Аллергоздардағы тексеріс әдістері
Бейнелеме
Науқастың шағымдары |
1.әлсіздену, бас ауруы; 5.қышыну; 2.лоқсу, құсу; 6.теріде бөртпелердің білінуі; 3.кекіру, құсу; 7.ісіну, ентігу, түншығу; 4.ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық; 8.бетінің домбығуы. |
Ауыру сыртартқысы |
Әсер ететін мәнбірлер, ауруға әкеліп соққан себептер Аллергендермен байналысы, олардың түрлері Аурудың басталуы, дамуы, ағым ерекшеліктері Ем қағидалары |
Өмір - баян сыртартқысы |
Тұқым қуалаушылық Бала кезіндегі аллергиялық серпілістері Мамандығының негізгі ерекшеліктері (химиялық заттармен қатынасы) Тамақтану сипаттамасы, тұрмыс жағдайы |
Науқасты тікелей тексеру |
Қарау | Сипалау |
Терінің бозаруы Терінің қызаруы Ісіктің білінуі Бөртпелердің білінуі Тері қасыған іздері | Демін санау Қан қысымын өлшеу Тамыр соғысын анықтау Бөртпелерді сипалау Іш қуысын сипалау |
Зертханалық тексеру | Құрал – жабдық арқылы тексеру |
Жалпы қан анализі (эозинофилия) Жалпы зәр анализі (гематурия) Иммунологиялық тексерістер Тері ішіне өткізетін сынамалар | ЭКГ Кеуде қуысының рентгено-граммасы |
құрғап, жыбырлап жөтеле бастаса ингаляцияны тоқтату керек. Егер өкпе сиымдылығы ингаляциядан кейін 20 минут өткен соң 10% төмендесе, сынама оң нәтижелі болып табылады.
Тіл асты арқылы өткізілетін сынама түрі. Тіл астына 5 тамшы аллергеннің ерітіндісін тамызады. Жалпы аллергиялық серпілістің белгілері пайда болса, сынама оң нәтижелі болып табылады.
Мұрын арқылы өткізілетін сынама түрі. Мұрынға әлсіз аллерген ерітіндісінің 5 тамшысын тамызады. Мұрын бітеліп, науқас түшкіре бастаса, сынама оң нәтижелі болып табылады. Бұл жағдайда мұрынның шырышты қабатын физиологиялық ерітіндімен жуып ауыз арқылы 1 таблетка супрастин дәрісін ішкізу керек.
Көздің шырышты қабығы (коньюктивті) арқылы өткізілетін сынама түрі. Көздің астыңғы қабағына 2 тамшы аллерген ерітіндісін тамызады. Егер көзі қызарып, қышып, жасаураса сынама оң нәтижелі болып табылады. Сынаманы өткізгеннен кейін көзді тез арада физиологиялық ерітіндімен жуып, 2 тамшы гидрокортизон ерітіндісін тамызу керек.
Ауыз қуысының сынама түрі.Аллергеннің әлсіз ерітіндісімен ауыз қуысын шаяды. Егер аллергиялық серпілістің белгілері білінсе, сынама оң нәтижелі болып табылады.
Есек жем
Есек жем аллергиялық сырқаттың ең жиі кездесетін түрі болып табылады. Терінің еміздікше қабатында әр түрлі күлбіреулер пайда болады. Әр жастағы адам сырқаттануы мүмкін, көбінесе 21- 60 жасқа дейін ауырады. Ішкі сөлденіс бездердің қызметіне байланысты еркектерге қарағанда әйелдер жиі ауырады.
Этиопатогенезі. Сырқатт әр түрлі аллергендердің әсерінен дамиды. Есек жемнің негізгі беретін мағыналық мәнісі аллергендердің әсерінен қан тамырлар қабырғасының өткізгіш қызметтік қабілеттілігі төмендеп,
қанның сары суы тіндерге шығады да, ағзада ісіктің пайда болуында жатыр.
Жіктемесі. Этиопатогенетикалық дамуына байланысты есек жемнің келесі түрлері бар: аллергиялық (көректік тағамдардан, дәрі-дәрмектерден, шаң-тозаңнан, тұрмыс заттардан, жұқпадан, сары судан); физикалық (механикалық, суықтан, ыстықтан, сәулелерден); эндогендік (гормондардың бұзылыстары, С-ингибитордың белсеңділігінің төмендеуі, идиопатиялық түрі).
