Функционалдық аудандастыру

 

Функционалдық аудандастыру оның қала құраушы базасын анықтайтын аумақтың ағымдық және перспективалық бейінді мамандануын көрсетуді көздейді.

Ауданды функционалдық аудандастыру мыналарға бөлінеді:

өнеркәсіптік аудандастыру;

ауыл шаруашылық аудандастыру;

көліктік аудандастыру;

рекреациялық аудандастыру;

ғылыми-технологиялық аудандастыру;

сервистік аудандастыру.

Өнеркәсіптік аудандастыру өнеркәсіп салалары объектілерінің аумақтық бөлінісі ескеріліп жүргізіледі.

Ауыл шаруашылық аудандастыру агроөнеркәсіптік өндірістің әр түрлі факторлары бар ауыл шаруашылық аудандардың типологиясын ескереді.

Көліктік аудандастыру үшін көлік желісі мен олардың түйіндерін орналастыру орны ретіндегі аумақтардың мәні маңызды болып табылады.

Рекреациялық аудандастыру рекреациялық ресурстардың қолданыстағы ареалдарын ескереді.

Ғылыми-технологиялық аудандастыру аумақтар типологиясын олардың ғылыми-техникалық даму деңгейі, ҒЗТКЖ саны мен сапасы, өндіріс пен инновацияларды енгізу деңгейі, экономикалық дамуда ғылым мен технологиялық дамудың болуы және адатын орны бойынша қарастырады.

Сервистік аудандастыру «қызметтер экономикасының», қаржы-банк саласының, сауда және өзге қызмет көрсетудің даму деңгейі бойынша аумақтар бөлінісін көздейді.

Экономикалық аудандастыруда алғашқыда өндіруші күштерді (қуаттарды) орналастыруды талдауға арналып бөлінген аумақтық таксономикалық бірліктер аудан ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасы аумағын экономикалық аудандастыру екі дәрежелі аумақтық таксономикалық бірліктерді ерекшелейді – экономикалық аудандар (макроаудандар, 1 дәрежелі аудандар), және экономикалық микроаудандар (2 дәрежелі аудандар).

Экономикалық аудандар негізінен облыстық бөлінумен сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының экономикалық аудандары ондағы тұрғындарды аумақтық оқшаулау сипаттамасы бойынша үш топқа бөлінеді:

а) өндірісті аумақтық оқшаулау халықты ірі қалаларда шоғырландыру түрінде іске асады;

б) өндірісті оқшаулау белгілі бір мөлшердегі ауылдық жерлерді қоса алғандағы түрлі көлемдегі тұрғылықты жерлер бойынша бөлумен сипатталады;

в) бірінші және екінші топ арасында орналасқандар.

Көрсетілген аудандардың кейбір бөліктері ірі қалалардың созылған шаруашылықтарының қарапайым аймақтарын білдіреді. Бірақ Қазақстан Республикасында шекарасы облыс шекараларымен сәйкес келетін және халық саны бойынша көп орталық қалалары бар мұндай экономикалық аудандар көп. Мұндай аудандарда орталық қалалар аумақтық құрылымның қалыптасуына және олардың осы экономикалық аудандардың аудан құраушы факторлары ретінде елеулі түрде әсер етеді.

Әдетте, экономикалық микроаудандар (ҚСРО аудандастыру мысалы 1-қосымшада келтірілген) бірнеше әкімшілік аудандардан қалыптасады, сонымен қатар бірнеше қалалық мекендерден тұрады және облыс ішіндегі аудан ретінде берілген. Әр экономикалық микроаудан белгілі-бір өндірістік бағытқа ие болады, бірақ көптеген экономикалық микроаудандарда ол тұтас орталық-қаланың мамандануымен анықталады.

 

7-сурет. ҚР функционалдық аудандастыру

 

64. Қазақстан Республикасының аумағына функционалдық аудандастыру өткізу үшін оның мынадай критерийлері мен кезеңдерін негізге алу керек.

Аудан аумағы 5-тен 20 мың шаршы км. тұруы керек, таулы, шөлді және басқа да аз қонысты аудандарда 30-40 мың шаршы км. дейін жетуі керек. Мұндай экономикалық аудандардың құрамына екіден алтыға дейін әкімшілік аудан, немесе облысқа қарайтын бір-екі және бірден алтыға дейінгі әкімшілік ауданнан тұрады.

65. Экономикалық аудандардың қалыптасуы қарқынды шаруашылықты игеру аумағында, сондай-ақ экстенсивті шаруашылықты игеру аумағында жүргізіледі.

Аудан құраушы ретінде бір немесе басқа факторды таңдау аумақтың нақты сипаттамасымен анықталады (өндірістік мамандану түрі, өндірісті оқшаулау түрі, орталық-қаланың даму деңгейі және т.б.). Бірнеше жақын орналасқан елді мекенге орналасқан өндіріс тобының болуы немесе қалыптасуы (бір салалы, немесе бірнеше салаға қатысы бар), осы өндірістер ірі, үлкен және орташа қалаларда орналасқан жағдайдағы сияқты, шағын қалаларда және қала типті ауылдарда орналасқан жағдайда болсын аудан жасаушы негізгі фактор болып саналады.

