Бас схеманы әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы аумағын аудандастыру
28. Қазақстан Республикасының аумағын аудандастыру қоныстану орындарын, өнеркәсіптік, көлік және ауылшаруашылық объектілерін ұтымды пайдалану, коммуникация, рекреация, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жоспарлау құрылымын қалыптастыру, тұрғындардың еңбек, тұрмыс және демалуына қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады;
Көрсетілген міндеттерді шешуге әсер ететін негізгі факторларға климат, рельеф, аумақтың сейсмикалық, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жай-күйі, қатынас, көлік, инженерлік және басқа инфроструктура дамуы, Қазақстан Республикасы аумағын аудандастыруды және қала құрылысында міндетті есепке алуды қажет ететін табиғи ресурстардың болуы, заманға сай және аумақтық-өндірістік кешендердің перспективалық сипаттамалары жатады.
30. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жалпы қосалқы өндірістермен немесе инфраструктура объектілерімен өнеркәсіп топтар құрамында (өнеркәсіптік тораптар) өнеркәсіптік аймақтар (аудандар) аумағында, ал ауылдық жерлерде өндірістік аймақтар құрамында орналастырған дұрыс.
Өнеркәсіптік аймақтарды (аудандарды) орналастыруда олардың еңбектік қарым-қатынастарға минималды уақыт жұмсалатын тұрғын үй аудандарымен тиімді қатынасын қамтамасыз ету керек.
Өнеркәсіптік аймақтардың (аудандардың) аумағын пайдаланудың қарқындылық деңгейін және өлшемдерін олардың қала құрылымында орналастыруға және оның аумағында көп қабатты құрылысты және жер асты кеңістікті қарастыра отырып, түрлі жерлерде қала құрылысы құндылықтарына байланысты қабылдаған жөн.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2204;