Дістеменің мақсаты

12. Мыналар Әдістеменің мақсаттары болып табылады:

Бас схеманы әзірлеу кезінде елдің экономикалық әлеуетін оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін тұрғындарды қоныстандыруды жетілдіру, елді мекендерді қалыптастыру жөніндегі кеңістік шешімдерді негіздеу үшін аумақты дамытудың шарттарын талдауды әдістемелік қамтамасыз ету;

экономикалық жағынан келешегі бар аудандар мен өмір сүруге қолайлы табиғи-климаттық аймақтарда экономикалық және еңбек ресурстарын қала құрылысы құралдарын шоғырландыруды ынталандыру бойынша бағыттар мен нақты іс-шараларды анықтау үшін қала құрылысы алғышаттарын кеңістік бөлу мен республика аумағының функционалдық-жайғастыру құрылымын кешенді қайта ұйымдастырудың әлеуетін бағалау әдістерін жүйелеу;

аумақтарды дамыту саласында қала құрылысын жоспарлау мен жобалау сапасын арттыру.

13. Келесі міндеттерді іске асыру арқылы Әдістеменің мақсаттарына қол жетеді:

тұрғындардың тұруы үшін аумақтарды қолайлығы тұрғысынан дамыту перспективасын, табиғи-ресурстық әлеует құрылымының болуын, өндірістік күштер мен әр түрлі шаруашылыққа қолайлы жағдайларды орналастыруды анықтау;

аумақты функционалдық аймақтарға бөлуді, оны пайдалану артықшылықтарын, сондай-ақ тиісті индекстердің есеп формуласын анықтайтын негізгі көрсеткіштерді анықтау;

жоспарлы функциялардың құрамы мен мазмұнын, тұтастай алғанда оның аумақтық жобалық құрылымдағы маңызын анықтау;

тұру және экономикалық қызмет үшін елдегі елді мекендердің тартымдылығын арттыру мақсатында құрылыс салу сапасы бойынша аумақтарды саралау;

көлік, инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жаңғырту және елді мекендерді кешенді абаттандыруда инвестицияларды басым түрде және барынша тиімді жүзеге асыру бойынша аумақтарды саралау.

 

Азақстан Республикасының аумағын экономикалық маманданым түрлері және оларды басым пайдалану бойынша жіктеудің қағидаттық схемасы

 

14. Экономикалық мамандану түрлері және оларды артықшылықпен пайдалану бойыншаҚазақстан Республикасы аумағынжіктеу бірте-бірте сатылап жүзеге асырылады.

15. Бірінші сатыда Қазақстан Республикасы аумағын бағалау және аумақтың экономикалық әлеуетін қалыптастыратын төмендегі бастапқы ресурстық факторлар бойынша таксономикалық аумақтық бірліктерді (аумақтар) саралау жүзеге асырылады:

табиғи ресурстар;

геологиялық жағдайлар;

климаттық жағдайлар;

қазіргі аумақтық-өндірістік кешен.

Қазақстан Республикасы аумағын климаттық, сейсмикалық, экологиялық, су шаруашылығы, минералды-шикізатты, функционалдық аудандастыру аумақты бағалау мен бөлудің осы әдістемелік базасын жүргізудің нәтижесі болып табылады.

16. Екінші сатыда Қазақстан Республикасы аумағын жоспарлы ұйымдастыруды талдау мен олардың қала құрылысындағы маңызды факторлары бойынша қоныстандыру жүйесі элементтерін саралау жүргізіледі;

жоспарлы функцияларды іске асыруда аумақтардың дәрежесі мен сипаты;

республика бойынша қоныстандыру жүйесіндегі маңыздылығы бойынша аумақтарды бағалау;

аумақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті.

Қазақстан Республикасының елді мекендері жүйесін жіктеу осы талдаудың әдістемелік базасы болып табылады.

17. Үшінші сатыда аумақтардың өзекті функцияларды орындау сапасын кешенді талдау мен оларды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді бағалау жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағын функционалдық және жоспарлы аймақтарға бөлу бұл талдаудың әдістемелік базасы болып табылады.

18. Соңғы төртінші сатыда Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобалық кезеңі іс-шараларының қала құрылысы тиімділігіне, орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтарды дамыту мәселелері бойынша қолданған басқарушылық шешімдеріне кешенді бағалау жүргізіледі.

