Гранулулар (түйіршіктер) дайындау технологиясы
Гранулаларды (түйіршіктер) жоғары сапалы қант құрағынан алынған таза қантта дайындайды. Қант тазартылған суда қалдықсыз еріп кетуі керек.
Гранулалар, гомеопатиялық сұйылтулармен қанығуы үшін біркелкі және белгілі өлшемде болуы керек. Олар бекітілген нөмірлерімен ажыратылады:
№ 1 бір гранула салмағы 2 миллиграмм: 500 гранула салмағы 1 грамм.
№ 2 бір гранула салмағы 4 миллиграмм: 250 гранула салмағы 1 грамм.
№ 3 бір гранула салмағы 8,3 миллиграмм: 120 гранула салмағы 1 грамм.
№ 4 бір гранула салмағы 12,5 миллиграмм: 80 гранула салмағы 1 грамм.
№ 5 бір гранула салмағы 2,2 миллиграмм: 45 гранула салмағы 1 грамм.
№ 6 бір гранула салмағы 4 центиграмм: 25 гранула салмағы 1 грамм.
№ 7 бір гранула салмағы 1 дециграмм: 10 гранула салмағы 1 грамм.
№ 8 бір гранула салмағы 2 дециграмм: 5 гранула салмағы 1 грамм.
№ 9 бір гранула салмағы 3,3 дециграмм: 3 гранула салмағы 1 грамм.
№ 10 бір гранула салмағы 5 дециграмм: 2 гранула салмағы 1 грамм.
Жиі қолданылатын түйіршіктер өлшемдері № 4 және № 5.
Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру кезеңінде, әрбір түйіршікке дәрілік заттың бір тамшысы сәйкес келуін қамтамасыз ету керек.
Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру 3-ші жүздік немесе одан жоғары сұйылтудан және 70% спиртпен жүргізілуі керек.
Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру төмендегіше жүргізіледі: Көлемі, ішіне салынатын түйіршіктер салмағынан 1,5 немесе 2 есе үлкен, шыны банкалар алынады. Олардың біреуіне, 1 кг № 5 түйіршіктерге дәрінің 10 г тиесілі сұйылтуы есебінен және түйіршіктер біркелкі араласып қанығулары үшін соншалықты салмақты 70% этил спиртін қосады. Банканы қақпақпен жауып, пергамент қағазымен орап банканы бірден 10 минут бойына қолмен немесе 3-4 минут машина көмегімен шайқайды. Үрдіс аяқталғаннан кейін, түйіршіктерді пергаментпен жабылған тесік көздері бар ағаш тақтай бетіне төгіп, кептіреді.
Түйіршіктерді толық кептіру ауада жүргізіледі, содан кейін арнаулы ыдысқа көшіріледі.
Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру ұшқыш, иісті заттармен және барлық қышқылдарда 3-ші жүздік сұйылтудан төмен болмауы керек.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 3616;