Аржылық көрсеткіштердің есептеу әдістері.

Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметгі жоспарлау-да қаржы көрсеткіштері — шаруашылық жүргізуші субъекгілердің, салалардың және жалпы үлтгық шаруашылықтың ақшалай табыс-тары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланыстьі қызметтің түрлі жақтарын сипатгайтын жоспарлық, есептік не-месе есеп-қисаптык мәліметтер пайдалынады. Олар абсолюттік және салыстырмалы (нормаларда) мөлшерлерде көрінеді. Қаржы көрсеткіштері сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономи-калық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастары-ның элементін бейнелейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде мыналар аса маңызды қаржы-экономикалық көрсеткіштер больш табылады:

өнімді (жүмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс; бұл көрсеткіід мақсатгы арналымның қорлары бойынша ақша қара-жатгарын одан әрі бөлу және пайдалану ауқымдары мен мүмкіндік-терін аддын ала анықтайды;

шығындардың көрсеткіштері (өткізілген өнімнің өзіндік құны, шығындардың жалпы шығыңдардағы жеке элементтерінің үлес салмағы, кезең шыпысы);

жалпы табыс;

таза табыс;

рентабелділіктің (табыстылықтың) деңгейі;

амортазациялық аударымдардьщ мелшері;

өндірістік және әлеуметтік дамудың шаруашылық есеп қорла-рының ауқымы (қорлану, түтыну, резерв, валюта және оларға үқсас қорлар);

жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен, басқа үйымдармен (несиегерлік және дебиторлық берешек, міндет-темелердің ауқымы, бюджет бойынша берешектер және басқала-ры) есеп айырысу ахуалының көрсеткіштері;

айналым қаражатгарының көлемі, сақталымдығы және олар-дың жасалу көздері;

айналым қаражаттарына деген қажетгіліктің оның қолда ба-рымен сәйкестііі;

негізгі және айналым қүралдарын пайдаланудың көрсеткіш-тері (қор қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, айналым қара-жатгары айналымдылығыньщ коэффиценіі, айналымньщ үзақтығы, айналым қаражатгарының айналымдылығын тездетудің көрсет-кіші);

акционерлік капиталдьщ ауқымы және дивидендтердің көлемі; жалдау ақысыньщ мөлшері және басқалары: кәсіпорьш қаражатгары өтімділігінің көрсеткіштері. Кәсіпорындардың мүлкін жекешелендіру кезінде бірқатар көрсегкішгер - мүліктің қалдық және бағалау құны, жекешеяендіру

Қорын жасау мен пайдалану көрсеткіштері жөне басқалары қолданылады.

Қаржылық жұмыста сонымен қатар мынадай жалпыэкономикалық көрсеткіштер пайдаланылады:

шығарылған өнімнің бір ақшалай бірлігіне жұмсалған шығындар (өнімнің 1 теңгесіне);

өнімнің өзіндік қүнын, кезең шығыстарын төмендету, саудадағы айналыс шығындарын қысқарту;

күрделі жүмсалымдардың (инвестициялардың) ауқымы;

құрылыстағы ішкі ресурстарды жүмылдыру.

Салық салу кезінде мынадай айрықшалықты көрсеткіштер пай-далынады:

салық төлеуші алуға тиіс (алынған), өзара есеп айырысу ретівде үшінші түлғаларға немесе тікелей не болмаса жанама Ідығыстарды өтеуге бағытгалған ақша немесе басқа қаражатгар (жөнелтілген енім, орывдалған жұмыс, көрсетілген қызметгер мен басқа да операция-лар үшін) кіретін жылдық жиынтық табыс;

жылдық жиынтық табыс пен салық заңнамасында көзделген шегерім жасау арасындағы айырма ретінде есептелген салық салы-натын табыс;

қосылған қүнға салынатын салық, акциздерді алу кезіндегі салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт (“Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру” тарауын қараңыз);

басқа бірқатар көрсеткіштер.

Аталған қаржы-экономикалық көрсеткіштердің көбісі кәсіп-орындардың, салалардың жалпы топтары бойынша жүмыс нәти-желерін сипаттау үшін жоғарғы ұйымдардың, министрліктердің, ведомстволардың деңгейінде пайдаланылады. Осынау көрсеткіштермен бірге бұл ұйымдарда тек сол саланы сипаттайтын басқа да айрықшалықты көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Ұжымдық шаруашылықтарда жалпы және таза табыстардың, қүрылыста сметалық құн мен қүрылыстың өзіндік құнының, аяқталмаған құры-лыс ауқымының көрсеткіштері, деддалдық (жабдықтау және өтінім) ұйымдардың, сауданың шығындары және басқа көрсеткіштер қолданылады.

Мемлекеттік мекемелерде жалпы және жеке элементтер (санаттар, сыныптар) бойынша шығыстардың көрсеткіштері, ағым-дағы шығындар, соның ішінде еңбекке ақы төлеу шығындары, күрделі қаржы шығындары, соның ішінде негізгі капиталды са-тып алу, несиетер беру және сыныптаманың басқа бөлімдері, күрделі жөндеу сияқты көрсеткіштер қолданылады.

Қүрама қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шы-ғыстарының, сондай-ақ олардың жеке құрамдастарының көрсеткіш-тері мен олардың үлес салмақтары; бюджетгер тапшылығының сомасы; мемлекеттік бюджет кірістерінің, шығыстарының, тапшылығының (профицитінің) жалпы ішкі (үлпық) өнімге қатынасы (пай-ызбен) және басқалары жатады.

Ұлттық шаруашылық деңгейіндегі қаржы көрсеткіштері мемлекетгің қаржы ресурстарының ауқымы мен қүрылымын, мемлекетгік бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олар-дың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділігін және бюджетке төленетін табыстьщ үлесін сипатгайды. Мемлекетгің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігін жалпылама ба-галауды қаржы ресурстары ауқымыньщ жалпы үлтгық өнімге қаты-насын сипатгайтын көрсеткіштер атқарады.

Қаржы көрсеткіштерін есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.

Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төменгі, орташа және ең жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері қолданылады. Құрама қаржылық жоспарлауда көбінесе орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржы көрсеткіштерін жоспарлағанда - жеке-дара нормалар мен нормативтер пайдаланылады.

Қаржы нормалары мен нормативгері сондай-ақ бекітшетін және есеп-қисаптық больш бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп-қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады. Бекітлетіңдерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджетген тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп-қисаптықтарға аударымдардың нормалары және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлану және түтыну қорларын, негізгі қорларды, капиталды жөндеу қорын жасау нормативтері және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сондай-ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, мысалы, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін амортизациялық аударымдардың нормалары, және сараланған - түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері.

Көптеген қаржы көрсеткіштері бір мезгілде нормалар, норма-тивтер немесе лимиттер болып келеді, мысалы, рентабелділіктің деңгейі, түрлі қаржы қорларьшьщ терминдері көрсепшитер де, нор-мативтер де немесе лимитгер де болып табылады. Сөйтіп, шаруа-шылық қызметінің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау процестерівдегі каржы механизмінің бүл қозғалмалы элементгерінің. тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс-қимылы байқалып отырады.

 

 


§6. Салықтар жӘне салық салу.

1). Салықтардың экономикалық мінездемесі.

2). Салықтардың жіктелуі және топтастырылуы. Салық салу әдістері.

3). Қазақстан Республикасындағы салық саясаты және салық жүйесі.

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1821;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.