 

Азақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мақсатында экономикалық мамандану түрлері және оларды басымдықпен пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы аумағын жіктеудің критерийлері

 

19.Экономикалық мамандану түрлері және оларды артықшылықпен пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы аумағын жіктеудің критерийлері жүйесі адамдардың аумақтық топтасуына және келешегі бар аудандар мен өндірісті өркендететін басым нүктелерде, жоғары урбандалған аймақтарды үдемелі дамытуға, кәсіпкерлік белсенділікке, халықты өнімді еңбекпен қамтуға және қолайлы өмір сүру ортасымен қамтамасыз етуге бейімделген елді аумақтық-кеңістік ұйымдастырудың ұтымды жүйесін қалыптастыруға әдістемелік жәрдем көрсетуге бағытталған.

20. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі Болжамды схемасында белгіленген елді аумақтық-кеңістік дамытудың мақсаттары мен міндеттерін жобалық іске асыруды қамтамасыз ететін қала құрылысы құралы болып табылады.

Бұл ретте елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі Болжамды схемасы шеңберінде өңірлердің перспективадағы экономикалық мамандануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың экономикалық мақсаттылығын анықтауды (нақтылауды) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі іске асырады.

21. Бас схемада әзірленетін жобалық шешімдер Қазақстан дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде қалаларды, кенттерді және ауылдық елді мекендердің даму үдерісіне бейімделуі қажет.

Алға қойылған мақсаттарды іске асырудың критерийлері мыналардан тұрады:

мақсатты мемлекеттік нормативтерден (соның ішінде мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік қызметтің жекелеген түрлері, мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша),

шектеулерден (мысалы, табиғи ортаны ластау деңгейі бойынша),

алдағы онжылдық кезеңде елді аумақтық-кеңістік дамытудың Болжамды схемасын іске асыруды мониторингтеудің индикаторларынан және нақты ресурстарға байланбаған Қазақстанның қоныстандыру жүйесінің нормативтік функционалдық болжам жүйесі болып табылады

 

Азақстан Республикасының аумағын экономикалық маманданым түрлері және оларды басым пайдалану бойынша анықтау мен жіктеудің басты көрсеткіштері

 

22. Бас схеманы әзірлеуге арналған аумақты пайдаланудың жалпы көрсеткіштері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан экономикалық әлеует пен ресурстарды пайдаланудың кеңістік бөлінісін сипаттайды.

23.Құндық көрсеткіштер, млн. теңге:

Жалпы өнім жекелеген аумақтардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларының макроэкономикалық көрсеткішін ең көп қорытындылаушы, ел экономикасының дамуына жеке аумақтар қосқан үлестің объективті көрсеткіші ретінде;

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – іске асыру үшін, сол сияқты жеке пайдалану үшін де салада жасалған материалдық құндылықтар мен қызметтердің жалпы құны. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі барлық шаруашылық санаттарда өндірілген мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құнынан қалыптасады. Тереңдетілген мамандануды анықтау үшін мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін белгілеп, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін пайдалану керек;

Тұтастай алғанда өнеркәсіп бойынша және оның жекелеген қызмет түрлері бойынша өнімінің құнды білдіретін көлемі;

Құрылыс жұмыстарының көлемі – құрылыс ұйымдарының үйлерді және басқа ғимараттарды тұрғызу, қайта жаңғырту, кеңейту, күрделі және ағымдық жөндеу бойынша, сондай-ақ жабдықтарды монтаждау бойынша орындаған жұмыстарының құны.

24. Нақты көрсеткіштер (ҚР МЖ 04-2008 сәйкес):

Өнеркәсіп өнімінің өндірісі;

Ауыл шаруашылық дақылдарның жалпы жиыны;

Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі;

Балық аулау.

25. Ресурстардың тығыздығы мен бөлінісін анықтаудың көрсеткіштері:

Жекелеген аумақтардың ауданы, км2 немесе га:

Областардың аумағы;

Қалалардың аумағы;

Аудандардың аумағы;

Жыл басында республика, облыс, қала, аудан бойынша халық саны, адам:

Қала және ауыл тұрғындарына бөлінуі;

Елді мекендерді халық саны бойынша топтарға жіктеу;

Облыс, қала, аудан бөлінісіндегі республика бойынша халықтың тығыздығы.

