Минералдық-шикізаттық аудандастыру
57. Қазақстан Республикасы аумағын минералдық-шикізаттық аудандастыру өнеркәсіптік өндіріс пен шипажайлық шаруашылық салаларын дамытудың негізі ретінде жан-жақты қарастырылатын минералды-шикізаттық ресурстарды аумақтық таратуды өзіне қамтиды және кешенді геологиялық-экономикалық талдаудың негізінде жүзеге асырылады.
58. Минералды-шикізаттық ресурстарды (перспективалық-барланған және өңделетін) тарату алаңдары Бас схеманы әзірлеу барысында жоспарлық шектеулер ретінде сипатталады.
6-сурет. Қазақстан Республикасын отын-энергетикалық ресурстар бойынша аудандастыру
59. Геологиялық-экономикалық талдаудың негізгі элементтеріне болжамдық-металлогендік, минералдық-шикізаттық, көлік-логистикалық және атқарушылық-құндық, әлеуметтік-экономикалық талдау жатады.
60. Аумақты минералдық-шикізаттық аудандастыру барысында геологиялық-экономикалық аудандар және минералды-шикізаттық базаның экономикалық даму орталықтарына бөлінетін металлогендік аймақтар, кен алаңдары және тораптары, минералды-шикізаттық объектілер мен өнеркәсіптік-шикізаттық тораптар дәйеті түрде айқындалады.
61. Аталған объектілер құрамында сондай-ақ «техногендік кен орындары» - жұтаң кен үйінділері, байыту қалдықтары және т. с. с.
62. Өнеркәсіптік мақсаттағы кен орындарының қысқаша геологиялық-экономикалық сипаттамасы орналасқан жері, игерудің түрі, санаты және перспективасы, өңдеу тәсілі, қормен қамтылғандығы, таралу алаңы туралы ақпаратты өзіне қамтиды.
63. Минералдық-шикізаттық аудандастыру үшін ақпараттық негізі болып салалық институттар материалдары, есептік теңгерімдер және т. с. қызмет етеді.
Минералды-шикізаттық аудандаудағы аумақтардың бөлінісі келесі санаттар бойынша жүзеге асырылады:
1) ресурстардың түрлері бойынша (көмірсутегілік шикізаттың, қара, түрлі-түсті және сирек жер металдардың минералдық-шикізаттық базасы, руда емес минералды шикізат, шипажайлардың минералды-шикізат базасы және басқалар.);
2) әр түрдің ішінде:
қолданыстағы қорларды және бөлінген (уақытша игерілмеген) және бөлінбеген резервтерді игеру деңгейі бойынша;
шикізатты қайта өңдеу (шикізаттық қайта жасау саны) тереңдігі және қосымша құнды шектеу перспективалары бойынша;
шығарудың кешенділік деңгейі бойынша (жалпы кәсіпаралық (кендік) көлік инфрақұрылымы дамуы және оның деңгейі – минералды шикізатты өңдеу, оны тауарлық шарттарға даярлау, тасымалдау және тиелетін өнімді есепке алу нысандарының технологиялық байланысқан жүйелері);
шығарылатын өнімге сұраныстың әлемдік конъюнктура жағдайының тұрақтылық деңгейі бойынша;
қалатүзуші фактордың (мекендегі жалпы қамтылған жұмысшылардың сол объектіге қамтылғандарының үлес салмағы) айқындалу деңгейі бойынша.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2464;