Азақстан Республикасының аумағын жоспарлы ұйымдастыру
85. Қазақстан Республикасының аумағын жоспарлы ұйымдастыру келесі негізгі элементтерден тұрады:
Жоспарлау орталықтары (аса ірі, ірі және үлкен қалалар, ыңғайлы орналасқан ірі өнеркәсіптік және энергетикалық кешендер, негізгі көлік тораптары және пайдалы қазбалардың маңызды кен орындары;
Жоспарлау осьтері – маңызды көлік магистральдары, мұнай және газ құбырлары;
Жобалау аймақтары (шұғыл табиғи және шаруашылық ерекшеліктері бар кең аумақтар – шөл және шөлейт аймақтар, суару және мелирациялау аймақтары, жоғары урбанизациялау аймақтары, тез индустриалды-инновациялық даму аймақтары және т.б.).
86. Негізгі аймақтардың және Қазақстан Республикасының басты урбанизациялану осьтерінің ерекшеленуі аумақты ұйымдастырудың Бас схемасында іске асады.
Қазақстан Республикасында қалалар қала құрылысы саласында мемлекеттік басқару объектісі ретінде мыналарға бөлінеді:
Астананы қоса алғандағы республикалық маңызға ие қалалар;
Халық саны жүз мыңнан асатын, облыстық мәнге ие қалалар;
Халық саны жүз мыңға дейінгі облыстық мәнге ие қалалар.
87. Қалалар архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі ретінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мыналарға бөлінеді:
1) ірі (тұрғын саны 500 мыңнан асатын);
2) үлкен (тұрғын саны 100 мыңнан асатын 500 мыңға дейінгі);
3) орташа (тұрғын саны 50 мыңнан 100 мыңға дейінгі);
4) шағын (халық саны 50 мыңға дейінгі халқы бар).
88. Қазақстан Республикасының аумағын жоспарлы ұйымдастыруды талдау оның элементтері арасындағы байланысты зерттеу негізінде іске асады. Елді мекендердің өзара әсер етуін анықтайтын негізгі байланыс түрі болып елді мекен аралық байланыстар табылады.
89. Көрсетілген байланыстар адамдардың жүйелі қозғалысында, материалдарды тасымалдауда немесе ақпаратты беруде көрінуі мүмкін. Жалпы алғанда байланыстар мына тұрғыда зерттелуі мүмкін:
Олардың жаппайлығы және интенсивтілігі тұрғысынан;
Олардың кеңістіктік таралу көлемі тұрғысынан (өзара байланысқан элементтар арасындағы ара-қашықтық көлемі немесе осы ара-қашықтықты жоюға кететін уақыт бойынша).
90. Қонысаралық байланыстар екі негізгі түрге бөлінеді:
1) экстенсивті, үлкен қашықтыққа таралады, оларға білім экономикасының торабы, жоғары және арнайы орта білім, ғылыми-техникалық қызмет көрсету, инжиниринг, ақпаратты басқару, жобалық және ұйымдастырушылық-шаруашылық қызмет, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің жоғары деңгейі (театрлар, ірі мұражайлар, жоғары технологиялық медициналық мекемелер), ұзақ мерзімді демалыс, демалыс-санаторийлік ем, энергия, шикізат және оны түрлі қайта өңдеу кезеңдері бойынша өнеркәсіпті көп деңгейлі өндірістік кооперациялау жатады.
2) интенсивті, шектелген аумақ шегінде таралады, оларға еңбектік қатынастар, әкімшілік басқарудың төменгі деңгейлері, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетудің төменгі деңгейлері, қала халқын тез бұзылатын ауыл шаруашылық өнімдерімен қамту, өндірістерді тікелей технологиялық және шаруашылық кооперациялау жатады.
91. Қонысаралық байланыстың бірінші түрі өзара жарқын қызметтік байланыстармен біріктірілген орындалатын немесе орындалмайтын кез-келген орталық қызметтер ретіндегі қала және ауылдық елді мекендердің бірлестігі ретінде жүйені қалыптастырады. Берілген бірлестіктер елді мекендер жүйесінің екі түрі ерекшеленетін күрделі иерархияны туындатады:
Жалпы мемлекеттік (орналастыыру жүйесі);
Жеке және жергілікті деп бөлінетін елді мекендердің топтық жүйелері.
