Азақстан Республикасындағы құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясында заң және заңға тәуелді актілерді шығарудың, қабылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген. Заң шығаруда ұсыныс құқығы — Парламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында.
Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар. Бұл процесс, әдетте, заң шығару қызметінің сатылары және олардың бірізділігі арқылы дамып отырады.
Бірінші. Заң шығару бастамасынан басталады. Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектінің Парламент қарауға міндетті. Заң жобасын және Парламенттің өзге актісінің жобасын ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Бұл құқық Парламенттің депутаттарына және Үкіметке Конституция бойынша берілген
Екінші. Мәжілістің комитеттері заң жобасын қабылдап қарайды, олар алдын ала заң жобасын әзірлейді. Бүдан кейін заң жобасын Мәжіліс бюросының қарауына тапсырады. Бюро заң жобасы жұмысының қорытындысын тұрақты комитетте қарап, оны Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беру туралы шешім қабылдайды.
Үшінші. Заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беріледі. Мұнда заң жобасы бір рет, әдетте, екі рет, кейде одан да көп пысықталады (заңның бірінші, екінші, үшінші оқуы). Одан кейін Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде 60 күннің ішінде қаралуға тиісті. Сенатта алдымен комитеттерінде, кейін бюро, пленарлық отырысында заң жобасы қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және ол он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Президент заң жобасын Конституциялық Кеңеске Конституцияға сәйкестігін тексеруге бере алады. Президент заңға қол қойғаннан кейін заң жарияланады [11, 456б].
ҚР Нормативтік актілердің түрлері, оларды жүйеге келтірудің әдістері.
Нормативтік актілердің жүйелерінде заң ерекше орын алады, оның жоғары күші бар. Заңның жоғары күші келесі жағдайлардан түрады: заңцы тек парламент күрделі Конституцияда айтылған әдістермен алады, заңды тек парламент қабылдайды, жояды немесе өзгертеді. Басқа нормативтік актілер заңға сәйкес болуға тиісті. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, күрделі мәселелерді шешеді және зандар шығаруға хақылы. Оның құзырындағы:
- жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілеріне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне;
- меншік режиміне және өзге де мүлік құқығына;
- мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
- салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
- республикалық бюджетке;
- сот қүрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
- білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
- кәсіпорындар мен олардың мүлік жекешелендіруге;
- айналадағы ортаны қорғауға;
- республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
- мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.
Парламент Конституцияны, Заңдарды қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Олар Конституцияға және зандарға қайшы келмеуі тиіс [12, 32б].
Қазақстан Республикасы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы Конституциясы, 3-бап).Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.
Бақылаудың бұл түрін біз негізінен Республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері еліміздің Конституциясында бекітілген.
Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және 1995 жылы 16 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен реттеледі.
ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, еліміздің Парламенті тұрақты түрде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат жанама сайлау арқылы құралады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасы астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады [13, 116б].
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғаз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі [14, 39б].
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы бес жылдан кем емес, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты болып сайлана алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат және Мәжіліс сайлаған Төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Парламенттің үйлестіруші органдары Палаталар Төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжілістің Бюросы болып табылады. Палаталар Бюроларының құрамына Палаталар Төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерінің Төрағалары кіреді. Мәжіліс Бюросының құрамына Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері де енеді.
Парламенттің жұмыс органдары Сенат және Мәжілістің тұрақты комитеттері, сондай-ақ Палаталардың бірлескен комиссиялары болып табылады. Палаталардың тұрақты комитеттері заң жобалары жұмысын жүргізу, Палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын-ала қарап, дайындау үшін құрылады. Тұрақты комитеттер құрылған кезде Палаталар олардың тізбесі мен сандық құрамын белгілейді, содан кейін тұрақты комитеттердің мүшелерін сайлайды. Сенат және Мәжіліс құратын тұрақты комитеттердің саны әр Палатада жетіден аспауға тиіс.
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен өзгертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
Парламент депутатының өкілеттігі ол орнынан түскен, қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты:
депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған; конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Ал Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламенттің құзыреті оның сессияларында, Палаталардың, органдарының және депутаттарының қызметімен іске асырылады. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.
Конституцияның 53-бабына сәйкес Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
- Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
- Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
- Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
- Соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
- Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың қарулы күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
- Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
- Палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерін тыңдайды;
- Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. [15].
Парламенттің заң шығарушылық қызметі тек бірлескен отырыстарда ғана емес, сондай-ақ Палаталардың бөлек отырыстарында да, әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
8) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды, Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар, заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді, республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.
Сондай-ақ Сенаттың және Мәжілістің ерекше қарауына жататын мәселелр Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-56 баптарында берілген.
Заң шығару процессі – заңдылықтармен белгіленген заңдар шығару, заңдарға және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының қызметін жүзеге асыру рәсімі [16, 92б].