Инженерлік-көліктік инфрақұрылым:

Көліктік инфрақұрылым, км;

Автомобиль жолдарының ұзындығы, км;

Халықаралық автомобиль жолдарының ұзындығы, км;

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы, км;

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы, км;

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы, км;

Магистральды темір жолдарының ұзындығы, км;

Әуе көлігі, жүк және жолаушылар тасымалының көлемі;

Су көлігі, жүк және жолаушылар тасымалының көлемі;

Автомобиль жолдарының тығыздығы, км/км2;

Халықаралық автомобиль жолдарының тығыздығы, км/км2;

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының тығыздығы, км/км2;

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тығыздығы, км/км2;

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының тығыздығы, км/км2;

Магистральды темір жолдарының тығыздығы, км/км2;

Магистральды құбыр көлігі (мұнай құбыры, газ құбыры, азық құбыры), км;

Магистральды мұнай құбырының тығыздығы, км/км2;

Газ құбырының тығыздығы, км/км2;

Азық құбырының тығыздығы, км/км2.

26. Бас схеманы әзірлеу үшін аумақты пайдаланудың арнайы көрсеткіштері қалалық ортаның, реттелетін урбандаудың және Қазақстан Республикасының аумағын дамытудың сапасын арттыру басымдықтарын белгілеу мақсатында олардың бөлінісі үшін факторлық негіздемелерді анықтайды.

Урбандауды реттеу мақсаттары үшін аумақтың бөлінісін қалыптастыратын көрсеткіштер:

елді мекендердегі тұрғын үй секторы мен коммуналдық қызмет көрсету жүйесіне нормативтен тыс жүктеме деңгейі;

көліктік қонысішілік және қонысаралық қызмет көрсету жүйелеріне нормативтен тыс жүктеме деңгейі;

заңсыз жеке тұрғын үй құрылысының таралу деңгейі ;

әлеуметтік қызмет көрсету жүйелеріне нормативтен тыс жүктеме деңгейі.

Қалалық орта сапасының деңгейі бойынша аумақтың бөлінісін қалыптастыратын көрсеткіштер:

қалаларда қоғамдық кеңістіктердің қол жетімділік деңгейі;

базалық әлеуметтік қызметтер желісінің даму деңгейі;

орта, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім беру жүйесінің және қайта даярлау мен кадрлар біліктілігін арттыру жүйесінің даму деңгейі;

қалалық қоғамдық көлік жүйесінің даму деңгейі;

базалық қызметтердің жаяу қол жетімділік деңгейі;

климаттық жайлылық деңгейі;

халықтың әлеуметтік ынтымақтастығының деңгейі;

мәдени және рухани игіліктерге қол жетімділік деңгейі;

тұрғын үйдің жайлылық деңгейі;

қоғамдық және жеке меншік тұрғын үй қорының тозу деңгейі;

қалалық коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі;

қалалық қоғамдық көліктің даму деңгейі;

базалық медицин жүйесіне қол жетімділік деңгейі;

жоғары технологиялық медицинаның даму деңгейі;

экологиялық мониторинг жүйесінің даму деңгейі (атмосфералық ауаның, ауыз судың және т.с.с. сапасы);

қалалық ортаның табиғи және техногендік қолайсыз әсерлерден қорғаныс деңгейі.

Аумақтың даму деңгейі бойынша аумақтың бөлінісін қалыптастыратын көрсеткіштер.

 

27. Жердің болуы және оларды санаттар бойынша бөлу жөніндегі картографиялық материалдар:

Ауыл шаруашылық жерлері;

Елді мекендердің жерлері;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылық маңызы жоқ жерлері;

Ерекше қорғалатын аумақтардың, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлері;

Орман қорының жерлері;

Су қорының жерлері;

Қордағы жерлер;

Ғарыштық кешеннің жерлері;

Полигондардың және жұқтыру ошақтарының жерлері;

Жаратылыс табиғи ландшафтар (құмдар, ақ сортаң, батпақ, өзендер, көлдер, арналар, жыралар, таулар).

 








Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1342;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.029 сек.