Этил спиртінің 10 салмақтық бөлігі және кептірілген өсімдіктің 1 салмақтық бөлігінен тұрынды дайындау

Дәрілік зат мөлшері 1/10.

§ 4 бойынша спиртті тұндылар (тинктура) кептірілген өсімдіктерден және жануарлардың жас ұлпаларынан дайындалады.

Спиртті тұрындыларды § 4 бойынша 2 рет мацерация, содан кейін перколяция әдісін қолдану арқылы дайындайды. Осы мақсатта кептірілген өсімдіктерді ірілеу ұнтақтайды. Осы ұнтақтың 1 бөлшегін және этил спиртінің 10 салмақтық (спирт концентрациясы фармакопея нұсқауы бойынша) бөлшегін алады. Алдымен ұнтақтың ыдыстағы 1 бөлігі дайындалған этил спиртінің жартысымен араластырылады және жақсы жабылған ыдыста 2 күнге қалдырылады. Дәрілік шикізатқа спирт толық сіңу үшін, сұйықты жиі шайқап тұру керек.

Екі күн өткеннен кейін масса перколяторға көшіріледі және этил спиртінің керекті мөлшерімен малшындырылады. Перколирлеу жылдамдығы 1 минутта 20 тамшы; перколятордағы 1 дәрілік зат бөлшегіне 10 бөлшек спирт мөлшері сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін спирт үнемі үстеме қосылып отырады.

Егер перколяция әдісін қолдану мүмкін болмаса, онда § 4 бойынша спиртті тұрынды дайындау мацерация әдісімен жүргізіледі. Яғни, ұсақталынған өсімдіктің 1 бөлігі этил спиртінің 10 бөлшегімен малшындырылады, 16°С температурада 8 тәулікке, күнделікті шайқап қалдырады. Содан кейін сұйық бөлігі құйылып алынады, масса пресспен сығылады, сұйықтар қосылып араластырылады, 8 күнге қалдырылады, сүзіледі.

§ 4 бойынша жануарлар жас ұлпасынан спиртті тинктуралар дайындау үшін, материал фарфор келісінде мұқият жаншылады. Жануар ұлпасының шыны ыдыстағы 1 салмақтық бөлігіне этил спиртінің керекті концентрациялы 10 бөлігін құйып, 14 күн бойына жиі шайқап қалдырады. Содан кейін тұрынды құйылып алынады, қалдық сығындалады, алынған сұйықтар қосылып 8 күн бойы тұндырылады. 8 күннен кейін тұндырылған сұйық сүзіледі.

§ 4 бойынша дайындалған тинктурадағы дәрілік зат мөлшері – 1 : 10, яғни бірінші ондық сұйылтуға Х1 сәйкес келеді.

Кептірілген барбарис тамырының қабығынан 50,0 тұрынды дайындау керек (Berberis 50,0).

Тұрындыны мацерация әдісі бойынша дайындайды. Ол үшін 5,0 г кептірілген және ұсақталған барбарис тамырының қабығын келіге салып ірілеу ұнтақ түріне дейін ысқылайды. Тарирленген сауытқа 50,0 г 60 % этил спиртін өлшеп алады да, оның шамамен жартысын келідегі ұнтақ үстіне қосып тыңғылықты ысқылайды. Спирттің біраз бөлігіімен бөлшектеп ұнтақ үстіне қосып ысқылайды. Келідегі қосындыны сауытқа көшіреді, келідегі шикізат қалдықтарын қалған спиртпен шайып сауытқа қосады. Сауытты жауып 16-17°С температурада әр кез шайқап отырып 8 тәулікке қалдырады. Ары қарай үрдісті § 4 талаптары бойынша жүргізеді. Сапасын нормативті құжаттар тәртібімен талдайды және тұтынушыға жіберуге дайындайды.

Жапсырма түрі:

 
 
Berberis Х1 500,0 Күні Сериясы Талдауы Қолы  

 

 

   

 

 


Кесте № 5 Гомеопатия қолданысындағы тұндырмалар

 

Атауы     Қолданылатын өсімдік немесе жануар, жәндік Қолданылатын бөлігі. Дайындалу жолы (Этанол концентрациясы) Қолданылатын сұйылту Қолдану
Апис меллифика (Apis mellifica) Бал жинайтын ара Жәндік толығымен. сұйылту Х2, Х3-60% этанол, жоғары сұйылтулар – 45 % этанолда Х1 және жоғары Тамақ және тері аурулары және т. б.
Берберис (Berberis) Кәдімгі Барбарис Кептірілген тамыр қабығы. Мацерация, перколяция, 60% этанол Х1 және жоғары Подагра және т. б. ауруларда
Кантарис (Cantharis) Шпан шыбыны (Ш. шіркейі) Жәндік толығымен. Мацерация - 90% этанол. Сұйылту Х2, Х3 - 90% этанол, жоғары сұйылту - 45% этанол. Х3 және жоғары Нефрит, цистит, күйік және т. б.
Ликоподий (Lycopodium) Плаун Споралар Мацерация - 90% этанол Х3 және жоғары Зат алмасу үрдісі бұзылысында және т. б.
Секале корнутум (Secale cornutum) Спорынья – зеңгі кептірілген саңырау құлақ склероциі. Мацерация, перкаляция-60% этанол . Х3 және жоғары Спонтанды гангрена, контрактур, спазм және т. б.







Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1181;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.