Су шаруашылық аудандастыру

 

50. Сумен жабдықтау, су тарту, ағын суларды тазарту, су ресурстарын үнемді пайдалану жүйелерін дамуы және сенімді қызмет жасауы үшін жағдай жасау, судың жағымсыз әсерін болдырмауды қала құрылысы жобасын жасауда ескеру қажет.

51. Су ресурстарын шектеуді және су объектілеріне рұқсат етілген экологиялық жүктемелерді, сонымен қатар тұрғындарды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етудің сөзсіз басым бағытында есепке алу, «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен ғимараттар» ҚР ҚНжЕ 4.01-02.2008 стандартына сай Қазақстан Республикасында қала құрылысын жобалаудағы аумақты дамыту бойынша нұсқаларды бағалау және аумақты аймақтандыруда міндетті болып табылады.

52. Бас схеманы жасауда аумақты су шаруашылығы бойынша аудандастыру мақсатында Қазақстан Республикасы аумағын су көздерінің қол жетімділігі және ауыз су қорының және ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға арналған су ресурстарының орналасуымен бөлінуі.

53. Су шаруашылық аудандастыру барысында Республика аумағында гидрографикалық торапты бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:

Өзендердің ұзындығы;

Су қоймалары мен көлдердің бет аудандары;

Су жиналу ауданы;

Өзендердің қоректені шарттары және су шығыны;

Ағыс жылдамдығы;

Су тасқыны, мұздану, мұз сөгілу ұзақтығы.

 

4-сурет. ҚР жер үсті сулары ресурстары бойынша аудандастыру

 

54. Гидрогеологиялық жағдайларды талдау барысында жер асты суларының су таралу шегі, олардың таралуы, орналасу тереңдігі және судың молдығы, химиялық құрамы және агрессивтілігіне сипаттама беріледі. Жер асты суларының пайдалануға болатын қорларын көрсетумен және оларды аумақтың негізгі шаруашылық түрлеріне қолданылатын сумен жабдықтау көзі ретінде пайдалану мүмкіндігін бағалаумен аумақты жер асты суларымен қамтамасыз ету тұрғысынан аумақты аудандастыру жүргізілуде.

55. Жер үсті су ресурстарын бағалау республиканың барлық аумағына сияқты, оның жеке табиғи аймақтарына және негізгі өзендердің жу жинау бассейндеріне, жеке өзен, көл, су қоймасы үшін макроаудан деңгейінде іске асырылуда.

 

5-сурет. ҚР жер асты сулары ресурстары бойынша аудандастыру

 

56. Су шаруашылық аудандастыру барысында алынған мәліметтер шаруашылықтың негізгі түрлеріне сай аумақты су ресурстарымен қамтылу деңгейі бойынша бөлуді іске асыруға, сонымен қатар тұрғылықты жердің ағымдағы және перспективалық сумен қамтамасыз етілуін бағалауға мүмкіндік береді.

Оның су ресурстарымен қамтылу деңгейі бойынша аумақты бөлу келесі негізгі критерийлер бойынша іске асады:

1) Су ресурстарымен жоғары қамтылған аумақтар (аса көп пайдалану қорымен және тұрғылықты жердің және шаруашылықтың ағымдағы және есептік балансынан болашақтағы су тұтынуынан асып түсетін бекітілген қорынан тұратын аумақтардан тұрады);

2) Су ресурстарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етілген аумақтар (аса көп пайдалану қорымен және тұрғылықты жердің және шаруашылықтың ағымдағы және есептік балансынан болашақтағы су тұтынуынан асып түсетін бекітілген қорынан тұратын аумақтардан тұрады);

3) Су ресурстарының төмен көрсеткішімен қамтамасыз етілген аумақтар (су шаруашылық балансы тұрғындардың және іске асырылып жатқан шаруашылық қызметтің нормативтік су тұтынушылығын қамтамасыз етпейтін аумақтардан тұрады).

 








Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2444;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.