Сызба. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің сызбасы
Буындардың сыныптамасының матасылған қатары ретінде жоғары разрядті элементтері болады: қаржы қатынастары, қаржы корлары, басқарушы аппарат. Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент (сфера) болып бірінші кезекте мемлекеттік бюджеттен көрінетін мемлекеттің қаржысы болып саналады.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін қалайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім - қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктерде, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорыңдар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т.т.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.
Сонымен бірге азаматтардың жеке-дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысуымен байланысты бұл сферада көлемді қаржы қатынастары пайда болады: мұндай қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары сферасында пайда болатын қатынастарға ұқсас.
Жеке меншік және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы сферасының бастапқы табыстары, сондай-ақ азаматтардың табысы кез келген мемлекеттің қаржы жүйесі құрамының негізін қалайтынын ескеру қажет. Және бұл тек теориялық жәйт қана емес, өйткені бұл ресурстардың бүкіл жиынтығы Қазақстанның қаржы ресурстарының балансында камтып көрсетіледі.
Екінші сфераның - шаруашылық жургізуші субъектілердің екі дербес қосалқы сферасы болады:
материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы;
өңдірісгік емес сфера салаларының ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.
Бірінші қосалқы жүйеде - өндірістік сфера қаржысында өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, оларды тиімді пайдаланудың мәселелері шешіледі. Бұл қосалқы жүйенің қаржысы өндірістік қызметке қызмет керсетеді, қаржы тұтқаларының еңбек өнімділігінің өсуіне, өндірістің басқа сапалық көрсеткіштерінің тиімділігін арттыруға белсенді ықпалын қамтамасыз етеді.
Екінші қосалқы жүйенің - өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл қосалқы жүйедегі қаржы қатынастары оның бастапқы құрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарымен, өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың, несиетің және басқалардың буындарымен пайда болады.
Бұл қосалқы жүйеде қаржы қатынастары түрлі мақсатты сипаттағы сан алуан ақша қорларын қалыптастыру арқылы одан әрі тұтыну мақсатында құнды қайта бөлудің каналдары бойынша жасалынған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді.
Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын қамтиды. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған (4.3 сызбаны қараңыз), бір қорлар үнемі жұмсалынады (тұтыну қоры), басқалары уақытша сақталынады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).
Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 5456;