66. Экстенсивті шаруашылықты игеру аумағы үшін негізгі аудан құраушы фактор – экономикалық-географиялық орналасудың немесе шаруашылық маманданудың біртектілігі.

67. Айқын сипатталған экономикалық-географиялық ерекшелік интенсивті, сол сияқты экстенсивті шаруашылықты игеру аумақтары үшін қосымша аудан құраушы фактор болып табылады.

68. Пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында немесе интенсивті ауыл шаруашылық негізінде қалыптасатын ауыл шаруашылықты игеру немесе жаңа өнеркәсіптің ауданы шекараларын анықтау барысында, жоғарыда аталған факторлармен қатар өлшемдерді және шикізат қорының кеңістіктік конфигурациясын ескерген жөн.

69. Экономикалық аудандар желісін жасау бірнеше тізбектелген кезеңдерге бөлінеді.

Бірінші кезең – ірі, үлкен және орташа қалалардың шаруашылық аймақтарының ерекшеленуі. Аймақтар мәліметтері қала орталық жүйесі арқылы байланысқан аумақтарды білдіреді, олардың арасындағы байланыс түріне жүктің орын алмастыруы (жүк ағыны), адамдардың орын алмастыруы (жолаушылар ағыны), ақпарат алмасу жатады. Аймақтың ерекшелігіне (немесе қала маңылық) тұрғындардың қалаға жұмысқа жаппай қатынауы жатады.

Әсер етуді қалыптастыратын аймақ қала маңы аймағынан тыс жерде орналасқан.

Екінші кезең – маманданған аумақтардан тұратын ірі, үлкен және орташа қалалар шаруашылығнан тыс аймақта экономикалық аудандардың ерекшеленуі (мұнай-газ өндіруші аудандар, суармалы жер шаруашылығымен айналысатын аудандар, демалыс аудандары). Мұнда шаруашылықтың жетекші саласының өндірістік қызметі аумақтық тұрғыда ұйымдасқан түрде сипатталады.

Аудандастыру бойынша үшінші кезең – экстенсивті шаруашылықты игеру аумағында аудандардың ерекшеленуі (оқшауланған әкімшілік аудандар, шағын массивтер, кең кеңістікті аз қоныстанған аймақтар, облыстың бірнеше әкімшілік аудандарынан тұрады).

70. Экстенсивті шаруашылықты игерудің ауқымды аумағында экономикалық аудандарды ерекшелеу барысында негізгі аудан жасаушы факторларға экономикалық-географиялық орналасу және шаруашылық мамандануы жатады.

Аудандастыру бойынша қорытынды төртінші кезеңге жасалған торды бағалау, ерекшеленген экономикалық аудандардың қысқаша сипаттамасын құрудан және оларды жасаудың реті мен тәртібі туралы ұсыныстарды беруден тұрады.

Аумақтың шаруашылық (экономикалық) мамандануы, ең алдымен шаруашылық пен өндірістің негізгі салаларына басым бағыттарымен, сонымен қатар жан басына шаққандағы өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерінің маңызды түрлерін шығару санымен сипатталады.

71. Шаруашылықтың салалық құрылымы мынадай белгілер бойынша талданады:

бұл салада жұмыспен қамтылғандардың санымен;

негізгі өндірістік қорлар;

саланың жалпы өнімі.

Аумақ шекарасында орналасқан өнеркәсіптер арасындағы байланыстарды қарастыру мақсаты аумақтың барлық аумақтық-өндірістік кешенін талдау мақсатына алмасады.

72. Аудан экономикасының аумақтық құрылымын талдау негізі оның жекелеген аумақ бөліктерінің аумақтық-өндірістік кешенді қалыптастырудағы әсер ету деңгейін анықтаудан тұрады.

Жетекші сала ретінде жалпы өнімнің ең жоғарғы салмағы келетін немесе жалпы қамтылғандардың 50 пайызы келетін сала алынады.

73. Экономикалық мамандану тұтас алғанда аумақтың j экономикалық белсенділігіндегі i сектор салмағын (саланы) тарату арқылы анықталады. i белгілі-бір салада j аумақты маманданған деп есептейді, егер осы салада қамтылған жұмысшылар саны үлкен мөлшерде болса. Аумақтың экономикалық мамандану индексі келесі формула бойынша есептеледі:

 

 

мұндағы - аумақ экономикасында j экономикалық қызмет (саласы) түрінің үлесті салмағы ретінде жұмыспен қамтылғандар санымен немесе өндірістік өнімнің жалпы көлемімен (жұмыс, қызмет көрсету) анықталады;

Eij - жұмыспен қамтылғандар саны немесе i аумақ экономикасындағы j сала түсімінің көлемі

Ei - i аумақ экономикасында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны немесе i аумақ экономикасындағы жалпы пайдасы

74. Аумақтың мамандануын талдаудан басқа (ішкі жалпы өніммен немесе жұмыспен қамтылғандар саны бойынша анықталған) кеңістіктік талдауда мына формула бойынша есептелетін өндірістің аумақтық топтастырылуын талдау қолданылады:

 

 

Мұндағы - ел масштабында j саласы бойынша жұмыспен қамтылғандар санындағы аумақтың үлесті салмағы ретінде немесе масштабтағы j саланың жалпы пайдасымен анықталатын шоғырлану индексі,

 

- і аумақ экономикасындағы жұмыспен қамтылғандардың саны немесе j саланың жалпы пайдасы

- ел масштабында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны немесе i аумақ экономикасындағы j саланың жалпы пайдасы.

