ашық, қоңыр-сары.

Эссенциядағы дәрілік заттың құрамы.1/3.

Қолданыстағы сұйылтылуы.1х3х3 және жоғары.

 

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 993;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.