Суперовуляцияның мөлшері және деңгейі

Овуляция мөлшері – ұрғашылырдың репродукциялық белсендігінің физиологиялық мүмкіншілігінің көрсеткіші, фолликулалардан ооциттердің циклмен шыққанын белгілейді.

Овуляцияның мөлшері ана бездің белсенділігі тұралы мінездеме береді. Овуляция мөлшеріне селекция өткізіп жануарлардың төлінің санын көбейтүге болады. Гонадотропиндермен ана бездердің мүмкіншіліктерін жоғарлату болады. Сол кезде:

а) өсетін фолликулалардың саны көбейеді;

б) фолликулалардың өсүі тездетіледі;

в) ана бездер гонадотропиндерге сезімді болады.

Ұрғашылардың түрлеріне байланысты – бір жыныс циклында овуляциядан өтетін ооциттердің саны: жылқыларда, сиырларда, қойларда – 1 немесе 2, теңіз шошқаларда, үй қояндарда, зертханалық тышқандарда, шошқаларда – үштен артық.

Фолликулалардың өсіп дамуы ана бездің гормондарының және гипофизден шыққан гонадотропинның қарым-қатынасуына байланысты. Сондықтан, овуляция мөлшерін ұрғашылардың ана бездеріне экзогендық гонадотропиндермен әсер етіп өсірүге болады. Осы кезде ана бездердің реакциясы полиовуляциялық болады. Бір жыныс циклнде гормонмен әсер етілген донор-ұрғашыдан қосымша овуляциялардың алынған санын – суперовуляция денгейі деп атайды.

Суперовуляция деңгейі бірден туатын жануарларға – 3-15, көптен туатындарға – 5-15тен бастап 30-45ке дейін болады. Овуляция мөлшері жоғары болса, суперовуляция деңгейіде жоғары болады.

Суперовуляция деңгейін ұсақ жануарларда лапаротомия кезінде, ірі жануарларда ректаль әдісімен ана бездегі сары денелерді санап анықтайды. Осы көрсеткіш эндогендық және экзогендық факторлармен байланысты.

Эндогенді себепкер шарттар:

1) жануарлардың түрі;

2) жануарлардың тұқымы;

3) жануарлардың жасы (шошқаларға 2-3, қойларға 2,5-3,5, сиырларға 3-6 жас);

4) ұрғашы-донорлардың қолдану мерзімі (ана бездердің реакциясы гонадотропиндермен бір неше рет қолданғанда төмендейді);

5) жеке қасиеттер (жалпы физиологиялық жағдай, зат алмасу және ағзаның гормондарының жағдайы);

6) жыныс циклының кезеңі (суперовуляцияны жыныс циклдың лютеалдық фазасында қоздырады).

Экзогенді себепкер шарттар:

1) азық беру және ұстау жағдайлары;

2) көбеюге жарамды жыл мезгілі;

3) гормон препараттарының сапасы, кестелері және әсер беру мөлшерлері:

- мөлшер аз болса, суперовуляция қоздырылмайды, неге десек сары дене дайын болмайды;

- мөлшер жоғары болса,ооциттердің дамуы өзгереді немесе патологиялық өзгерістер жаратылады.

Малшаруашылықта көбею биотехнологияның көрсеткіштері келесі - суперовуляцияның деңгейі, ұрықтардың жақсы жуылып шығуы, жуылып шыққан толық биологиялық ұрықтардың саны, ұрықтардың тіркелүі және туған транспланттардың саны. Көбею биотехнологияның жұмыстарымен алынған биоматериалды келесі кезеңдерге бөледі:

1 - экзгормоналдық әсермен алынған суперовуляциялық ооциттер.

2 - ұрықтандырылған және ұрықтандырылмаған ооциттер.

3 - биологиялық толық және толық емес ұрықтар.

4 - тіркетіліп дамып жатқан ұрықтар.

5 - реципиенттерден алынған трансплантаттар.

Биотехнологиялық эксперимент дүріс өткізілгенде донорда овуляцияның саны бірден туатындарда 6-12, көптен туатындарда 15-30 болу керек.

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2520;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.