75. Аумақтың экономикалық мамандану деңгейін анықтауға арналған Херфиндель-Хиршман индексі кең таралған, ол мына түрде есептеледі:

 

, где

 

Мұндағы: X - Жұмыспен қамтылғандар саны (З) немесе жалпы пайда (В)

Xij - i аумағындағы j саласының З немесе В

Xi - тұтас алғандағы i аумақ экономикасындағы З немесе В

 

76. Сонымен қатар аумақтың экономикалық мамандануын бағалау барысында Кругманның аумақ мамандануының сәйкессіздік индексі кең қолданылады, ол аумақтың өндірістік құрылымының орташа көрсеткіштен ауытқуын көрсетеді:

 

 

, где

Белгілер алдыңғы формулаға ұқсас.

 

77. Кеңістіктік – экономикалық өзара байланысты сипаттайтын үшінші көрсеткішке Лилиана индексі жатады, ол экономикадағы жұмыс күшінің салааралық қайта орналастыру жылдамдығын көрсетеді және келесі формула бойынша есептеледі:

 

,

мұндағы - i аумақ экономикасындағы j саладағы жұмыспен қамтылғандар саны

 

- i аумақ экономикасындағы j жұмыспен қамтылғандар саны

 

- i экономика аумағындағы жалпы жұмыспен қамтылғандар саны.

 

- дифференциациялаудың бірінші операторы

78. Шоғырландырудың кластерлік индексі аумақтың әр жұбында өлшенген ара-қашықтықтар негізінде экономикалық белсенділіктің кеңістіктік таралуын салыстырады, есептеу гравитациялық үлгіге негізделген:

 

 

,

Мұнда алдыңғы формулалардағы белгілермен қоса мыналар қолданылады

 

 

79. Тағы бір аумақтың экономикалық мамандануының маңызды көрсеткішіне, екі уақытша интервалда алынған аумақтық немесе салалық өзгерістер көрсеткішін өлшейтін абсолютті құрылымдық өзгерістер коэффициент болып табылады:

 

 

,

мұндағы және аумақ экономикасындағы саланың немесе 1 және 0 уақыт аралығында алынған елдегі сала экономикасындағы аумақтың шектік салмағы болып табылады.

 

80. Бірлескен түрде көрсеткіштер мәліметтері сала аралық кооперация әлеуетіне, негізгі және көмекші өндірісті араластыру немесе мамандануға негізделген аумақтың экономикалық мамандануының толық сипаттамасын алуға мүмкіндік береді.

81. Аумақтық экономиканың мамандану индексін есептеудің жоғарыда келтірілген әдістерін аумақтың қалыптасқан және болашақтағы (күтілетін) өндірістік-экономикалық құрылымын талдауға пайдаланған дұрыс.

82. Қызмет көрсету және инновациялық қызмет сияқты аумақтың экономикалық мамандануын бағалау (ғылыми зерттеулер, олардың коммерциялануы) 2001 ж. Халықаралық қызметтерді саудалау статистикасы бойынша БҰҰ Нұсқаулығына сай қосымша көрсеткіштерді есепке алуды талап етеді, қызметті саудалаудың келесі экономикалық мамандану топтары бойынша:

Білімдерге негізделген қызметтер (құрылыс, ақпараттық қызметтер, ройалти және лицензиялар, құқықтық қызметтер, іскерлік және басқарушылық кеңес, қоғаммен байланыс, жарнама, нарықты зерттеу, жобалау және инжиниринг, аудиовизуалды қызметтер, зерттеулер);

Қоғамдық және жеке коммуналдық (ұжымдық) қызметтер (қалдықтарлы шығару және жою), басқа да жеке, мәдени және рекреационды қызметтер, мемлекеттік және муниципалды қызметтер;

Логистикалық қызметтер және делдалдық (тасымалдау, пошталық және курьерлік қызметтер, өзара байланысқан қнеркәсіптер арасындағы қызметтер, өндіру, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, операциялық лизинг, мерчандайзинг және қызметте сатумен байланысты басқа да қызметтер;

Соңғы тұтынуға арналған жергілікті қызметтер (іскерлік жолсапарлар, өмірді сақтандыру және зейнетақы сақтандырулары, жүкті сақтандыру, қаржылық қызметтер, франчайзинг);

Соңғы тұтынуға арналған материалды емес қызметтер (жеке жолсапарлар);

Байланыс қызметімен байланысты қызметтер (телекоммуникация қызметтері, басқа тікелей сақтандыру, қайта сақтандыру, компьютерлік қызметтер, бухгалтерлік есеп, аудит, есептеу, салықтық кеңес беру бойынша қызметтер).








Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 3046;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.025 сек.