Негізгі терминдер
11. Осы Әдістемеде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аумақтарды аймақтарға бөлу–қала құрылысын жоспарлау кезiнде аумақтың жоспарлы құрылымын, инфрақұрылымды дамыту схемаларын, резервтегі даму аймақтарын, жоспарлы, функционалдық аймақтарды, күрделі құрылыс объектілерін жоспарлы орналастыру аймақтарын белгілеу арқылы аумақты пайдалануды, кеңістікте ұйымдастыруды және негізгі даму параметрлерін жоспарлауды қамтамасыз ететін жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерi мен оларды пайдалану жөнiндегi мүмкiн болатын шектеулердi белгiлей отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу.
Аумақты аймақтарға бөлу қала құрылысын жоспарлау объектісінің мөлшеріне қатысты іске асырылады және ауданаралық деңгей мен елді мекендер деңгейіндегі қала құрылысы құжаттарын дайындау кезінде аумақтардың дамуын жоспарлау нұсқаларын негіздейтін материалдардың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
2) аумақтық-өндірістік кешендер (кластерлер) - қалалық агломерацияларда орналасқан немесе қалалармен (қоныстармен) жанасып жатқан көліктік, энергетикалық, инженерлік инфрақұрылым желісімен байланысты өндірістік түйіндер, кәсіпорындар, индустриалдық орталықтар, көліктік-логистикалық түйіндер, технопарктер топтарын орналастыру аумақтары. Аумақтық-өндірістік кешендер (кластерлер) инновациялық, технологиялық және өнеркәсіптік әлеуеттің шоғырланған орындары, экономикалық өсу және құрылымдық диверсификация орталықтары болып табылады, мемлекеттің инфрақұрылымдық инвестицияларын бизнестің инвестициялық стратегияларымен қоса үйлестіруді талап етеді, кеңістік даму мен жоспарлық ұйымдастырудың бірыңғай схемаларын (жоспарларын) әзірлеуді қажет етеді.
3) аумақты экономикалық мамандандыру – оның жетекші заманауи және перспективалық функцияларының бейінін анықтау және оны игеру мен пайдалануды қала құрылыстық реттеудің оңтайлы режимдерін белгілеу мақсатында олардың ағымдық жағдайының, әлеуметтік-демографиялық, табиғи, өндірістік-технологиялық әлеуетінің талдамасын ескере отырып, әр түрлі масштабтағы аумақтық бірліктерді саралау. Қазақстан Республикасының экономикалық қызметі түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес ҚР ЭҚЖЖ 03-2007 (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) статистикалық деректер негізінде анықталады. Аумақта орналасқан кәсіпорындардың бүкіл жиынтығының тауарлық өнім (тауарлар мен қызметтер) шығару құрылымындағы жалпы қосымша құнды құруға ең көп үлес қосатын экономикалық қызметтің түрі бойынша белгіленеді.
4) елді мекендер аумақтарының жоспарлы құрылымы -елді мекендердің базалық жоспарлы құрылымына мыналар жатады: орталықтың (тарихи орталықтың), жеке меншік құрылыс салудың жоспарлы аймақтары, қаланың, қоныстың іріленген жоспарлы құрылымын құрайтын ірі аумақтық аудандарға жатқызылған қоныстану, өндірістік, қалыптасқан және жаңа жоспарлы аймақтар; үздіксіз сызықты және сызықты-түйінді құрылымдардың – көше-жол желісінің, инженерлік ғимараттар мен коммуникациялар аймағының, жасыл аймақ пен агроазық-түлік белдеулер жүйесінің, табиғатты қорғау аумақтарының және басқалардың құрылымымен үйлестірілген функционалдық аймақтар – тұрғын, рекреациялық, өндірістік, өзгелер.
