Экологиялық аудандастыру
46. Бас схеманы әзірлеу кезінде республика аумағының табиғи жағдайлары мен ресурстарын талдау және бағалау жүзеге асырылады және антропогендік қызмет нәтижесінде болуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, олардың сипаттамасы, табиғи ортаның барлық құрамдас бөліктерінің аумақтарды пайдалану сипатына әсеріне баға беріледі.
47. Экологиялық аудандастыру антропогендік жүктеме дәрежесін анықтау негізінде экологиялық-демографиялық қысымның күйзеліс ошақтарын анықтауға, тұрғындардың өмір сүру қабілетінің деңгейін анықтайтын негізгі ландшафтық-экологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларды талдауға, халық тұратын экологиялық-демографиялық аудандарды талдап, бағалауға, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің бүліну үдерістерін төмендету мен экологиялық жағдайды сауықтыруға мүмкіндік береді, бұл ретте халықтың өмір сүру қызметі жақсара түседі.
48. Қазақстан Республикасының, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстар мен елді мекендердің аумағын кеңістік ұйымдастырудың экологиялық қауіпсіз стратегиясын қалыптастыру қала құрылысы жобаларының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қауіпсіз өмір сүру ортасын құру жөніндегі кешенді талаптарды анықтайтын аумақтың экологиялық жағдайын бағалау Қазақстан Республикасының мындай заңдарына сәйкес жүзеге асырылады: ҚР Экологиялық Кодексі; ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы; 2005-2015 ж.ж. шөлейттенумен күрес жөніндегі бағдарлама; Қазақстан Республикасының 2007-2024 ж.ж. арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы.
49. Бас схеманы әзірлеу кезінде аумақты экологиялық аудандастыру (3-сурет) Қазақстан Республикасы аумағын көрсеткіштер блогі бойынша (табиғи жағдайлар, антропогендік жүктеме, қоршаған ортаны ластау, халықтың денсаулық жағдайы) экологиялық жағдайдағы аудандарды төмендегі санатқа бөліп, анықтау жолымен жүргізіледі:
қанағаттанарлық;
алаңдаушылық;
дағдарысты;
сын көтермейтін (нашар).
3-сурет. ҚР жалпы экологиялық аудандастыру
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 5644;