Дәрілерді сақтау және жіберу ережелері
«А» және «Б» тізіміне кіргізілген құралдар фармацияның жалпы ережелері бойынша сақталынады және тиесілі жапсырмалармен қамтамасыздалады.
Құрамына улы және жоғары әсерлі дәрілік заттар кіретін дәрілік қалыптар, дәріханадан тек 4-ші ондық сұйылту жағдайында ғана жіберілуге рұқсат етіледі.
Гомеопатиялық дәрілік қалыптарды дайындау технологиясының өзіндік сипаттамасының болуын керек етуі, олардың фармацевтикалық тәжірибеде қалыптасқан технологиядан едәуір ерекшеліктеріне байланысты.
Негізгі гомеопатиялық дәрілер тек балауса және кептірілген шөптерден, жануарлар мен жәндіктер бездерінің өнімдерінен немесе жәндікті толық пайдаланып қана емес, сонымен қатар химиялық қосылыстардан да дайындалуына байланысты, олардан дәрілік қалыптар дайындау төменде келтірілген, 9 параграфтан тұратын, ережелерді сақтау арқылы жүргізілуі керек.
Гомеопатиялық дәрілердің түрлері негізінен сұйықтар немесе ұнтақтар күйінде болып келеді және оларды дайындау әдістері тиесілі параграфтарда көрсетілген.
§§ 1,2,3 - де эссенциялар және тұрындыларды балауса шөптерден дайындау ережелері көрсетілген;
§§ 4 - эссенциялар және тұрындыларды кептірілген шөптерден, жаңа сойылған жануарлар ұлпаларынан және жәндіктерден (құмырсқалар, аралар, теңіз жұлдыздары және т. б.) дайындау ережелері көрсетілген;
§§ 5 және 6 – сулы, спиртті ерітінділерді минералды және химиялық қосылыстардан дайындау ережелері көрсетілген;
§§ 7, 8, 9 – ұнтақтарды (тритурация) минерал тектес құрғақ және сұйық заттардан, химиялық қосылыстардан, эссенциялар мен тұрындылардан дайындау жолдары көрсетілген.
Дәрілік құралдар әсерлі болуы және капиллярлы-люминесценттік әдіспен тексергенде дұрыс нәтиже көрсетуі үшін, оларды дайындау кезінде 1-9 параграфтарда келтірілген барлық ережелерді мұқият орындау керек.
Дәрілік қалыптарды ондық немесе жүздік шкала бойынша негізгі затты сұйылтып, не үгіп дайындау «Гомеопатиялық дәрілік құрамдарды дайындау технологиясы» бөлімінде келтірілген ережелер бойынша жүргізіледі.
Гомеопатиялық дәрілік қалыптар сұйық түрде (diluto), ұнтақталған түрде (trituratio), қанттан дайындалған түйіршіктерді қанықтыру арқылы гранула (granuli, globuli), немесе таблеткалар (tabulettae) түрінде дайындалады.
Гомеопатиялық дәріханаларда дайындалатын жақпа майлар мен сұйық майлар ерітінділерін дайындау ережелері Мемлекеттік фармакопеяда көрсетілгендей.
Гомеопатия тәжрибесінде тәннің сыртына пайдаланылатын спирттер қоспасы және оподельдоктар дайындалады.
Гомеопатиялық дәріханаларда кейбір препараттар рецептсіз жіберіледі. Мысалы, антигриппин, антиклимактерин, антинервин, астмаға, көк жөтелге т.б. қарсы тамшылар.
Жоғары әсерлі немесе улы дәрілік заттары бар препараттар рецепт бойынша тек төртінші ондық сұйылтудан бастап жіберіледі.
Осы бөлімде гомеопатиялық дәріханаларға керекті арнаулы аппаратура мен құрал-жабдықтар сипаттамалары да келтірілген.
Зауыт-фабрикаларда шығарылатын гомеопатиялық құрамдарды дайындайтын аппаратуралар, олардың күрделігіне және ерекшеліктеріне орай, арнаулы сипатталынуды қажет етеді.
Қолданысқа керекті шикізатты және одан дайындалған эссенциямен гомеопатиялық сұйылтуларды тексеру үшін гомеопатиялық фармакопеяда, қалыптасқан әдістермен қатар, дәлдігі жоғары және тиімді капиллярлы-люминисценттік талдау әдісі қолданылады. Бұл әдіс дәрілік қалыптың дұрыс дайындалғанын және оның ерекше өзіндік суреттемесін бере алады.
Халықаралық гомеопатиялық фармакопеяға қабылданған, Пейгебауер мен Платц зерттеп дайындаған капиллярлы-люминисценттік әдіс талқыланып тәжрибелік іске бейімделген.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2179;