Жас ерекшелігі психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты проблема болып табылады. Оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-қатынас және ересек адамдармен салыстырғандағы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы проблеманың шешілуіне байланысты.
ХХ ғасырдың басында педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, мұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғанашамалап айқындайды. Бұл екі бағыт та 30-жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды.
Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән? Оған «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-желпі, атүсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болып көрінгенімен биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор айқындаушы фактор болып есептеледі. Биологияшылдардың пікірі бойынша, даму, жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылық қасиетімен анықталады, ал орта – бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғанаболып табылады.
Психикалық дамуда биологияшылдарға тән тұқым қуалаушылық факторларды артық бағалауы, олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатын заңға еруі толық айқындап беріледі. Психологиядағы биогенетикалық заң дегеніміз ХІХ ғасырда Геккель тұжырымдаған белгілі эволюция заңын (онтогенез филогенездің қысқара қайталануы) жасерекшелігі психологиясы саласына ауыстыру әрекеті. Құрсақтағы тіршілігі кезеңде адам ұрығы бір клеткалы жанды заттан адамға дейінгі бүкіл даму сатысын қайталайтыны тәрізді, бала адамзат тарихының негізгі кезеңдерін жаңғыртып шығады. Биологиялық күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез-құлқының формалары бірін-бірі заңды түрде ауыстырып отырады. Мәселен, бала басынан өткізеді-міс деген бес кезең: тағылық кезең, аңшылық кезең, бақташылық кезең, егіншілік кезең, сауда-өндірістік кезең бөліп алынды. Мұндай кезеңге бөлуге сәйкес, бала тағы болыр туып, біртіндеп дамудың барлық сатысынан өтеді де, соңғы сатыда ақшаға, саудағ айырбасқа сөзсіз ынта білдіред яғн капиталистік қоғам мұраттарына толық сай болады.
Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңының негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ол сыртқы фактор ретінде қайсыбір табиғи тұқым қуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамдыболады деген идея жатқызылады. Биогенетикалық заңнан кертартпа педагогикалық қорытындылар шығарылады. Бала дамуының табиғи барысына араласу жіберуге болмайтын қателік ретінде қаралды. Биогенетизм «еркін тәрбие» деген педагогикалық теорияның психологиялық негізіне айналды.
Педагогикалық психологиядағы биогенетикалық бағыттың диалектикаға қарсы, механистік сипатын совет педагогтары мен психологтары 30-жылдардың басында жете түсінеді.
Педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың да қателігі аз болған жоқ. Айырмашылығы бар сияқты болып көрінгенімен бұл теориялар бір-біріне көп жағынан жақындасып жатады. Бұл бағытты жақтаушылардың пікірі бойынша, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті : қоршаған орта қандай болса, адамның түптеп келгендегі жеке басы, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары (бұл әуел бастан және мүлдем тікелей ортада беріледі) сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер тәрізді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам белсенділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік орта жағдайында көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып қалады. Даму мәселесіне механистік қатынас, жеке адамның өз белсенділігін, оның қалыптасуының диалектикалық қайшылықтарын елемеу – педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың анық идеялық-теориялық ақаулары осылар. Психологиядағы биогенетикалық және социогенетикалық ағымдар 30-жылдардың өзінде-ақ кеңестік психологиялық-педагогикалық ғылымының сын объектілеріне айналды.
Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 5505;