Есептелінген шырын мөлшерімен және 90 % этил спиртінің тең салмақтық бөлімінен дайындалатын эссенциялар
Дәрілік зат мөлшері 1/2.
Егер өсімдік құрамында шайыр, эфир майлары немесе камфора қосылыстары , және сығылған өсімдіктерден шырын 60 % кем алынса, онда алдымен өсімдік бөлетін шырын мөлшерін, төменде көрсетілген формула бойынша есептеп алу керек.
Шырын мөлшерін анықтаумен қатар, ұсақталынған өсімдік немесе оның бөлшегі өлшенеді. Анықталған массаның ½ бөліміне тең 90% этил спиртінің мөлшерімен барлық ұсақталынған өсімдік бөлшектерін қою ботқа қалпына айналғанша малшындырып, қатты ысқылап жаныштайды.
Шырын мөлшері есептелінгеннен кейін, жаншылған материалға 90% этил спиртін шырын салмағына теңескенше қосады.
Осыдан кейін дайындалған масса мұқият араластырылады, 8-14 күн бойына қалдырылады. Ары қарай масса жақсы жабылатын құбырға сығылады және сығынды салқын жерде 8 күн бойы тұндырылып сүзіледі.
Сонымен 2 параграф бойынша дайындалған эссенцияда дәрілік зат мөлшері ½.
Бойынша дайындалған эссенциядан спиртті тұрынды (тинктура) дайындау.
Бұл мақсатта эссенцияның 2 бөлшегі және 8 бөлшек 45 % этил спиртін алып араластырады.
Дайындалған тинктура бірінші ондық сұйылтуға сәйкес.
§ 2 бойынша дайындалатын ээсенциялар шикізаттары № 4 кестеде келтірілген.
§ 3
Есептелінген шырын мөлшерінің 1 салмақтық бөлігінен және 90% этил спиртінің 2 салмақтық бөлігінен дайындалатын эссенциялар
Дәрілік зат мөлшері 1/3
Егер өсімдікте шырын мөлшері 60 % -дан аз және ол шайыр, майлар және камфора қосылыстарынан тұрса, онда эссенция § 3 бойынша дайындалады.
§ 3 бойынша эссенциялар есептелінген шырынның 1 салмақтық бөлігімен 90% этил спиртінің 2 салмақтық бөлігінен дайындалады.
Өсімдікте шырын мөлшерін анықтау , ұсақталынған өсімдік немесе оның өлшенеді. Өлшенген массаның ½ бөліміне тең 90 % этил спиртінің мөлшерімен барлық ұсақталынған өсімдік бөлшектерін қою ботқа қалпына айналғанша малшындырады.
Өсімдіктегі шырын мөлшерін анықтағаннан кейін, оған 90 % этил спиртін шырынның 2 есе массасына тең болғанынша қосады.
Осыдан кейін дайындалған масса мұқият араластырылады, 8-14 күн бойына мацерациялануы үшін қалдырылады. Осыдан кейін масса сығындалады және масса пресспен сығылады. Сұйықтар біріктіріліп салқын жерде 8 күнге тұндырылады, сүзіледі. Сүзілген эссенция мөлдір болуы керек.
Сонымен 3 параграф бойынша дайындалған эссенцияда дәрілік зат мөлшері 1/3.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1128;