Жүздік сұйылту шкаласы

 

Гомеопатиялық дәрілік қалыптарды жүздік сұйылту шкаласы бойынша дайындау келесі негізгі ұстаным арқылы жүргізіледі: бірінші жүздік сұйылту (1, С1) бастапқы дәрілік заттың 1/100 бөлігінен тұрады. Әрбір келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудың бір бөлігінен және индифферентті сұйылтқыштың (тазартылған су, этил спирті, сүт қанты) 99 салмақтық бөлігімен дайындалады, яғни келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудан 100 есе жоғары.

Бұл гомеопатиялық ережелер барлық гомеопатиялық мемлекеттік фармакопеялар басылымындағы кейбір құрамдарды да дайындауда сақталынады.

Сонымен қатар ондық және жүздік, ал кейбір жағдайда мыңдық сұйылтулар концентрациясын салыстыра отырып, олардың құрамына кіретін дәрілік заттың мөлшерін білуге болады (№ 1 кесте). Ганеман өзінің алдыңғы дәрігерлік тәжірибелерінде негізінен жүздік сұйылтуды қолданған, кейіннен 1 000 - мыңдық (М шкаласы) және 50 000 (LМ шкаласы) сұйылтуларды тәжірибеге ұсынған. Қазіргі кезде барлық сұйылту шкалалары қолданылады.

 

Кесте № 1. Гомеопатиялық құралдарды сұйылту шкаласы

 

  Ондық шкаласы (децимальді)   Жуздік шкаласы (центисимальді)   Мындық шкаласы
Сұйылту дәрежесі Дәрілік дәреженің мөлшері Сұйылту дәрежесі Дәрілік дәреженің мөлшері Сұйылту дәрежесі Дәрілік дәреженің мөлшері
XI (D1) 1:10 (10-1)        
Х2 (D2) 1: 100 (10-2) (С1) 1:100 (10-2)    
ХЗ (D3) 1: 1000 (10-3)     Ml 1 :1000 (10-3)
Х4 (D4) 1: 10 000 (10-4) 2 (С2) 1: 10 000 (10-4)    
Х5 (D5) 1: 100 000 (10-5)        
Х6 (D6) 1 : 1 000 000 (10-6) 3 (СЗ) 1: 1 000 000 (10-6) М2 1 : 1 000 000 (10-6)
Х7 (D7) 1 : 1 000 0000 (10-7)        
Х8 (D8) 1 : 1 000 00000 (10-8) 4 (С4) 1: 100 000 000 (10-8)    
Х9 (D9) 1 : 1 000 000 000 (10-9)     МЗ 1 : 1 000 000 000 (10-9)
Х10 (D10) 1:10 000 000 000 (10-10) 5 (С5) 1:10 000000 000 (10-10)    

 

Кесте № 2. Потенциялау шкаласы

 

  № п/п   Араластырылған заттардың мөлшері   Көмекші затт ың мөлшері   Дәрілік зат және араластырылған заттардың қатынасы   Потенциялаудың белгіленуі
Ондық шкаласы (децимальді)
1 бөлшек 9 бөлшек 1:10 X1 немесе D1
1 бөлшек 1-ші потенциялау 9 бөлшек 1:100 Х2 немесе D2
1 бөлшек 2- ші потенциялау 9 бөлшек 1:1000 ХЗ немесе D3
1 бөлшек 3- ші потенциялау 9 бөлшек 1:10 000 Х4 немесе D4
1 бөлшек 4- ші потенциялау 9 бөлшек 1:100 000 Х5 немесе D5
Жүздік шкаласы (центисимальді)
1 бөлшек 99 бөлшек 1:100 1 немесе С1
1 бөлшек 1- ші потенциялау 99 бөлшек 1:10 000 2 немесе С2
1 бөлшек 2- ші потенциялау 99 бөлшек 1:1000 000 3 немесе СЗ
1 бөлшек 3- ші потенциялау 99 бөлшек 1:100 000 000 4 немесе С4
1 бөлшек 4- ші потенциялау 99 бөлшек 1:10 000 000 000 5 немесе С5

 

Жоғарыда келтірілген мысалдар дәрілік қалыпты потенциалаудың негізгі ұстанымын көрсетеді: әрбір алдыңғы потенциядан келесі индифферентті еріткіш құйылған шыны ыдысқа немесе сүт қанты бар келіге көшіріп екпінді қимылмен 10 рет шайқайды немесе келіде 10 минут ысқылайды және осы үрдіс керекті сұйылтуға дейін жалғастырылады. Кейбір потенциялар гомеопатияның 200 жылдан аса тәжірибесінде кеңінен қолданылып және тыңғылықты тексеріліп стандартты болу дәрежесіне жеткен.

Гомеопатия тәжірибесінде С. Ганеман сұйылтуларынан басқа 1829 жылы С.Н. Корсаков ұсынған сұйылту әдісі бар. Корсаков сұйылту әдісі бойынша дәрілік препаратты дайындау бір ыдыста орындалады. Стакандағы ерітіндіні тез төңкерген кезде, әрқашан ыдыста, дәрілік заттың алдыңғы потенциясының ақпараты сақталынған тамшы қалады. Тамшы ары қарай осы ыдыста 10, 100 рет сұйылтылады. Мысалы, потенциялау ыдысына 9,9 г қажетті концентрациядағы спирт өлшеп алынады, үстіне 0,1 г (3 тамшы) бастапқы ерітіндіні қосып 10 рет екпінді араластырылады, содан кейін оны С1 деп белгіленген ыдысқа көшіреді. Ал, сұйықтан босаған ыдысқа тағы 9,9 г спиртті өлшеп алады және тағы екпінді араластырады – С2 деп белгілеген ыдысқа аударады. Осылай үрдісті керекті сұйылтуға дейін жалғастыра береді. Корсаков әдісі техникалық орындалуы жеңіл болғанымен дәлдігі аз болуына байланысты сирек қолданылады.

