Зерттеу негізінде мақсатын қою
1. Студенттердің оқу−зерттеу жұмысынының (СОЗЖ) мақсаты мен міндеті
2. СОЗЖ ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі принциптері
1. СОЗЖ мақсаты әрбір студентке ғылыми зерттеуді өз бетінше орындауға, білімін тереңдетуге және ойлау деңгейін кеңейтуге үйрету.
СОЗЖ міндеті:
1) Мамандық бойынша оқу материалын творчествалық түсіну және оқуды тереңдету;
2) білімді жетілдіру білу және талап ету тәрбиесі;
3)Техникалық және актуальді ғылыми тапсырманы шешуге жинақталу;
4)Іс−тәжірибелік ғылыми техникалық сұрақтарды шешу кезінде, жұмысты жүргізу кезінде, жұмысты ұйымдастыру әдісін үйрену, ғылыми коллективті жұмысты меңгеру;
5)Студенттер ғылыми жұмыстың әдістерін меңгеру.
Студент СОЗЖ-ны жұмысын орындау кезінде мыналарды меңгереді:
1. Теориялық және іс−тәжірибелік білімін тереңдетеді және беріктендіреді, кеңейтеді, жүйелендіреді. Нақты ғылыми және өндірістік тапсырмаларды шешу кезінде бұл білімдерін пайдалануды үйренеді;
2. Ғылыми, патенттік әдебиеттермен жұмысын жетілдіреді;
3. Ғылыми зерттеу әдістемесі бойынша алған білімін тереңдетеді;
4. Жұмысты орындау және әдебиетпен материалды жан−жаққа меңгере білу, қажетті іс−тәжірибелік және теориялық қорытынды жасау.
2. СОЗЖ ұйымдастыру онымен жоспарлаудың негізгі принциптері студентттер ғылыми жұмыстың әдісімен барлық формаларын комплексті пайдалану болып табылады: тақырыпты әдебиетпен өңдеу, іс−тәжірибелік қондырғыларды дайындау және жинау, зертханалық зерттеуді жүргізу, СОЗЖ нәтижелерін студенттің ғылыми техникалық конфеенцияларына мақала дайындау және оны жариялау, плакаттар, макеттер, қондырғылар, технологиялық тәсілдерді және тағы басқаларды дайындау.
СОЗЖ жоспарлау кезінде оқудың қандай түрі сабақтың жалпы білім жүйесі болатыны және оқу аудиториялық жұмыстың барлық формалары, сонымен қатар курстық және дипломдық жұмыстарға ену мүмкіндігі ескеріледі. Әдістемелік сұрақты жоспарлау, ұйымдастыру және СОЗЖ жүргізуді кафедра мәжілісінде қарап бекітеді.
СОЗЖ және жеке жоспары келесі этап бойынша қажет: аралық бақылау және оларды орындаудың соңғы мерзімі, есеп беру форматы барлық берілгендер бойынша студенттермен тиесілі жұмыс түрлерінің орындалуы қарастырылуы қажет, олар мыналар:
1. Әдебиетпен жұмыс істеу әдісін меңгеру;
2. Әдебиетке шолуды жасау;
3. Мамандыққа байланысты сұрақтар және СОЗЖ тақырыбы бойынша реферат жазу;
4. Патентке ізденіс және патентке шолу жасау;
5. СОЗЖ бойынша есеп жазу;
6. Студенттік конференцияның баяндамасына дайындық;
7. Курстық және дипломдық жұмысты зерттеу бөлімдерін қайта қарау;
8. Теориялық және эксперименттік жоспар бойынша өндірістің іс−тәжірибелік уақытында жеке зерттеу жүргізу;
9. Кафедрада жасалған зертханалық жұмыс және жұмыстың басқа да түрлеріне қатысу.
Лекция №5
Дата добавления: 2015-11-10; просмотров: 5056;