Конституциялық заңдылықтарға сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
Заң шығарушылық процесстің бірінші сатысы Парламентте заң шығару процессі сатысынан басталады. Бұл сатыда заң шығару бастамасының субъектілері Мәжілістің қарауына заң жобаларын енгізеді. Тіркелген заң жобасы алдын ала қарап, онымен одан әрі жұмыс істеу тәртібі туралы ұсыныстар әзірлеу үшін Мәжіліс қаулысымен тиісті комитетке жіберіледі. Егер заң жобасы екі және одан да көп комитетке жіберілген болса, онда қаулыда бірінші аталған комитет бас комитет болып есептеледі. Қорытынды әзірлеуге қажетті мерзім тапсырмада көрсетіледі және ол тіркелген заң жоꔱасы тиісті комитетер мен Палата Аппаратының Заңнама бөліміне келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кем болмауға тиіс.
Егер Республика Президенті заң жобасын жедел қарауды арнайы жолдаумен жария етсе, Палата бас комитетінің қортынды әзірлеуіне қажетті мерзім жеті күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Заң шығару процессінің екінші сатысы – заң жобасын алдын-ала талқылаудан өткізу. Заң жобасын қарау, заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу тәртібін Палатаның тиісті комитеті дербес белгілейді. Заң жобасын комитеттерде талқылау ашық өткізіледі. Комитет заң жобасын талқылаудан бес күн бұрын депутаттарды хабардар етеді. Комитет заң жобасын қарау нәтижелері бойынша қорытынды қабылдайды.
Үшінші саты – заң жобасын Мәжіліс отырыстарында талқылау. Егер Палата нақты жобаға қатысты басқа шешім қабылдамайтын болса, Мәжілістің жалпы отырыстарында заңдардың,, оның ішінде конституциялық заңдардың жобаларын қарау бір оқылымда жүзеге асырылады. Кодекстің жобалары, оларға өзгерістер мен толықтырулар кемінде екі оқылымда қаралады. Заң жобасының бастамашысы тапсырған нұсқадағы заң жобасының мәтіні мен оған қоса тіркелген материалдар бұл заң жобасы жалпы отырыста қарардан кемінде он күн бұрын депутаттарға беріледі. Мәжілісте қарау сатысы заң жобасын көпшілік дауыспен қолдап, Парламент Сенатының қарауына тиісті қаулымен бірге жолдаумен аяқталады.
Төртінші саты – заң жобасын Сенатта қарау. Сенатта заң жобасы 60 күн ішінде қаралады. Заң жобасын Сенаттың қолдауы не толық немесе жартылай қайтарып беруі мүмкін.
Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттің қол қоюына беріледі.
Бесінші саты – заңдарға Президенттің қол қоюы және олардың жариялануы.
Парламент заң шығарушы орган бола отырып, Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, соның ішінде конституциялық заңдар, Парламенттің қаулылары, Сенат және Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады [17, 114б].
Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғас жағдайы кезінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.
Президенттің актілері. ҚР Президенті бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президенттің Жар-лықтары Конституция мен Республика зандарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің Жарлығымен:
Республика Президентінің актісін шығаруда талап ететін Президенттің Конституциялық өклеттігі жүзеге асырылады;
Конституцияда және өкімет органдарының Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;
Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мөселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады;
Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдакады.
Президент Конституция бойынша заң қабылдайды (53 бап 4 тармағы, 61 бап 2 тармағы).
Республика Президентінің өкімдері Конституцияның, зандардың және Президент жарлықтарының негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Оның өкімдерімен әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу жүзеге асырылады. Республика Президентінің құзыретіне сәйкес констиуциялық мәртебесі жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
Үкімет актілері. Нормативтік жүйеде бұл актілер үшінші орында тұрады, олар зандардың және Республика Президенті актілерінің негізінде жөне соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметтің нормативтік актілері және қаулылары.
Үкімет актілері алқалық түрде оның отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-Министр қол қояды.
Премьер-Министр шығарған нормативтік актілер жеке өкімдерге жатады. Үкімет норма шығару саласында құқығын жүзеге асырады.
Министрліктер, ведомстволар, мемлекетгік комитеттер бұйрық және инструкцияларды шығарады. Олар мемлекеттік комитеттерінің басшылығын жүзеге асырады, тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді.
Конституциялық Кеңестің актілері шешім түрінде қабылданады. Конституциялық Кеңестің отырысында қабылданатын барлық шешімдері Конституциялық өкілеттіктермен жүзеге асырылатын қорытынды шешімдерге бөлінеді. Конституциялық шешімдер, қаулылар, соның ішінде ҚР қолданылатын құқықтардың құрамдас бөлігі болып саналатын нормативтік қаулылар қорытындылар мен жолдаулар нысанда болады. Конституциялық Кеңестің актілері, оның мүшелерінің көпшілік дауысымен алқалы түрде қабылданады және оларға Төраға қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңестің мәжіліске қатысқан мүшелерінің қолымен бекітіледі. Конституциялық Кеңестің қаулысы оны қабылдаған күннен күшіне енеді және Республиканың бүкіл аумағында міндетті болып саналады әрі түпкілікті және шағымдануға жатпайды.
Жоғарғы Соттың актілері - ҚP сот билігінің Жоғарғы органның заңцы нысанда еркін білдіруі. Бұл Жоғарғы соттың қаулылары мен өзге де актілері. ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы", конституциялық заң күші бар, жарлығының 31 бабының 1 тармағына сәйкес, сот практикасының мәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік қаулыларды ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қабылдауға хақысы бар. [18].
Мәслихаттар өз қүзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 3366;