Сонымен қатар, гомеопатияда Ганеман ұсынған LM – потенциясын орындау тәжірибесі қолданыста бар. Бұл потенция өте жоғарғы сұйылтумен алынады және емдік әсері ағзаға жарты сағат уақытысында беріледі. Олардың әсерін болжауға, бақылауға және реттеуге болады.

А.Я. Катин және М.А. Катина ұсыныстарына сәйкес LM – потенциясын дайындау барысында дәрілік заттың D6 сұйылтуынан дайындалған LM-Q бастапқы ерітінді ретінде қабылданған. Дәрілік заттың ерігіштігіне байланысты бірінші 3 сұйылтуды жүргізу реті: сұйық фазада ерігіш заттармен және өсімдік препараттарымен (тазартылған су ерітіндісінде немесе 45% не 60% спиртте); ерімейтін заттармен – минералды немесе өсімдік шикізатынан алынған шикізаттарды ұнтақталған күйінде.

LM-Q бастапқы препаратты D6 бойынша дайындалған 60 мкл сұйықты немесе 60 мкг ұнтақты 45% спирттің 500 тамшысында еріту арқылы дайындайды. Дайындау кезінде 100 жоғары-төмен екпінді сілкініс болу керек.

LM- шкаласын дайындаудың басты ерекшелігі 2 сатылы сұйылтуда.

Бірінші саты бойынша 60 мкл (0,06 мл) LM-Q сұйықты еріткіштің 100 тамшысында еріту. Дайындау кезінде 100 жоғары-төмен екпінді сілкініс болу керек.

Екінші саты бойынша LM -шкаласының әрбір сұйылтуы бірінші сатыда 500 грануламен алынған ерітінідімен қанықтырылады.

Осылай екі сатылы LM –шкаласына сәйкестендіріп дайындалған сұйылтудың теориялық нәтижесі 50 000 және бірінші сатыдағы жүздік сұйылтудың екінші сатыдағы 500 сұйылтуы.

Күнделікті қолданыстағы дағдылы сұйылтулар: D2, D3, D12 (C6), C12, C18, C30, C50, C100, C200, C500, C1000, C10 000; мыңдық шкаладан – М1, М5, М10, СМ1, LM-шкаласынан: LM1, LM2, LM5 және LM30-ға дейін.

Гомеопатиялық тәжірибеде тинктуралар үшін төменгі сұйылтулар деп алтыншы жүздік (С6) сұйылтуға дейін, орта - С6 - дан С12 – ге дейін, жоғарғы – С12 – ден жоғары, өте жоғарғы сұйылтулар – С100 – ден С1000- ға және одан жоғарғы деп қабылданған. Өсімдік шиізатынан алынған уытты емес дәрілік заттардан матрицалы тинктура дайындау үшін: 1 тамшы белсенді субстанцияны 99 тамшы спиртке араластырады.

Тәжірибелі гомеопат-дәрігерлер ұйғарымы бойынша төменгі потенциялы D6 (Х6) дейінгі сұйылтулар жақсы әсер береді, ал жоғары сатылы жүздік потенциялар жылдам әсерлі болып келеді.

Гомеопатиялық препараттарды тамақ алдында 30 минут немесе 30 минут тамақ ішкеннен кейін қабылдау оңтайлы. Ересек адамдар биоритмін ескере отырып 6-8 тамшыдан немесе тіл астында соруға 6-8 грануладан тағайындайды.Ұнтақтар қабылдауын «шәй қасық ұшымен» (бір доза шамамен 0,2 г) тағайындайды.

Көптеген жағдайда 45% этанолда дайындалған сұйық дәрілер тамшылар санымен тағайындалады. Есептеу кезінде 1г дәрілік құрал 50 тамшыдан тұрады деп қаралады. Сондықтан 1-ші ондық сұйылтуда 0,01г, ал орташа тәулік фазасында шамамен 0,05г гомеопатикалық құрам бар. Барлық жағдайда дәрілік қалып міндетті түрде 2-3 рет шайқалынуы керек.

Қәзіргі гомеопат – дәрігерлер, ертеде XVIII, XIX ғасырлардағы қалыптасқан көзқарастарды (кіші доза) толық мойындамайды. Соған қарамай көптеген дәрілік препараттар 12 жүздік сұйылтуда пайдаланылады (чилибуха, игнация, колоцинт, бриония, ликопадий, күкірт, алтын йодиді ж.б.), барлығы 27-атау, 9 құрам – 30 сұйылтуда (1·10-60) қолданылады – игнация, арника, хина, графит, күміс нитраты т.б.

Бірақ дәріханада пайдаланылатын судың ішінде көптеген элементтер, гомеопатия тұрғысынан қарағанда өте жоғары 10-7 – 10-8 % концентрацияда болғанымен, тазартылған су гомеопатиялық сұйылтулар дайындау үшін қолданылады.








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1921;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.