Клиникалық бейнесі. Аллергиялық есек жемнің негізінде нақты терінің еміздікше қабатының зақымдануы жатыр. Көбінесе сырқат дәрі – дәрмектердің, тағамдардың, жәндіктердің шағуының әсерінен дамиды. Кейбір науқастарда есек жем физикалық мәнбірлердің әсерінен дамиды. Оның жиі кездесетін түрі – дермаграфизм (теріні қатты сызғанда орнында қызыл түсті ісіну пайда болады). Кейде физикалық есек жем денеге салмақ түскеннен дамиды, мысалы, ұзақ уақыт шашын қатты күш салып тараған науқастардың қанында гистамин мөлшерінің көбейгені анықталған. Сонымен қатар физикалық есек жем суықтың әсерінен де дамуы мүмкін. Екі түрмен дамиды: жедел (тез арада) және баяу (9 –18 сағаттан кейін). Патогенезі анықталынбаған. Ішкі сөлденіс бездерінің бұзылыстарында гистаминнің көбеюі әр қашанда қан тамырлар қабырғасының өткізгіш қызметтік қабілеттілігін төмендетіп аллергия серпілісінің клиникасын көрсетеді. Есек жемде науқастың терісінде бұршақтың үлкендігіндей қызғылт немесе ақшыл күлбіреулер пайда болады. Кейде олар бір – бірімен қосылып, жайылмалы түрге ауысып кездеседі. Қан тамырларынан қан торшалары шығып, есек жем геморрагиялық түрде байқалуы мүмкін. Терісі қатты қышиды, басы ауырады, кейде науқастың денесі қалтырап, дене қызуы көтеріледі. Жедел есек жемнің ұстамасы жалпы әлсіздікпен, уыттану белгілерімен сипатталады. Өткір кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін. Егер сырқат 5-6 аптаға созылса, ол аурудың созылмалы түрге ауысқаның білдіртеді.
Емі. Егер есек жем пенициллиннің әсерінен дамыса, онда бұлшық етке 1000 бірлікті пенициллиназа ертіндісін қолданады. Бұл пенициллиназа дәрі – дәрмегі пенициллиннің антидоты болып табылады. Аллергиялық серпілісті басу мақсатымен тері астына антигистамин тобының дәрілерін қолданады (пипольфен, димедрол ертінділері). Дәрілік және тағамдардан дамыған есек жемнің түрінде асқазан-ішек жолдарын жұған жөн. Сонымен қатар симптомға қарсы ем кеңінен қолданылады. Қан қысымы төмендеген жағдайларда тері астына 0,3- 0,5 мл 0,1% адреналин ертіндісін егеді. Қышынуды жою мақсаттымен теріге 2-5% анестезин майын жағады. Геморрагиялық белгілерде индометацин және басқа стероидтық емес дәрі-дәрмектерді қолданады. Уыттануға қарсы дезинтоксикациялық ем жүргізіледі. Ауыр жағдайларда гормон тобының дәрі-дәрмектерімен қолданады (преднизалон, гидрокортизон т.б.).
Квинке ісігі
Бұл ангионевротикалық ісінуі мен сипатталатын аллергиялық сырқаттың біріне жатады. Бұл сырқат есек жем сияқты болып табылады. Квинке ісігінде ағзадағы қан тамырының қабырғаларының өткізгіш қызметі зақымданып, адам тұлғасының жоғарғы бөліктерінде ісік пайда болады. Әсіресе адамның бет келбетінде, көмейінде қарқынды байқалады. Ішкі сөлденіс бездерінің ерекшеліктеріне байланысты көбінесе әйелдер сырқатқа бейімделген болып келеді.
Себебі. Басқа аллергендердің түрлеріндей, Квинке ісігінің дамуына әртүрлі дәрі – дәрмектер, тағамдар, төменгі және жоғарғы температура әсер етуі мүмкін.
Клиникалық бейнесі. Бұл сырқатта ісік терінің барлық қабаттарына, тіпті тері асты майының торшаларында білінеді. Квинке ісігінде науқастың терісі қышымайды, бірақ қысып тұрғандай сезімінде болады. Науқастың еріні, тілі, жұмсақ таңдайы ісініп, үлкейіп тұрады. Осыдан кейін ісік тері астының майына таралып, қышымайтын инфильтрат пайда болады. Аллергия серпілісі өтіп, басылғаннан соң науқас ұзақ уақыт бойы сырқаттанып жүреді. Сонымен қатар Квинке ісігі кілегейлі қабаттарда болатындығын естен шығармаған жөн. Квинке ісігінің кеңірдек маңына жайылып кетуі өте қауіпті. Өйткені, ол тыныс алу жолдарын тарылтып тұншығуға әкелуі мүмкін. Квинке ісігінің жеңіл және орташа түрлерінде кеңірдектің ісінуі бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін байқалады. Кеңірдек ісінуі әрбір төрт науқастың біреуінде кездесіп тұрады. Кеңірдектің ісінуіне байланысты науқастың дауысы өзгеріп, ит үргендей жөтел байқалып, содан кейін дем алуы қиындайды да, алыстан естілетін шулы дем пайда болады. Ентігу басында экспираторлық түрде, содан кейін экспираторлық - инспираторлық түріне ауысады. Науқастың беті көгеріп, біртіндеп бозғылттанады. Науқас өте мазасыз келеді, сырқат қатты жанына батқандығынан өлім қорқыныш сезімі білінеді. Бұл жағдайда науқасқа жедел жәрдем көрсету керек, өйткені, тұншығудан тез арада өліп кетуі мүмкін.
