Ш БӨЛІМ
ДӘРІЛІК ЫСҚЫЛАНҒАН ҰНТАҚТАРДЫ ӘРТҮРЛІ СҰЙЫҚ ЗАТТАРДАН ДАЙЫНДАУ
§ 8
§ 8 бойынша ысқыланған ұнтақтар сұйық дәрілік заттардан дайындалады.
Дәрілік заттардың сұйық ерітінділерінен ысқыланған ұнтақтар §7 келтірілген салмақтық бөлшектер қатынасында дайындалады.
Дәрілік сұйылту аз мөлшерде дайындалғанда сулы ерітіндіден 2 тамшы немесе спиртті ерітіндіден 4 тамшы алынып 9,9 г сүт қантымен, §7 келтірілгендей, ысқыланады.
Дәрілік зат мөлшері 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.
§ 9
Ысқыланған ұнтақтарды эссенция мекн тинктурадан
§ 9бойынша ысқыланған ұнтақтар негізгі эссенциялар мен тұрындылардан дайындалады.
Эссенциялар мен спиртті тұрындылардан ысқыланған ұнтақтар дайындау, сұйық дәрілік заттардан дайындау секілді, яғни § 7 келтірілгендей, препараттың белгілі мөлшері сүт қантымен ысқыланады.
а) § 1 және § 2 бойынша дайындалған эссенцияның 2 бөлігі сүт қантының 99 бөлігімен ысқыланады, бұл 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.
б) § 3 бойынша дайындаған эссенцияның 3 бөлігі сүт қантының 99 бөлігімен ысқыланады, бұл 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.
в) § 4 бойынша дайындалған тұрындының (тинктура) 1 бөлігі сүт қантының 99 ысқыланады, , бұл 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.
СҰЙЫЛТУЛАРДЫ ӘРТҮРЛІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДАН ДАЙЫНДАУ
Сұйылтуларды дайындау кезінде келесі технологиялық үрдістерді дәлме-дәл сақтау керек.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1098;