Рықтарды жуып алу

Ұрықтарды жуып алу – ұрықтарды репродукция мүшелерінен (фаллопий түтіктері, жатыр) алуға көмектесетін әдіс. Әдісте қоректік орталармен қолданады. Ұрықтарды алу үшін қоректік ортаны фаллопий түтікшесінен өткізеді немесе жатырдан өткізеді.

Малшаруашылықта ұрықтарды жуу үш әдіс бар:

1) Ұрғашы-донорларды өлтіру (зертханалық жануарлар және етке баратын ірі қара малдар);

2) Хирургиялық (орташа малдарда);

3) Хирургиялық емес (ірі малдарда).

Ұрықтарды жұғанда үш кезең айырады: дайындау, жуу кезең, жуып шығарып алған кезең.

Ұрықтарды жуып алу әдістерді қысқаша қарастыруға болады. Бірінші - өлтіру әдіспен ұрықтарды зертханалық тышқандардан жуып алады. Ол тышқандардың кішкентай болғанымен байланысты.

Осы жұмысты өткізу үшін тышқандарды өлтіреді, жыныс мүшелерін босатып шығарып алып, Петри табақшаларына салады. Ұрықтарды жұмыртқа түтіктерінен немесе жатырдың мүйізшелерінен жуып алады.

Бірінші әдісте ұрықтарды зигота және бөліну кезеңде жуады, екінші әдісте – морула және бластоциста кезеңдерде.

Механикалық әдістермен ұлпалардың бүтіндігін бұзып жануарлардың ұрғашыларының жыныс мүшелеріне жетіп ұрықтарды транспланттау әдісі хирургиялық деп аталады. Қойларда, ешкілерде, шошқаларда репродуктивті жолға трансплантация кезінде келесі жолмен жетеді:

1) қарынның ақ сызығымен наркоздың көмегімен лапаротомия (вентралды лапаротомия) әдісімен кесіп жануарды арқасына жатқызып жатырдың мүйізшелерін жуу;

2) әдейленген құрал (эффеминатор) көмегімен жануардың тұрған күйінде ұрықтарды жуып алу;

3) лапароскопия – лапароскопиялық троакардың көмегімен өткізілетін әдіс.

Хирургиялық әдістен кейін жұмыртқа жасұшалардың сары денелерінің санымен овуляциялардың санын анықтайды. Осыдан кейін жуу үдірісін бастайды.

Ұрықтарды алу үшін жыныс мүшелерін екі әдіспен жуады:

1) Жатырлы – инені жатырдың мүйізіне салып жуатын суйықтықты жібереді.

2) Жатырлы-түтікті – екі нұсқаға бөлінеді:

а) ұрықтарды жатырдың мүйізінен алу – жуатын суйықтықты жатырдың мүйізшесіне жібереді;

б) жуатын суйықтықты жатырдың мүйізінен ампулаға қарай жібереді.

Жуатын суйықтықтың мөлшері 15-20 мл. Ұрықтары бар орта 30 мл көлемде сынауыққа немесе Петри табақшасына алынады.

Ұрықтарды хирургиялық жолмен алу жұмысты овуляциядан кейін өткізеді (күйіттің екінші күнінде). Осы уақытта ұрықтар жатырдың мүйізшесінің негізіне жетіп зигота және морула кезеңдерінде болады. Қойларда ұрықтар дамудың осы кезеңдерінде күйіттен кейін 1-5 күндерде болады.

Хирургиялық емес әдіс- ұрғашы жануарлардың жыныс мүшелеріне механикалық әсердің көмегімен ұлпалардың бүтіндігін бұзбай ұрықтарды жуып алу әдіс. Ірі жануарлардың (сиырлардың) ұрықтарын катетерлердің көмегімен сарпай жақтан жатырдың ішіне кіріп жуып алып шығарады.

Ұрықтарды жатырдың мүйізшесіне кіріп жатырға тіркелмеген аралықта жуып алуға керек.

Жуып алу әдісті таңдау келесі себепкер шарттармен белгіленеді:

1) жануардың түрі;

2) жануардың денесінің үлкендігі;

3) тіркеуге мүмкіншілік беретін ұрықтың даму кезеңі.

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2307;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.