Сұйық дәрілік қалыптар

 

Сулы ерітінділер. 1 салмақтық бөлшекке 9 немесе 99 бөлшек су қосады, сүзеді. Осылай дайындалған ерітінділер бірінші ондық Х1 немесе бірінші жүздік С1 сұйылтуға сәйкес.

Спиртті ерітінділер. Дәрілік заттың 1 бөлшегін спирттің 9 немесе 99 бөлшегімен араластырады Х1 немесе С1 жүздік сұйылту ерітіндісі шығады. Қолданылатын этил спирті концентрациясы жеке баптарда көрсетіледі.

Дәріханаларда сұйық сұйылтуларды эссенциялардан, тұндырмалардан, ерітінділерден 45% этил спирті көмегімен дайындайды.

Сұйық сұйылтуларды ұнтақтардан дайындау. Үшінші жүздік тритурацияның 1 салмақтың өлшемін судың 79 бөлшегімен ерітіп, 90% этил спиртінің 20 салмақтық бөлшегін қосады, құбырдың 2/3 көлемін алатын ерітіндіні 10 рет шайқайды. Бұл ретте төртінші жүздік (4) алынады. Егер 4 сұйылтудың 1 бөлшегін этил спиртінің 99 салмақтың бөлшегімен 10 рет шайқап араластырса, 5 сұйылту алынады. Келесі жүздік сұйылтуларды алдыңғы сұйылтудың 1 салмақтық бөлшегіне 45% этил спиртінің 99 салмақтық бөлшегін араластырып алады.

Линименттер (сұйық оподельдоктар). Оподельдок негізін сабын спиртінің 2 бөлігін, судың 1 бөлігін және 96% этил спиртінің 1 бөлігімен араластырып алады. Бұл негізді тұндырмалардың (3%, 5%, 10%) әртүрлі мөлшерімен араластырып алады.

Мысалы, оподельдок Ледум 10% багульник тұндырмасынан тұрады, оподельдок Рус-5% ұлы сумах тұндырмасынан тұрады.

 

Қатты дәрілік қалыптар. Ұнтақтар (тритурациялар)

Гомеопатияда қатты дәрілік қалыптарды сүт қантымен ұнтақтап алады. Жүздік шкала бойынша 0,1 г дәрілік затты 9,9 г сүт қантымен, ондықшкала бойынша 1 г дәрілік затты 9 г сүт қантымен араластырып фарфор келіде ұнтақтап алады. Осы сияқты 1г жүздік сұйылтуды немесе 1г ондық сұйылтуды 99г немесе 9г сүт қантымен ұнтақтап екінші жүздің немесе екінші ондық сұйылту алады. «Гомеопатиялық дәрілік құрамдар» нұсқаулығы бойынша 1 сұйылтуға 1 сағат уақыт кетеді. Бұл жағдайда сүт қантын 3 бөледі. Бірінші бөлігін келіге салып, келіде бірнеше рет араластырып, келі тесіктерін бітегенннен кейін дәрілік затты қосады. 6 минут бойына ұнтақтап, 4 минут пластикалы қалақша сапырады. Осы операция тағы бір рет қайталанады. Содан кейін сүт қантының екінші бөлігін келіге салып, тағы екі реттен ұнтақтап, екі рет сапырады. Сүт қантының үшінші бөлігімен осы үрдістер қайталанады.

Тритурацияларды сулы немесе этанолды ерітінділерден де дайындайды. Бұл кезде 2 тамшы сулы немесе 4 тамшы спиртті 9,9 г сүт қантымен ұнтақтайды, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алынады.

Тритурацияларды эссенция мен тұндырмалардан дайындағанда: а) эссенцияның 2 бөлігін 99 бөлік сүт қантымен ұнтақтап, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алады; б) эссенцияның 3 бөлігін 99 сүт қанты бөлігімен араластырып ұнтақтайды, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алады; в) тұндырманың 1 бөлігін 99 бөлік сүт қантымен араластырып ұнтақтайды (1 немесе 2х сұйылту).

Гранулалар (пилюлалар, түйіршіктер). Гранулаларды рафинад қантымен дайындайды. Гранулалар суда жақсы еруге тиіс. Гранулалар гомеопатиялық сұйылтуларды жақсы сіңіру үшін олардың салмақтары 0,002 ден 0,5 г дейін болады. Жиірек пайдаланылатын гранулалар массалары 0,022 ден 0,033 г дейін. Гранулаларды қанықтыру үшін оларды әрқайсысы 0,022 г гранулалардың 1 кг құбырға салып 10 г сұйылтылған дәрілік зат ерітіндісін және 10 г 70 % этил спиртін қосып тығыздап тығындайды және қолмен 10 мин., арнаулы қондырғыда 3-4 мин. шайқайды. Гранулаларды ауада кептіреді. Дәрілік заттар ауыз қуысы шырышты қабатында ,гомеопатиялық ұнтақтар және гранулалард тіл астында қабылдайды.

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 3097;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.