Объективті ж/е субъективті көзқарас

Тұлғаны зерттеудегі психологиялық әдістер жүйесі екі негізгі диагностикалық көзқарастарда нақтыланады, олар барлық әдістерді қамтиды.

Объективті көзқарас –диагноcтикасы істің нәтижелілігі мен тәсілінің аналізіне негізделетін көзқарас.

Субъективті көзқарас – диагноcтикасы тұлғаның анкета ж/е сұрауларға жауап арқылы өзі берген мәліметтерге негізделетін көзқарас.

Осы екі көзқарас арасында шекара бар деп айтуға болмайды, өйткені кейбір әдістер екеуіндеде қолданса, кейбіреуі аралық орынды алады.

“L”, “Q” ж/е “T” берілгендерін алу әдісі

“L” - берілгені арқылы тұлғаның қалыптасуы мен дамуының бастапқы зерттеулері жүргізіледі. “L” – берілгені іс (ойын, оқу барысы, жұмыс) процессіндегі әрекеттердің тіркеу жолымен алынады. Олар деректердің психологиялық анализі, бақылау ж/е жеке сөйлесу сияқты әдістер арқылы тіркеледі.

“Q”– берілгені анкета ж/е жеке тестілеу жолымен алынады. Ақпаратты осы жолмен алу оңай болғандықтан “Q”– берілгені кеңінен таралған негізгі әдіс.

“T”– берілгені психикалық құбылыстарды зерттеудегі объективті көзқарас. “T”– берілгені қылықтар сараптамасы арқылы алынады. Олар тест, психологиялық эксперимент, социометриялық сұраулар әдістері арқылы тіркеледі.

Сонымен, қарастырылған психологиялық принциптер ж/е тұлғалық-әлуметтік-іскерлік көзқарас психологиялық зерттеулердіңнегізі болып саналады.

Психология ғылымының зерттеу әдістері

Психологияда зерттеу әдістерін 4 үлкен топқа бөледі.

(Б.Г.Ананьев бойынша)

Йымдастырушы

Салыстырмалы, лангитюдтық және комплекстік. Бұл әдістің функциясы ұйымдастыру және ғылыми мәлімет алу.

2. Эмпирикалық

Эксперименталдық, психо-диагностикалық (тест, анкета, сұрау, социометрия, интервью және әңгімелеу), әрекеттер анализі (сурет, әр-түрлі жұмыс нәтижелері) биографиялық әдіс (адам өмірінің анализі, документ, куәлік және т.б.) функциясы – ғылыми мәліметтерді талдау.

Нәтижелерді талдау

Статистикалық және дифференциялық анализ кіреді. Функциясы нәтижелерді математикалық әжне логикалық түрде эмперикалық тәсілімен өңдеу.

Интерперсоналды

Генетикалық және құрамдық әдіс функциясы – интерпретация және сапалық анализбен статистикалық нәтижелерде құрылымдық байланыс тұрақтануы.

 

Салыстыру әдісіқазіргі кезде әр-түрлі шағын топтарды салыстыруда қолданылады.

Лангитюдті әдіс бойынша бір ғана адамды айтарлықтай ұзақ мерзімде, кейде 10 жылдан зерттеулер жүргізеді.

Комплекстік әдіс күрделі тәжірибелік мәселелерді шешуде қолданылады, ұндай зерттеу арқылы әртүрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкіндік туады (физикалық, физиологиялық және психологиялық).

 








Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 5171;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.