Егер ісік асқазан – ішек жолының кілегейлі қабатына жайылса, науқастың іші қатты ауырсынып кебеді, ішектің жиырылу қызметі күшейеді. Науқастың жүрегі айнып, құсады. Ұстама іштің өтуімен аяқталады. Үлкен дәретінде эозинофильдер, Шарко – Лейден кристалдары пайда болады. Осыған байланысты адам ағзасында аллергиялық серпілістің нәтижесінен дамып отырғандығын түсіндіреді. Зәр шығару жолдарының ісінуінде циститтің белгілері айқындалынады, соңында зәр шықпай қалуы да мүмкін. Квинке ісігінде ми қабығының қабыну белгілері де байқалуы мүмкін. Желке бұлшық еті тартылып, басы қатты ауырады. Ауыр жағдайда құрысып - тырысу білінеді.
Дерт анықтамасы. Диагнозды қалыпты түрде клиникалық бейнесіне сүйене отырып қояды.
Емі және күтімі. Науқастарды ауруханаға жатқызып, арнайы ем және күтім көрсету шаралары өткізіледі. Науқастың кеңірдегі ісінгенде ЛОР – бөлімшесіне жатқызады, абдоминалдық түрінде – хирургия бөлімшесіне, ал неврологиялық түрінде – неврология бөлімшесіне жатқызады. Аллергияға қарсы емдәм тәрітібі қолданылады: тұссыз, сүт, өсімдік тағамдары, жұмыртқа, шоколад, балық, цитрус тағамдарын шектейді. Бұл тағайындалынған емдәм тәрітібі осы сырқатта өзінің маңыздылық пайдасын тигізбей қоймайды. Аллергия серпілісін жою үшін антигистамин препараттарымен қолданады: супрастин, пипольфен, димедрол т.б. Ағзадан сұйықтықты шығарып, ісінуді басу үшін дегидратациялық ем қолданылады: лазикс 40 – 80 мг көк тамыр арқылы физиологиялық ертіндісімен енгізеді. Кеңірдек ісінуі байқалса қосымша көк тамыр арқылы немесе бұлшық етке 60 – 90 мг преднизалон жібереді. Сонымен қоса симптомға қарсы ем жүргізіледі. Егер қан қысымы төмендесе 0,1% – 0,3 мл адреналин ертіндісін тері астына жібереді. Тұншығу ұстамасы болған жағдайда трахеостомия жасайды.
Сары су ауруы
Бұл сырқат ауыр түрде өтетін аллергиялық серпілістердің бір түрі. Ағзаға еккен сары су бөгде зат болып қабылданады да оған қарсы антиденелер туады. Аллергиялық серпілістің нәтижесінде қан тамырының қабырғаларының өткізгіш қызметі бұзылып ісік пайда болады. Сары су ауруында дәнекер тінінің зақымдалуы да байқалады. Көбінесе сырқаттың бұл түрі сіреспеге қарсы сары су еккеннен кейін дамиды.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың жасырың кезеңі 7 – 20 күнге дейін созылады. Өткір кезеңі дене қызуының көтерілуімен басталып уыттану белгілерімен сипатталынады. Науқас мазасызданып, қышынудың мазалауымен қиналады, буындары сырқырап ауырсынады. Көбнесе ірі буындар зақымданады (шынтақ, тізе буындары). Содан кейін бөртпе пайда болады, басында жергілікті сары суды еккен жерде, содан соң бүкіл денеге таралған бөртпе пайда болады. Бөртпе әртүрлі қызарудан (эритематоздан) бастап, қанталауға (геморагиялыққа) дейін барады. Денедегі лимфа түйіндері үлкейеді, көк бауыры ісінеді, жүрек тұсы ауырсынады, ентігу, жүрек жиі қағуы байқалады. Қан қысымы төмендеуі мүмкін. Жедел түрінде сырқат 5 – 7 тәулікке, ал ауыр түрінде 2 – 3 аптаға созылуы мүмкін.
Емі. Гипоаллергендік емдәм тағайындылынады. Жеңіл түрінде сенсибилизацияға қарсы антигистамин препараттарын, ал ауыр түрінде гормон тобының препараттарын (преднизалон 30 – 60мг) қолданады. Симптомға қарсы ем жүргізіледі: дене қызуын басатын, қышынуды жоятын, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер кең қолданылады.
Алдын алуы. Емдік сары суды өте қатаң тәртіп бойынша және көрсеткішпен қолданады. Егу алдында сары судың 1: 1000 ертіндісін алып, скарификатор мен сынама жүргізеді. Егер еккен жерде қышыну сезілсе, басы айналса, сары суды қолдануға болмайды.
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 2070;