Объективтік тексеріс әдісі
Объективтік тексеру әдісі қараудан басталады. Қарағанда науқастың жалпы жағдайын, төсек тәртібін, көңіл күйін, дене пішінінің өзгерістерін және т.б. байқайды.
Кеудені қарау. Кеуденің сыртқы бейнесіне қарап қалыпты немесе патололгиялық түрін анықтайды. Кеуде қуысы өзгерістерінің үш түрі болады:
- бөшке тәрізді кеуде (эмфизематозды) – кеуде торшасының ұзындығы қысқалау, көлденең кеуде бөшке сияқты дөңгелектеу келген пішінде болып келеді. Қабырға арасы сиректелген, дем алғанда бұлшық еттерінің қабысуының сирегені байқалады.
- сал көкірек қуысы (паралитикті) – бөшке тәрізді кеудеге қарама – қарсы келген өзгерістер байқалады: кеуде торшасы тар және ұзын. Бұл өкпенің туберкулез ауруында жиі кездеседі, дем алу қимылы бәсеңдейді.
- мешелді кеуде (“тауық” кеудесі) – бұнда кеуде қуысының алды артына қарай ұзарғаны байқалады, қабырға шеміршектері жуандайды, кішкентай балалардың мешел мен ауырған кезінде пайда болады.
Кеуде құрылысының ауытқуы (деформациясы) омыртқаның өзгергендігіне байланысты болады: омыртқаның алға қарай қисаюы - лордоз, артқа қарай – кифоз, бір жақ қырына – сколиоз, ал артқа және бір жақ жамбасына қарай қисаюы – кифосколиоз деп аталады.
Дене терісінің өзгеруі. Терінің кілегей қабыршақтарының көкшілдігі байқалады, оны цианоз деп атайды. Цианоз екі түрде байқалуы мүмкін: жергілікті және диффузды (барлық денеде). Бұндай өзгеріс тыныстың бұзылғандығынан, өкпеде оттегінің жеткіліксіздігінен байқалады. Бетінің қызаруы өкпенің крупты қабынуында, дене қызуы көтерілгенде, ал бозаруы өкпенің іріңді ауруларында және т.б жағдайларда кездеседі.
Қолмен басып қарау (сипалау, пальпация). Кеудені, арқаны оның ауыратын жерін, серпімділігін, дыбысты өткізуін анықтау үшін жүргізіледі. Екі қолды науқастың кеудесіне қойып сан мен сөздерді айтқызып, ауаның тербеу дыбысының әр ауруға байланысты жоғарлауын немесе төмендеуін анықтайды. Бұл сипалаудың түрін бронхофония әдісі деп атайды.
Саусақпен соққандағы өкпеден шығатын дыбыстардың өзгерістерін анықтау (тықылдату, перкуссия). Өкпенің таза дыбысы өкпеде таза ауаның барында, өкпенің ауруы жоқ кезіңде естіледі. Перкуторлық дыбыстың өзгергендегі түрлері мыналар:
· тұйық дыбыс өкпе ұлпасында ауа жоқтығын білдіреді;
· қорап тәрізді дыбыс өкпе ұлпасының созылғандығын және өкпеде ауа көптігін білдіреді;
· тимпаникалық перкуторлы дыбыс – тегіс қабырғаға ұрғандай дыбыс.
Дыбыстардың өзгеруіне байланысты перкуссия әдісімен өкпенің шекарасын анықтауға болады (топографиялық перкуссия).
Кпені тыңдау (аускультация). Құлақты кеудеге қою арқылы немесе стетоскоппен, фонендоскоппен тыңдайды. Өкпеге ауа кіріп шыққанда демалыс дыбыстары естіледі. Қалыпты түрде везикулды дем естіледі ( ауаны жұтқаны белсенді, ал шығарғаны белсенсіз ). Патологиялық өзгерістерде өкпеде бронхиалды дем естіледі (ауаны жұтқаны да шығарғаны да белсенді). Ал өкпеде қақырық, кілегейлер пайда болғанда тыныс жолдарында сырылдар естіледі. Өкпеде суды үрлегендегі пайда болатын көпіршік дыбыстарды дымқыл сырылдар дейді. Ал құрғақ сырылдар ысқырық дыбыс сияқты бронхылардың, кеңсіріктің ішкі қабыршықтарының ісінуіне байланысты болады. Өкпеқаптың қабынуында өкпеде үйкелу шуы естіледі.
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 2697;