Спиртте жақсы еритін дәрілік заттардан ерітінді дайындау
Спиртті ерітінділер дайындау үшін, шикізаттың ерігіштігіне байланысты 90% – 60% - 45% этил спирті пайдаланылады.
§ 6а бойынша дәрілік заттың 1 бөлігі алынып спирттің 9 салмақтық бөлігінде ерітіледі; ерітіндідегі дәрілік зат мөлшері – 1 : 10 (бірінші ондық сұйылту).
§ 6б бойынша дәрілік заттың 1 бөлігі спирттәң 99 салмақтық бөлігінде ерітіледі, яғни ерітіндідегі дәрілік зат мөлшері – 1 : 100 (бірінші жүздік сұйылту).
Қолданылатын спирт концентрациясы әрбір дара дәрілік заттың сипаттамасында көрсетіледі.
Кесте№ 7
Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын этанолды ерітінділер
Атауы | Пайдаланылатын бастапқы заттар, ерітінділірдің құрамы және дайындау | Қолданылатын сұйылтулар | Қолданылуы |
Йод Iodum | Йод Х1 МФ талаптарына сәйкес болуы керек. Құрамы: сұйылтуы Х1 (б.): Йод 1 Этанол 90% 9 | Х3, Х6 | Шырышты қабаттар қозуында, жүйке күйзелісінде және т. б. |
Сульфур (Sulfur) | Сублимацияланған және ұшырылған күкірт. Препарат (Sulfur depuratum) 1Х МФ талаптарына сәйкес болуы керек. Сокслет аппаратында 5 б. күкіртті және 100 б. 90% этанолды ұзақ уақыт қайнатады. Суытылған ерітіндіні 90% этанолдың екі еселенген салмақтық бөлігімен сұйылтады –Х4 сұйылту алады. Х5 сұйылтуды 90% этанолда, Х6 сұйылтуды 60% этанолда, жоғары сұйылтуларды 45 % этанолда дайындайды. | Х4, Х5, Х6 | Қан айналымы-ның бұзылуы, тері аурулары және т.б. |
Тартарус стибиатус (Tartarus stibiatus) | Сурьма және калий тартраты. Құстырушы тас. VII МФ талаптарына сәйкес болуы керек. Құрамы: сұйылтуы Х2 (б.): Құстырушы тас 1 Су 89 Этанол 90% 10 жоғары сұйылтуларды 45 % этанолда дайындайды. | Х2 | Тыныс алу жолдары аурулары, құсықта және т. б. |
§ 7
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1696;