92. Халықты қоныстандыру қамтамасыз етеді:
ел аумағының мемлекет аралық қызметтерді орындауға араласуы, әсіресе Евразиялық экономикалық кеңістік туралы келісімдермен және шекаралық әріптестік туралы екі жақты келісімдермен анықталған қызметтерін, болашақтағы көлік инфрақұрылымын және сәйкес инфрақұрылымды және көрші шет елдердің елді мекендер торабымен елді мекен торабын өзара шешу (Ресей Федерациясы, Қытай, Иран);
Қазақстан аумағының кеңістіктік байланыстылығы;
жалпы мемлекеттік орталықты (астананы) барлық ел тұрғындары үшін көлікке қол жетімділік деңгейінің көтерілуі;
рекрециялық аймақтардың, демалыс орындарының, ұлттық саябақтар жүйесін және табиғи ландшафтты қорғау аймақтарын қалыптастыру.
93. Берілген иерархиялық құрылымның төменгі деңгейіне елді мекендердің топтық жүйелері жатады. Берілген құрылымның басты элементтеріне – қала-орталықтар және жүйенің орталығы жатады, мұнда еңбек ету орындары шоғырланады, қонысаралық мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің түрлі деңгей объектілері орналасады, жүйеішілік көлік және инженерлік инфрақұрылымның басты ғимараттары шоғырланады. Олар елді мекен аралық қызмет көрсетудің орталықтар торабы қызметін атқарады.
94. Көрсетілген басты элементтер өз айналасында келесі көрсеткіштермен сипатталатын интенсивті байланыстары бар тікелей тарту аймағын туындатады:
Жаппай мамандығы бар тұлғалардың қонысаралық еңбектік қозғалыс көлемі;
Жиілікті сипаттағы қонысаралық мәдени-тұрмыстық қозғалыс көлемі;
Бір адам басына келетін қонысаралық қозғалыстардың жалпы жиілігі, уақыттың рұқсат етілген шегінде халықтың қала сыртында демалуға пайдаланатын жеткілікті мөлшердегі аумақта рекреациялық қозғалысы.
95. Елді-мекендер жүйесінің жоспарлау құрылымын талдау үшін қалалық елді мекендердің «агломеративтілік коэффициентін» есептеу әдісі қолданылады.
Бұл коэффициент (U), (N) белгілі-бір аумақ шегінде тұрғындардың тығыздық көрсеткішінің (L) осы аумақ үшін аз қашықтықта орналасқан жақын көрші елді мекен мәнінің орташасына қатынасына тең:
U=N/L
96. Сандық әдістерді елді – мекендердің топтық жүйелерінің жобалық құрылымының түрлі сапалық даму деңгейлерін бағалау үшін қолданудың кең мүмкіндіктері графтар теориясына негізделген топологиялық индекстерді пайдалануды ашады.
97. Жобаланған құрылым формасын сипаттайтын көрсеткіш ретінде (Кф) формалы топологиялық индекс пайдаланылуы мүмкін, ол гафиінің ұзақтық көрсеткішінің (оның барлық қырларының саны) оның максималды диаметріне (бір-бірінен қашықта орналасқан төбелер арасындағы қысқа жолдағы қырлар саны) қатынасымен анықталады, яғни:
Кф=С/D
98. Елді мекендердің топтық жүйесінің жоспарлы құрылымынң негізгі топтастыру белгілері ретінде келесі сипаттамаларды қарастыру керек:
негізгі құрылымдық элементтердің саны мен әр түрлілігі (жоспарлау осьтері, орталықтар және аймақтар);
елді мекен торабының агломеративтілік деңгейі (кеңістіктік оқшаулау теңсіздігі);
жоспарлау құрылымының формасы;
қатысты өрістер – немесе жүйенің моноорталықтылығы.
