Кардиологиялық ульрадыбыстық зерттеу

Жүректі зерттеуде (кардиологиялық датчиктер) орташа фокустық, 3 немесе 3,5 МГц секторлық датчиктері қолданылады. 5 МГц датчиктерде ультрадыбыстың ену тереңдігі аз болғандықтан, кардиологияда шектелген масштабты түсіруде, әсіресе балаларды зерттеуде қолданады.

Қазіргі сканерлердің ультрадыбысты кескіннің бір кадрын ғана есте сақтауға мұмкіндігі бар. Жүректі көру және кескіндеу кезінде жүректің жиырылу сәтіндегі белгілі бір кезеңді ғана (диастола, систола) суретке түсіру қажетігі туындайды. Сондықтан кардиологиялық зерттеулерге арналған УДЗ құралында, ультрадыбыстық кескінді электрокардиограммалармен(ЭКГ) үйлестіретін синхронизациялаушы бөлік болады. УДЗ курсорының көмегімен ЭКГ-да жүрек жиырылуы кезіндегі қажетті кезеңді таңдауға және кардиограмманың таңдалған кезеңін ультрадыбысты кескінде тоқтатып түсіруге болады. Мұндай бөлік физиологиялық сигналды көрсету бөлігі деп аталады. Кардиограмма мониторында көрсету бөлігінен басқа синхронизация бөлігі бар. Бұл бөлік УДЗ экранында жүректің фонын, пульстік толқынды көрсетеді. Сондықтан блоктардан тұратын электродтардан бөлек жүрек фонының микрофонын, пульстік толқынның датчигін қоюға болады.

SSD-500, SSD-630, SSD-650 сканерлерінде абдоминальді конвексті кардиологиялық датчиктер қолданылады. Олар ультрадыбыспен қабырғааралық мөлдір кеңістіктен жұректі кескіндеуді жұргізуге мұмкіндік береді.

Арнайы кардиологиялық зерттеулер жүргізу ұшін “Алока” фирмасы 5 және 7,5 МГц эзофагиналді конвексті датчиктер жасап шығарды. Бұл датчиктер ас қорыту жүйесі арқылы жүрекке жақын келіп, жиілігі 5 немесе 7,5 МГц ультрадыбыспен үлкен аймақты тұсіре алады.

Кардиологиялық зерттеулерде кейде М-режимі қолданылады. БҰл режимде кескіндеу жоқ. Датчиктен шыққан ультрадыбыс сәулелері тұзу сызық бойымен таралады да, Ұлпа тығыздығы өзгерген шекарадан шағылады (яғни мұше бетінен, жаңа пайда болған нәрседен).

Шығылған сәулені датчик қабылдайды да, монитор экранында жарық нұкте тұрінде көрінеді. Ультрадыбыспен ұздіксіз сәулелендіргенде экранда жұрек Ұлпаларының шекарасына сәйкес келетін бірнеше жарық қисықтар көрінеді.








Дата добавления: 2015-09-25; просмотров: 2327;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.