5) Қазақстан Республикасының аумағын аудандастыру– қала құрылысы қызметінде техникалық реттеу, нормалау және жобалау параметрлеріне әсер ететін, жаратылыс-табиғи және антропогендік (техногендік) ұқсас жағдайлары бар аумақтардың шекараларын белгілеу;
6) қала құрылысы қызметі– ұйымдардың қала құрылысын жоспарлау және аумақтар мен елді мекендерді дамыту, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін анықтау, қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық үдерісін, қала құрылысы құжаттамасының барлық шектес бөлімдерін үйлестіруді қамтитын қалалық мен ауылдық елді мекендерді кешенді жоспарлау жөніндегі қызмет;
7) қала құрылысын реттеу аумағы – шегiнде қандай да болсын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жүзеге асырылатын аумақ;
8) қала құрылысының кеңiстiгi – адамның (ел, өңір, елдi мекен, елдi мекен бөлiгi халқының) мекендейтiн және тiршiлiк ететiн материалдық ортасы қалыптасатын қала құрылысын реттеу аумағы;
9) қалалық агломерациялар – әр түрлі пайдалану аумақтарынан тұратын және есептік көліктік қол жетімділік шеңберінде кеңістікте бөлінген қала тұрғындары мен экономикалық әсер ету аймағына жататын ауыл тұрғындары үшін қызметтердің кең таңдауын және мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін аумақты кеңістікте ұйымдастырудың нысаны.
Агломерациялар әкімшілік шекаралармен сәйкеспейді, олардың тұрғындары таңдалатын өмір сүру, қызмет көрсету, еңбек жұмсау орнының, білім типінің, рекреацияның және т.с.с. көліктік байланыстылық қисынын басшылыққа алады.
10) құрылыс салудың тығыздығы – қала құрылысы жағдайының типіне байланысты бұл типке қосу үшін шекті көрсеткіш ретінде белгіленеді. Дамудың барлық типтері үшін жеке көлік құралдарын тұрғын үй бірліктеріне тікелей жақындықта орналастыру талабы, нақты жоспарлы бірлікке – орамға (тұрғын топқа), тұрғын ауданға (шағынауданға, кентке), қонысқа қоныстану аймағына қатысты аумақтардың жоспарлы элементтері мен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесті ауданына қойылатын талаптар сақталады.
Құрылыс салудың тығыздығы 1 гектар жоспарлы бірлікке тұрғын үйлер (пәтерлі үйлер үшін – лифт холдарының, дәліздердің және басқалардың ауданын қоса) ауданының шаршы метрі санымен және 1 гектар тиісті жоспарлы бірлікке өзге типті үйлер (әлеуметтік, қоғамдық-іскери, инженерлік инфрақұрылымның) ауданының шаршы метрі санымен анықталады. Құрылыс салудың жиынтық тығыздығы көшелердің, жолдардың, жас көшеттердің, автотұрақтардың және басқалардың ауданын есеске ала отырып, 1 га қоныстану аумағына барлық типтегі үйлердің санын қамтиды.
11) өндірістік аумақ өнеркәсіптік кәсіпорындарды және олармен байланысты объектілерді, тәжірибелік өндірістері бар ғылыми мекемелер кешендерін, коммуналдық-қойма объектілерін, сыртқы көліктің, қаладан тыс және қала маңындағы қатынас жолдарының ғимараттарын орналастыру үшін арналған;
12) тұрғын үй құрылысының құрылымы– белгілі бір жоспарлы бірліктің – құрылыс салу учаскесінің, тұрғын үй орамдарының, аудандардың, аймақтардың, сондай-ақ қоныстың ел агломерациясының аумағындағы тұрғын үйлердің әр түрлі типтері мен параметрлерінің ара қатынасының көрсеткіші.
Тұрғын үй құрылысының ауқымы мен құрылымы аумақтың әлеуметтік және технологиялық даму деңгейін анағұрлым толық сипаттайды.
13) урбандалған аумақтар – барлық елді мекендер түрлерінің аумақтары, агломерациялар, қалалардың, соның ішінде саяжайлық және бақшашылық кенттердің қала маңындағы аймақтары, қоныстану аймақтары, елді мекен орындарының жерлеріне ауысуға жоспарланатын қонысаралық аумақтар. Урбандалған аумақтардың дамуын кеңістікте ұйымдастыру тұрғын (қоныстану), өндірістік, агроөнеркәсіптік, рекреациялық, экологиялық-қорғау мақсатындағы аумақтарды әлеуметтік, көліктік, инженерлік инфрақұрылыммен үйлестіріп теңдестіруді көздеу керек.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1953;