99. Маңызды көрсеткішке елді-мекендер жүйесінің өлшемін, қала-орталықтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті, оның өсу қарқынын анықтайды.
Қосымша көрсеткіштерге қала-орталықтың қала салушы базасы, қызмет көрсету мекемелерінің құрамын түрлі сипаттау жатады.
100. Елді-мекендер жүйесіндегі қала-орталықтардың және оларға ұмтылатын елді мекендердің өзара құрылымдық-жоспарлық қарым-қатынасы орталықтандыру/орталықсыздандыру деңгейімен беріледі (қала-орталық халық санының оның әсер ету аймағына қатынасы).
101. агрегация нәтижесінде елді мекендер жүйесі дамуының барлық көрсеткіштерін бағалаудың жалпы түрі ерекшеленеді:
балды пайдалану арқылы;
ара-қашықтықты жалпылау негізінде.
Біріншісі жүйенің елді мекендердің үш координаттар өрістерде «ара-қашықтықтар кеңістігінде», оны арық қарай балмен бағалауға және ранжировкалауға мүмкіндік беретін даму көрсеткіштерінің айнымалы мәндерін ұсынудан тұрады.
Екіншісі – белгілі бір иерархиялық деңгейі жүйесінің даму теңсіздігі қағидаты бар барлық аумақты бағалауға пайдаланылуы мүмкін елді-мекендердің әр жүйесі дамуының агрегирленген индекстерін алуға бағытталған.
102. Елді мекендердің шекараларын түзету елді-мекен аралық байланыстар көрсеткіші бойынша, сағаттық изохрон тұрғызу әдісі көмегімен-қаланың жарым сағаттық бостығымен – болашақты көлік құралдарын ескеріп жүйеқұрайтын орталық, сонымен қатар шынайы еңбек, мәдени-тұрмыстық және өндірістік байланыстар.
Өндірістік байланыстарды талдау үшін индустриалдық индексі пайдаланылады.
103. Сонымен, аумақты орналастыру жүйесінің жоспарлау құрылымы элементі ретінде оның қала құрылысы мәні факторларын ескеріп топтастыру мынаны ескереді:
Аумақтың қызметті іске асыру барысында қатысу деңгейі және сипаты;
Аумақты жоспарлау деңгейі;
Аумақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті.
104. Қызметтер тізімі жоғары деңгейлі жоспарлау орталықтарының негізгі қызметтерін талдау және анықтаудан туындайды (республикалық маңызды қалаларды) және мынадан тұрады:
астаналық қызметтер;
басқару қызметі;
әлеуметтік, медициналық, білім бері қызметтері жүйесінің жоғарғы деңгейлерінің қызметін орналастыру;
тасымалдау корпорацияларының басқару орталықтарын (штаб-пәтер) орналастыру қызметі;
халықаралық жолаушылар және жүк тасымалдау қызметі және т.б.
105. аумақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті анықталады:
демографиялық сыйымдылығымен:
халықтың жыныстық-жастық құрылымымен, туу/өлу теңдігімен, халық көрсеткішімен, еңбек теңдігімен, ауданаралық және ауданішілік миграция қарқыны, халықтың құрылымдық әл-ауқатымен, қалықтың еңбектік және білім біліктілігі құрылымымен және т.б.
еңбек нарығының дамуымен:
еңбек құзырлықтарының қажет етілуі;
аумақтың көлікпен қамтылуы;
магистралды және аймақ ішілік көше-жол торабының және елді-мекен аралық қатынастың ұзақтығы мен сапасы;
аумақтың инфрақұрылыммен қамтылуы (инфрақұрылымдық даму индексі);
көлік саласында негізгі қор құрылымы, тозу құрылымы және тұрғын үй қорығ тозу деңгейі және аумақтың инженерлік-техникалық инфрақұрылым көрсеткіштерімен (сумен жабдықтау жүйесі, электр жабдықтау, жылумен қамтудың қолданыстағы схемасы, интернетке қол жетімділігмен, санық телевидение және т.б.)
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1654;