Рықтарды in vivo культивирлеу
Тіркелу алдындағы даму – даму кезең. Осы кезеңде зигота ұрықтандырылған жерден (фаллопий түтігінің ампуласы) репродукция жолдан тіркелу орнына (жатырдың мүйізшесі немесе денесі) бір неше бөлінуден өтіп бластула жаратып барады.
Зигота – ұрықтандырылған жұмыртқа жасұшасы. Зиготаның дамуының екі кезеңін айырады: екі пронуклеус кезеңі (кариогамияға дейін) және піскен зигота кезеңі (кариогамиядан кейін).
Пронуклеустердің кезеңіндегі біржасұшалы ұрық. Пронуклеустер ұрықтандырудан кейін 1,5-2 сағат өтіп қалыптасады.
Кариогамия ( гаметалардың екеүінің ядролық материалының бірігуі) жұмыртқа жасұшасы толық пісіп жеткенде басталады. Осы ұрықтанудың ақырғы кезеңі.
Екі пронуклеус кезеңінде ата ананың нәсілдік белгілері жұмыртқа жасұшаның цитоплазмасында әлі бөлек орналасады. Кариогамидан кейін 6-10 сағатта зигота «пісу» кезеңіне өтеді. Осы кезең 10-12 сағатқа созылады. Осыдан кейін бірінші бөліну басталады.
Бөліну – зиготаның бластомераларға бөлінуі. Митотикалы бөліну қортындысында зигота бөлініп бластомералардың көп саны жаратылады. Осыдан кейін құысы (бластоцель) бар бластула жаратылады. Бластула жаратылу бөліну үдірісін тоқтатып гаструляция басталады.
Ұрықтың тіркелу жеріне жылжуы. Жануарлардың ұрығының бөлінуі фаллопий түтігінен жылжығанда өтеді. Ұрық ұрықтану жерінен тіркелу жеріне дейін жылжып барады ірі қара малда 7-8 (морула), жылқыларда 5-7 (морула – бластоциста), қойларда 4-5 (алғашқы морула), шошкаларда 2-3 (8-16 бластомералық ұрық) күн.
Жатырдың түтіктерінің суйықтығы дамып жатқан ұрықты қоректендіреді.
Ұрықтандырылмаған жұмыртқа жасұшалардың мөлдір қабыршығы жұмсарып ыдырап кетеді. Сперматазоидтер жыныс жолынан нейтрофилдармен жойылып шығарылады.
Сиырларда ұрық 22 күнде, қойларда 15 күнде, шошқаларда 13 күнде, жылқыларда 37 күнде тіркеледі.
Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 1727;