Сімдіктегі шырын мөлшерін анықтау
§§ 2 және 3 бойынша дайындау үшін қолданылатын өсімдік шырындары мөлшерін анықтау төмендегіше жүргізіледі:
Алдымен ұсақталынған өсімдік массасының ылғалдығы 100°С анықталады.
Ылғалдығын анықтауға алынған шикізатты 10 мм шамасына дейін ұсақтайды, сынаққа ұсақталынған массаның екі үлгісін 3-5 г ±0,01 г дәлдікпен өлшеп алады. Әрбір үлгіні алдынала кептіріліп, қақпағымен өлшенген бюкске орналастырып 100-105°С қыздырылған кептіру шкафына жайғастырады. Өсімдіктер және оның жапырақтары мен гүлдері сынамаларын бірінші рет 2 сағаттан кейін, ал тамырлар, тамыршалар, қабықтар, жемістер, тұқымдар және басқа шикізаттар сынамасын 3 сағаттан кейін өлшейді. Сынамалар үлгілерін кептіру олардың массалары тұрақтанғанша жүргізіледі. Тұрақты масса алынды деп, егер алдыңғы өлшеуден кейін 30 минут кептіріліп және 30 минут эксикаторда суытылып өлшенген сынамалар массаларының айырмашылығы 0,01 г аспаған жағдайды айтады.
Шикізат ылғалдығын Х пайыз түрінде есептеп шығару келесі формула бойынша жүргізіледі:
Х = (m – m1 ) 100 ,
m
Бұл жерде: m – шикізатты кептіру алдындағы массасы, г;
m1 – шикізатты кептіргеннен кейінгі массасы, г;
Тәжірибенің соңғы нәтижесі ретінде екі параллелді сынаманың ортақ арифметикалық көрсеткішін алады. Екі параллелді сынама нәтижелерінің бір-бірінен алшақтығы 0,5 % аспауы керек.
Осымен қатар, шырынды өсімдіктерден біраз мөлшерде шырын сығып алады, сүзеді және 100°С кептіріп құрғақ қалдығын анықтайды.
Егер анықталған ылғал дәрежесін «а» белгілесе, құрғақ қалдық мөлшерін «б» деп белгілесе, онда өсімдіктегі шырын мөлшері «х» келесі формула бойынша есептелінеді:
Х = 100 а / 100 - б
Мысал. Берілгені: өсімдік - 100 бөлік
ылғал мөлшері «а» (100 бөлік өсімдікте)
шырын мөлшері «х» (100 бөлік өсімдікте)
шырындағы құрғақ қалдық мөлшері «б» (100 бөлік шырында)
Демек, 1 бөлік шырында бх / 100 құрғақ қалдық бар.
Теңдеу құрамыз: Шырын – құрғақ қалдық = ылғал, немесе
Х – бх / 100 = а
Х = а / б = 100 а / 100 - б; 1 – б / 100
Егер ұсақталынған масса шырышты немесе шырын мөлшері өте аз болып оны тікелей сығу мүмкін бомаса, онда сынақтағы өсімдік мөлшеріне оның массасына тең су қосып, мұқият және екпінді түрде араластырып 24 сағатқа қалдырады, сүзеді. Сүзілген шырынды 100°С кептіріп құрғақ қалдығын анықтайды. Егер анықталған құрғақ қалдық мөлшерін «с» деп белгілесе, онда өсімдіктегі шырын мөлшері «х» келесі формула бойынша есептелінеді:
Х = 100 (а + с)/ 100 -с
Жүргізіліп жатқан сынақ кезінде шырын мөлшері өзгермес үшін, сынақтағы массаның салмағының жартысына тең мөлшерде 90% этил спиртін қосады, мұқият араластырады және жарамды ыдысқа аударады.
Шырынның анықталған нәтижесіне байланысты эссенцияны §§ 2 және 3 бойынша дайындап, этил спиртінің жетпеген мөлшерімен толықтырады, барлығы тағы араластырылады.
§ 3 бойынша дайындалатын эссенцияның мысалы ретінде Украина Ұлттық фармацевтикалық академиясының дәрілік технология кафедрасында орындалған Туя батыстық (өмір ағашы) шикізаты қолданылған өндірістен (авторлардың рұқсатымен), сандық мәліметтер береміз:
Туяның жас бұтақшаларын ұсақтап ылғалдығын анықтайды. Шикізаттың 5,0 г екі үлгісін әдістеме бойынша кептіріп, есептеулер жасайды:
m – 4,8978 г,
1) m1 – 2,3647 г; 2) m1 – 2,3047 г.
Х1 = 4,8978 - 2,3647 100 = 51,31 %
4,8978
Х2 = 4,8978 - 2,3047 100 = 50,96 %
4,8978
Хорта = а = 51,13 %
Осыдан кейін 10,0 г ұсақталынған шикізатты судың тең мөлшерімен ботқа күйіне жеткенше араластырып, 24 сағатқа қалдырады. Бұдан кейін шырынды сығып алып, оның құрғақ қалдығын анықтайды: 5 мл шырынды өлшейді (дәлдік өлшем), жоғарыдағы әдістеме бойынша кептіреді және есептеулер жүргізеді:
1) m = 4,8017; 2) m = 4, 9357.
1) m1 = 0,2655; 2) m1 = 0, 2709.
Х1 = 0,2655 100 = 5,53 %
4,8017
Х2 = 0,2709 100 = 5,49 %
4,9357
Хорта = с = 5,51 %
Алынған нәтижелер бойынша шырын мөлшерін есептеп шығрады:
Х = 100 (а + с) = 100(51,13+5,51) = 59,94 %.
100 –с 100 – 5,51
Препарат өндіру үшін 100 г дайындалған шикізатты өлшеп алады, үстіне 50,0 г қосып ботқа түріне жеткенше ысқылайды, үстіне тағы 70,0 г 90 % этил спиртін қосып ары қарай әдістеме бойынша үрдісті жалғастырады. Дайындалған препаратты жапсырмамен көмкереді:
Es.Thuja Күні Сериясы Талдау қолы |
Эссенцияны § 2 және 3 талаптарына сәйкес дайындаудың технологиялық сызбасы № 3 сызбада көрсетілген алгоритм бойынша жүргізіледі:
| ||||||||||
|
| |||||||||
| ||||||||||
| ||||||||||
| ||||||||||
| ||||||||||
| ||||||||||
| ||||||||||
| ||||||||||
| ||||||||||
|
| |||||||||
|
| |||
| |||
| |||
| |||
|
Сызба № 3. Шбаве нұсқауының § 2 және 3 бойынша дайындалған эссенцияның алгоритмі
§ 3 бойынша дайындалатын ээсенциялар шикізаттары № 5 кестеде келтірілген.
§ 4
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1366;