Генетикалық бағдарламаны талғау

Генетикалық бағдарламаны талғау РНҚ арқылы өткізіледі. РНҚның ДНҚдан айырмашылығы:

А) моносахарид рибозамен көрсетілген;

Б) тиминнің орнына урацил;

В) РНҚ бір шынжырдан тұрады.

Генетикалық бағдарламаны талғайтын РНҚның үш түрі бар – транспорттық РНҚ, рибосомалдық РНҚ, матрицалық РНҚ. Жасұшаларда транскрипцияға жауап беретін РНҚ – полимераза.

Транскрипция – ДНҚ молекуласында РНҚ синтезі.

Трансляция – полипептидтық шынжырға мРНҚдағы бағдарламаны көшіру.

 

Рекомбинанттық ДНҚ

Рекомбинанттық ДНҚ (рДНҚ) - әр түрлі ДНҚлардан тұратын in vitro жағдайында құрастырылған жүзікті молекула: рДНҚ = эукариоттардың ДНҚсы + прокариоттардың ДНҚсы (немесе вирустердің ДНҚсы). рДНҚда эукариоттардың ДНҚ бөлшектері реттейтін ген болып бөтен ДНҚ ретінде жұмыс істейді. Ал прокариоттардың немесе вирустердің ДНҚсы вектор болып , бөтен ДНҚны тасып, репликация (ДНҚ молекуласы екеу болу) және экспрессия ( бағдарлама полипептид шынжырларына барып ДНҚ молекуласында РНҚ синтезделу) механизмдерге жағдай тұдырады.

рДНҚда жасұшада биохимиялық үдірістерді өткізетін биологиялы маңызды бағдарлама болады, екіншіден, онда иенің жасұшасында бөтен генге көбеюге көмектесетін ДНҚ-вектор бар.

рДНҚ технология бойынша генетикалық бағдарлама бір биологиялық жүйеден екінші жүйеге апарылады. рДНҚ технологиясының ұстанымдары келесі:

Ген және вектор алу.

рДНҚ «құрастыру».

Бактериалдық жасұшаға (реципиент-жасұша) рДНҚ апару.

Трансформациядан өткен бактериалдық жасұшаларды бөліп алып сұрыптау.

рДНҚ клондау және тәжірибеде қолдану.








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 1644;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.