Зәр тексерісі

 

Зәрді тексеру дерт анықтамасындағы үлкен мағыналы дәріс. Ол тек бүйрек пен зәр шығару жолдары емес, басқа да мүшелердің ауруларын білуге болады. Зәрдің физикалық және химиялық құрамын анықтайды. Зерттеу жасау үшін тәулік бойы шыққан зәрді жинап, соның ішінен керекті ғана мөлшерін алады. Көбінесе азандағы бірінші зәрді қолданады. Әйелдерде етеккірі келген уақытында зәрге зерттеу жасалмайды, өйткені зәрге етеккірдің қаны араласуы мүмкін.

Зәрдің физикалық құрамы. Зәрдің түсі оның концентрациясына байланысты және оның түсі сарғыш болады. Зәрдің түсінің өзгеруі оның құрамындағы бояутекке, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғанда (анальгин) және тамақтың құрамындағы қызылшаның көп болғандығына байланысты. Қалыпты жағдайда зәр мөлдір болады. Дені сау адамның зәрінің иісі болмайды. Егер зәр жылы бөлмеде көп тұрса, аммиактың иісі шығады.

Зәрдің тығыздығы 1005-1025 дейін тербеледі. Неғұрлым оның құрамындағы заттардың тығыздығы жоғары болса, соғұрлым зәрдің тығыздығы да жоғары болады. Мысалы, қант сусамырында зәрдің тығыздығы 1030-1050 дейін көтеріледі. Бүйрек сүзбе жұмысының бұзылуында зәрдің тығыздығы азаяды. Бүйректің сүзбе жұмысын анықтау үшін Зимницкий сынамасын жүргізеді. Неғұрлым зәрдің салмағының тербелуі жоғары, соғұрлым бүйректің сүзбе жұмысы жақсы болып табылады. Тәулігіне бөлінген зәрдің мөлшері қолданылған сұйықтықтың көлеміне байланысты. Қалыпты жағдайда зәр көбінесе күндіз бөлінеді.

Зәрді химиялық зерттеу. Зәрдің құрамынан ақуыз, қант, ацетон, уробилин, гормондар, тұз, ферменттерді анықтайды. Қалыпты жағдайда зәрдің құрамында ақуыз болмайды. Ақуыздың зәрмен бірге бөлінуі протеинурия деп аталады. Ол бүйрек ұлпасының зақымданып, сүзбе жұмысының бұзылуында байқалады. Қалыпты жағдайда адам зәрінің құрамында қант болмайды. Ол адамның көміртегін көп қолданғанда білінеді. Қанттың зәрдегі мөлшері қант сусамырында көбейеді. Қалыпты жағдайларда адам зәрінің құрамында билирубин, кетондық денелер де болмайды.

Зәр қалдығын микроскопиялық зерттеу. Бұл зерттеуде пробирка түбінен зәр қалдығын алады. Оның ішінен эпителий торшаларын, лейкоцит, эритроцит мөлшерлерін анықтайды. Егер эритроцит мөлшері көп болса, зәрдің түсі қызғылт болады. Бұны макрогематурия деп айтады. Қалыпты түрде зәрде (әйелдерде) лейкоциттер аз мөлшерде кездеседі (2-5 көз алаңында). Егер лейкоциттер микроскопта көз алаңын толық жапса, оны пиурия (бактериурия) дейді. Бұл қуықтың зәр шығыру жолдарының қабынуында кездеседі. Микроскопиялық зерттеу кезінде зәр қалдығынан цилиндрлерді көруге болады. Цилиндрлердің екі түрі болады: гиалиндік және эпителиалдық, гиалиндік цилиндрлер ақуыздан, ал эпителиалдық түрі - бүйрек арналарының торшаларынан тұрады. Олар түйіршікті және сопақша болады. Цилиндрлердің зәрде пайда болуы бүйректің зақымданғанын білдіреді.








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 2721;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.