Аржылық механизм түсінігі, оның құрылымы және жетілдіру бағыты.

Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы үғымдар - қатынастарды іске асырудың турлері, нысандары мен әдістері - экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетікгері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатгы ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қол-данылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің турлері, нысандары мен әдістері.

“Механизм” термині экономикалық үғымда бір нәрсені іс-қимылға келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын қүралды бідціреді. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық, соның ішінде қаржы саясатының да міндеттерімен анықталатьш басқарушы субъектінің басқарылатьш объекгіге ықпалыньщ мазмүнымен байланысты.

Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен жөне оньщ жоспарлау, болжау, экономикалық ынгаландыру, үйьщцастыру және басқару сияқты қүрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатьшастар жүйесінің серпінін (динамикасын) анықтаушы неғұрлым жалпы үғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің үқсас қүрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.

Қаржы механизмі - экономикалық жөне әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатьшда қоғам қолданатын қаржы қатынастарын үйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырьш, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қаты-настарын үйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағьшан анықтаудьщ амалдарын қамтиды.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінщ ерекшеліктеріне қарай жөне қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бүл сфералардьщ әрқайсысы жеке қүрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысыньщ механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сөйкес республиканың, биліктің жергілікгі органдарыньщ қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Жалпы шаруашылық механизмі секідці қаржы механизмінің де өзіне төн ішкі құрылымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының өр алуаңцылығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді. Қаржы механизмі экономикалық жүйе шеңберіңце қаржы қатынастарының үйымдық нысандарының жиынтығын, орталықтаңдырылған және орталықтандьфылмаған ақша қорларын, қаржыны жоспарлаудың (болжаудың) әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық өзара байланыстардың тап осьшдай көптігі оларды (элемештерді) үйымдастырудьщ көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін қоддануды аддын ала анықтайды.

Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оньщ буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөлігі), блогі, элементі сияқты үғымдарын пайдаланған орынды (5.1 сызбаны қараңыз.)

Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жос-парлау, қаржы түтқалары мен ьшталандырмалары, үйымдық құры-лым және қаржы жүйесінің қүқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.

Қаржы механизмінің блогі (буыны) - бүл жалпы мақсаггы ба-ғытгылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементгердің жиынтығы.

Қаржы механизмінің элементі - бүл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардьщ мүдцелері айрықша түрде білінеді.

Қоғамдық өмірде қаржыньщ диалектикасы түлғалау нысанда-рының және әрекет жасау өдістерінің өзара іс-қимылы арқылы көрінеді.

Нақты өмірде, шаруашылық және қаржы механизмдеріңде абстрактты экономикалық (қүндық) категориялар нақтыланады және нақтылы нысандар түрінде болады.








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1609;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.